Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.

19 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы Буындардың құрылысы.

Мақсаты: Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын, қаңқадағы әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру.
а) білімділік: тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық – физиологиялық түсініктерді қалыптастыру қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру
ә) дамытушылық: Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.
б) тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге үйрету санитарлық – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Пән аралық байланыс: Жануартану
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ, жауап, баяндау, тірек сызба

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Білімді тексеру кезеңі.
4. Мақсат қою кезеңі.
5. Материалды түсіндіру кезеңі.
6. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
7. Бекіту кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Жоспары:
1Тірек - қимыл жүйесінің маңызын?
2Адам қаңқасының бөлімдерін?
3Сүйектердің байланысын және буындардың құрылысын орналасуы мен қызметі қандай?
Жаңа материлды оқыту
Қимыл – қозғалыс - бұл өмір Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат солай шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әр түрлі қимыл жасап, еңкейіп тік жүреміз Мұның барлығын сүйек - бұлшықет жүйесі немесе тірек – қимыл ақпаратты қамтамасыз етеді. Барлық тірі ағзаларға тән қасиет – қимыл қозғалыс. Қимыл – қозғалыс дененің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы зор.
Қимыл - қозғалыссыз адамның еңбек етуі мүмкін емес. Дененің қимыл – қозғалысы сүйектерге бекінген бұлшық еттердің жиырылып – созылуына байланысты. Тірек – қимыл жүйесі денеге таяныш болып, оны қимыл - қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Қаңқа және бұлшықет адамның тірек құрылымы мен қимыл – қозғалыс мүшелері болып табылады. Бұлардан құралған тірек – қимыл жүйесі адамның тік жүріп, түрлі еңбектермен шұғылдануына мүмкіндік туғызады. Адамның иық белдеулерінің эволюция тұрғысында дамуы, олардың жүруге қатыспауы, оның есесіне дене еңбегі түрлерінің дамуы, ой еңбегінің өрлеуіне үлкен қозғалтқыш күш болып, әсерін тигізеді. Тірек - қимыл жүйесі бұдан басқа тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.

Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. жүктеу
2 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
The essence and structure of muscles. Бұлшықет
The essence and structure of muscles. Бұлшықет
Бұлшықеттер адам организміндегі әртүрлі қозғалысты қамтамасыз ететін тірек - қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықет қимыл - қозғалыс және дене тепе - теңдігін сақтауға көмектеседі.
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Бұлшықеттердің маңызы және құрылысы
Бұлшықеттердің маңызы және құрылысы
Адамның тірек - қимыл мүшелер жүйесінің маңызды бөлігі бұлшықеттердің топтары мен құрылысын білу
Бұлшық ет, оның типтері, құрлысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрлысы және маңызы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бұлшық еттің адам денесіндегі түрлері, олардың құрлысы, қызметі туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға, мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу, топпен жұмыс жасауды жалғастыру.
Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы
Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
«Тірек - қимыл жүйесі» тарауын қайталау
«Тірек - қимыл жүйесі» тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәні мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×