Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (59 - вариант)

22 маусым 2018, Жұма
Категориясы: Биология
59 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Тісті үнемі таза ұстау мына аурудың алдын алу:
A) Гастрит.
B) Дизентерия (қантышқақ).
C) Тырысқақ.
D) Іш сүзегі.
E) Кариес.
2. Аяқсыз қосмекенді:
A) Тарғыл бақа.
B) Сақиналы құртжылан.
C) Жасыл құрбақа.
D) Саламандра.
E) Кәдімгі бақбақыл.
3. Итжидек, сасық меңдуана, қара алқаны өсіреді:
A) Тағамдық мақсатта
B) Мал азығы үшін
C) Сәндік үшін
D) Жұпар иісі үшін
E) Дәрілік мақсатта
4. Топырықта... жетіспеуінен жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемейді.
A) калийдің
B) магнийдің
C) кальцийдің
D) азоттың
E) фосфордың
5. Хош иісті:
A) Тұқым.
B) Күлте.
C) Гүлтабан.
D) Тостағанша.
E) Гүлсағақ.
6. Өкпенің сыртқы қабатының атауы:
A) көпіршіктер
B) сероз
C) плевра (сіріқауыз)
D) кедір - бұдыр қабықша
E) түтіншелер
7. Халықаралық Адам және биосфера бағдарламасына қатысушы мемлекеттер -
A) Микроқорықтар ұйымдастырады.
B) Кәдімгі қорықтар ұйымдастырады.
C) Қорықшалар ұйымдастырады.
D) Биосфералық қорықтар ұйымдастырады.
E) Табиғат ескертқіштерін ұйымдастырады.
8. Тоқтау суларда тіршілік ететін жылқы қылына ұқсас жұмыр құрт:
A) суыртқы
B) ішексорғы
C) сиыр цепені
D) қылқұрт
E) үшкірқұрт
9. Сүйек түзілетін ұлпа:
A) көлденең жолақты бұлшықет
B) дәнекер
C) бірыңғай салалы бұлшықет
D) эпителий
E) жүйке
10. Ағзаның өсуін реттейтін гормонды бөлетін без:
A) Гипофиз.
B) Ұйқы.
C) Сілекей.
D) Бауыр.
E) Бүйрек үсті.
11. Еуропеоидтық нәсілге жататын түпкілікті тұрғындардың отаны -
A) Аустралия.
B) Африка.
C) Индонезия.
D) Шығыс Азия.
E) Еуропа.
12. Сыртынан қарағанда жасырын қалатын белгінің аталуы:
A) Альтернативті.
B) Доминантты.
C) Рецессивті.
D) Гетерозиготалы.
E) Гомозиготалы.
13. Бас ми бағанының құрамына кірмейтін:
A) ортаңғы ми
B) сопақша ми
C) ми көпіршесі
D) үлкен ми сыңарлары
E) аралық ми
14. Өлген ағзаларды қарашірікке айналдыратын бактериялар:
A) ашыту
B) топырақ
C) шіріту
D) сүт
E) көк жасыл
15. Ортаңғы құлақтың бөлімдері
A) сүйек лабиринті.
B) дыбыс сүйекшелер.
C) жарғақша лабиринті.
D) доға қуысы.
E) иірім түтік.
16. Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдік:
A) Долана.
B) Тұңғиық.
C) Шоңайна.
D) Терек.
E) Бөрібұршақ.
17. Шалғындықта өсетін өсімдік:
A) Қамыс.
B) Арамқұлақ.
C) Қияқөлең (осока).
D) Қоңыраугүл.
E) Қоға.
18. Риф дегеніміз:
A) Су астында пайда болатын маржанды жартас.
B) Гидра қаңқасы.
C) Полиптердің судағы әктенген бұтақтары.
D) Тамырауыз медузаның судағы әктенген бұтақтары.
E) Медуза қаңқасы.
19. Эритроциттердің бұзылуы:
A) бүйректе
B) қан жүйесінде
C) көк бауырда, бауырда
D) лимфа түйінінде
E) жілік кемігінде
20. Мальпигий тамырлары бұлар:
A) асқорыту жүйесі
B) жұтқыншақ үсті сақинасы
C) қантамырлар жүйесі
D) түтікше тәрізді жүрекше
E) зәр шығару мүшесі
21. Органикалық заттарды ыдырататын ферменттерінің органоиды:
A) Лизосома.
B) Хромопласт.
C) Хлоропласт.
D) Митохондрия.
E) Лейкопласт.
22. Энергия көзінің түзілуі:
A) Минералдық заттардың жинақталуынан.
B) Органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуынан.
C) Тек органикалық заттардың тотығуынан.
D) Қоректік заттардан.
E) Тек органикалық заттардың ыдырауынан.
23. Адамдарда болатын рудименттік мүшелер:
A) Құйрықты адам.
B) Көпемшекті.
C) Соқырішегі.
D) Денесіндегі қалың түгі.
E) Сойдақ тістерінің болуы.
24. Бауда өсетін дақылдардың зиянкесі:
A) Айқұлақ.
B) Кальмар.
C) Жалаңаш шырыш.
D) Ұлу.
E) Сегізаяқ.
25. Мейоз дегеніміз:
A) пісіп жетілу аймағындағы жыныс жасушасының бөлінуі
B) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа ағзаның дамуы
C) жасушаның тікелей бөлінуі
D) жыныс жасушаларының қосылуы
E) көбею аймағындағы жасушаның бөліну кезеңі
26. Қанда адреналиннің көбеюі жылудың түзілуін:
A) Тоқтатады.
B) Баяулатады.
C) Қалпына келтіреді.
D) Күшейтеді.
E) Жылу берілуін теңестіреді.
27. Күріштің, қант қамысы, көптеген көкөніс дақылдарының отаны:
A) Абиссиния орталығы.
B) Орталық Америка орталығы.
C) Жерорта теңізі орталығы.
D) Шығыс Азия орталығы.
E) Оңтүстік Азияның тропиктік орталығы.
28. Агроценоздың биогеоценоздан айырмашылықтары -
A) Барлық элементтердің топыраққа қосылуы.
B) Қосымша энергия жұмсауы.
C) Экожүйелердің өзін - өзі реттеуі.
D) Күн энергиясын пайдалануы.
E) Табиғи сұрыпталудың тұрақты қалыптасуы.
29. Түрлер арасында қоректері біркелкі болған жағдайда туындайтын:
A) Тіршілік үшін күрес.
B) Селбесу.
C) Жыртқыштық.
D) Паразиттік.
E) Арамтамақтық.
30. Қырықбуыннан көктемде дамитыны -
A) Масақшасы бар қоңыр өркендер.
B) Тамырсабақ.
C) Сабақ.
D) Жасыл өркендер.
E) Қосалқы тамырлар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (56 - вариант)
Тест биология (56 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (50 - вариант)
Тест биология (50 - вариант)
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология (32 - вариант)
Тест биология (32 - вариант)
Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік: A) Итмұрын. B) Пеларгония. C) Бидайық. D) Қойбүлдірген. E) Ақжелкен.
Тест биология (23 - вариант)
Тест биология (23 - вариант)
Сүйекті құрғақ жемісті өсімдік: A) Қызан. B) Көкнәр. C) Грек жаңғағы. D) Бидай. E) Тұшала.
Тест биология (16 - вариант)
Тест биология (16 - вариант)
Гүлден дамиды: A) Тұқым пен тостағанша жапырақша B) Күлте жапырақша мен гүлсағақ C) Жеміс пен тұқым D) Аталық пен күлте жапырақша E) Аналық пен тостаған жапырақша
Тест биология (10 - вариант)
Тест биология (10 - вариант)
2. Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры: A) Кіндік B) Негізгі C) Қосалқы D) Жанама E) Шашақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×