Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұқым және жеміс

08 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктің өсуі - өнуі, жетіліп жеміске айналуы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл – ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Топтастыру, салыстыру, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Тұқым, жемістердің суреттері, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ,.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз. 1 - слайд
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. (Алма, Алмұрт, Жүзім, Өрік).
1 - топ Алма. 2 - топ Алмұрт. 3 - топ Жүзім. 4 - топ Өрік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Күн мен түн»ойыны.
Жапырақтарға сұрақтар жасырылады арқылы өтілген тақырыпты қайталау.
1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?
3. Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?(хлорофилл)
4. Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді? Күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофилл деп аталатын зат пайда болады. Ол жапыраққа жасыл түс береді.
5. Жапырақ неге сарғаяды?
6. Жерге түскен жапырақтың, қураған шөптердің қандай пайдасы бар?
7. Өсімдік не арқылы тыныс алады?
8. Қандай өсімдіктердің жапырақтары жыл бойы жасыл түсте болады?
Жапырақтарды топыраққа көму. 2 - слайд

ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақтар шешу.
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп - өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым) 3 - слайд
Интерактивті тақтадан тұқымдарды көрсету, олардың аттарын атату.
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Жемістерді көрсету. 4 - слайд
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз. Жемістердің қалай өсіп өнетінін, бірінші тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, сосын жеміс беретінін ашып көрсету. 5 - слайд
- Алдымен не көрінеді?(Тамыр)
- Ол өсіп қайда бекиді?(топырақта)
- Содан кейін не пайда болады?
- Сабақ пайда болады, содан біртіндеп жапырақ және гүл шығады. Гүл ашылғаннан кейін күлтелері түседі. Гүлдің орнына жеміс пайда болады.
- Қандай жеміс түрлерін білесіңдер?(оқушыларға атату)
Жемістер құрғақ шырынды болып екіге бөлінеді. 6 - слайд
Шырынды жемістерге - өрік, шие, жүзім, қияр, қарбыз, алма, т. б жатады.
Құрғай жемістерге - бидай, жүгері, жаңғақ, бұршақ, күріш, тары, т. б. жатады.
7 - слайд
Енді осы жемістердің ішіндегі тұқымдарда екіге бөлінеді: сүйекті және жұмсақ болып.
Сүйекті тұқымдарға - өрік, алхоры, шие
Жұмсақ тұқымдарға - қызанақ, қияр, құлпынай жатады. 8 - слайд
Көптеген өсімдіктердің тұқымын адамдар екпейді. Олар жел, жануарлар, су арқылы тарайды. Шырша мен қарағайдың бүрін тиін жинап, қысқа қор дайындайды. Ол қыста жасырып қойған түгендей таба алмайды. Көктемде сол желінбей қалған бүрлер өне бастайды. 9 - слайд

ІV. Оқулықпен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу.«Бақша»10 - слайд
1. Көк лағым көгенде тұрып семірген. 5. Пішіні бар домалақ
2. Байлауда ақтап сенімді, Көміп қойдым сығалап,
Сары қозым семірді. Жақсы болса тұрмысы,
3. Аласа ғана бойы бар, Шығады екен сығалап.
Қырық қабат тоны бар. Бес ай таман біткенде,
4. Айт десе жүгірмес, Қаптап алдым құмалақ.
Су тисе сілкінбес.
Мәтінді бөлікке бөліп оқыту.
- Табиғатты қорғау туралы қандай ақыл кеңестер білесіңдер?

V. Шығармашылық тапсырма. Жемістерді жегізіп, дәмі арқылы жемістің атын атау.
Әр топ сол жеміске сипаттау мәтінін жазу.

VІ. Ойын ойнау.«Кім алғыр» Есте сақтау қабілеттерін байқау
VІІ. Сабақты бекіту: Ия, жоқ арқылы жауаптар алу.
1. Жеміс жапырақтан жетіледі.( Гүл түйінінен)
2. Тұқым екіге бөлінеді.
3. Қиярдың тұқымы сүйекті болады.(Жұмсақ болады)
4. Жемістер үшке бөлінеді.(Екіге бөлінеді)
5. Қауын шырынды жеміс.
6. Өсімдіктер тұқымдары арқылы таралады.
7. Тамыр сабақта бекиді.(Топырақта бекиді)
9. Өсімдіктердің тұқымы желмен тарамайды.(желмен тарайды)
10. Қызанақ ағашта өседі.(жоқ)
11. Түйе шөлге шыдамсыз.(шыдамды)
12. Су - иіссіз, дәмсіз.(ия)

VІІІ. Сабақты қорыту.
Венн диаграммасы арқылы сабақты қорыту.
ІХ. Бағалау.
Ал енді балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Үйге тапсырма: Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, зерттеп келу.
«Тұқым және жеміс» мәтінін оқу, әңгімелеу.
2 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Тірі және өлі табиғат
Тірі және өлі табиғат
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Далабаева Гүлжихан
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
ШҚО, Семей қаласы «№ 30 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм Бастауыш сынып мұғалімі Нұртазина Эльмира Гусмаулемқызы Дүниетану 2 сынып Тақырыбы: Тұқым және жеміс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×