Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұқым және жеміс

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктің өсуі - өнуі, жетіліп жеміске айналуы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл – ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Топтастыру, салыстыру, 5 жолды өлең, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, Интербелсенді тақта. Электронды оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу. (3 минут).
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
Біз әдемі, көрікті,
Біз ақылды, әдепті.
Біз зейінді зерекпіз.

Әр топқа сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қайталау.
1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушылар үш топқа бөлінеді. (Алма, Алмұрт, Жүзім).
Оқушылар қолдарындағы суреттермен топқа жиналады. Спикер тағайындайды.
1 - топ Алма. 2 - топ Алмұрт. 3 - топ Жүзім.
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу. (Слайд№1) (5минут)
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп - өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
Топпен жұмыс: (10 - 15 минут)
Мәтінді әр топ мүшелеріне бөліктерге бөліп беру.
Әр топ мүшесі оқиды, топта талқылайды, Спикер түсінгенін айтып беруі тиіс.
Сұрақтар әр топқа: Слайдпен көрсетіледі.
1. Жеміс неден жетіледі? ( Гүл түйінінен)
2. Тұқым нешеге бөлінеді? (2 - ге бөлінеді Құрғақ және шырынды)
3. Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
( Алма, қауын, қарбыз, қияр)

VІ. Электронды оқулықпен жұмыс:
Тапсырмадар орындау.
1. Шырынды жемісті құмыраға және құрғақ тұқымды себетке салу.
2. Жел арқылы таралатын өсімдіктерді ажырату, белгілеу.
VІІ. Сабақты бекіту: Әр топ өз топ атауына 5 жол өлең құрастыру.
3. Зат есім.
4. Екі сын есім
5. Үш етістік
6. Сөйлем.
7. Бір ой.
Жеке, Топта, Әр топ 5 жол өлең құрастырып жазады.
5 жол өлеңді Спикерлер оқып береді.
Қошеметтеу. Мадақтап, уәж айту.
Бағалау: Топтың спикерлері топ мүшелерін ауызша бағалайды.
Ал енді балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ендеше алдарыңдағы смайликтермен бағалайық. (Оқушылар смайликтерін көтеріп көрсетеді)
Үйге тапсырма: Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, зерттеп келу.
«Тұқым және жеміс» мәтінін оқу, әңгімелеу.
10 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл – ойын, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Далабаева Гүлжихан
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×