Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ішкі және сыртқы факторлар

13 қаңтар 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар
5 - бөлім. Заттар тасымалы
Мектеп:
Күні:Мұғалімнің есімі:
Сынып: 9Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:§14. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері
№4 зертханалық жұмыс. «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды: су буының температурасы, ылғалдылығы және қысымы, транспирация үдерісіне ауа қозғалысының әсері»
№5 зертханалық жұмыс. «Ішкі факторларды зерттеу: транспирация үдерісіне әсері буланатын бет ауданы және осы беттің өсімдік көлеміне
(сірқабық, лептесік) қатынасы»
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
(мақсаттары)
1. өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру
2. ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу

Барлық оқушылар:
·Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады. Транспирация ұғымына анықтама береді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Транспирацияға әсер ететін сыртқы, ішкі факторларды талдайды.
  • №4 зертханалық жұмыс арқылы транспирация үдерісіне әсер ететін сыртқы факторларды зерттейді: су буының температурасы, ылғалдылығы және қысымы, транспирация үдерісіне ауа қозғалысының әсерін зерделейді.
  • №5 зертханалық жұмыс арқылы транспирация үдерісіне әсер ететін ішкі факторларды зерттейді: транспирация үдерісіне әсері буланатын бет ауданы және осы беттің өсімдік көлеміне (сірқабық, лептесік) қатынасын анықтайды.
Зерттеулердің қорытындысын шығарады.
Кейбір оқушылар:
Транспирация қызметінің өсімдік өміріндегі маңызына баға береді
Сабақтың құндылығы«Мәңгілік Ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият
Бағалау критерийлері
  • Мәтіндегі терминдердің мәнін ашады
  • Транспирация ұғымының мәнін ашады, анықтамасын айтады
  • Транспирацияға әсер ететін факторларды талдайды
  • №4 зертханалық жұмыс арқылы транспирацияға әсер ететін сыртқы факторларды: су буының температурасы, ылғалдылығы және қысымы, транспирация үдерісіне ауа қозғалысының әсерлерін анықтайды
  • Бақылау нәтижесін қорытындылайды, кесте толтырады
  • №5 зертханалық жұмыс арқылы транспирацияға әсер ететін ішкі факторларды: буланатын бет ауданы және осы беттің өсімдік көлеміне (сірқабық, лептесік) қатынасын зерттейді
  • бақылаудың қорытындысын шығарады
  • Транспирацияға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар өзара қалай байланысатынын нақтылайды
  • Өсімдіктің өміріндегі транспирацияның маңызына баға береді
АКТ дағдыларыСандық білім ресурстарын іздеу, қолдану
https://bilimland. kz/ru
Тілдік мақсат·Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару
(мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)






 

Негізгі сөздер мен тіркестер:
Транспирация, ксилема, лептесік
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Өсімдік ылғалын қай кезде көп жоғалтатынын талдаңдар: шамалы жел бар құрғақ ауа
райында ма, әлде күшті жел тұрып, жаңбыр жауған кезде ме?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен құрғақ жерде өсетін көптеген өсімдіктердің жапырақтары едәуір ашық,
ақшыл түсті болады?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Терминдердің аудармасын дәптерге түсіру.
Транспирация – transpiration Ксилема – xylem
Лептесік – stomata
Алдыңғы оқуВЕНН диаграммасы
Енжар тасымал мен белсенді тасымалды салыстыру
Жоспар

Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен
қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
БасталуыҰйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Жақсы тілек – жарым ырыс» Тілектер шашуы.
-   топ мүшелерінің басқа топ мүшелеріне тілектері;,
-   қарама-қарсы отырған оқушыға;
-   өзіне;
-   мұғалімге.
Топтарға бөлу. «Түрлі түстер»
Оқушыларға түрлі түстерден тұратын карточкалар тарату арқылы
«Тұлпарлар», «Дүлдүлдер» топтарына бөлінеді. Топ ережесі еске түсіріледі.
ОртасыІ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап іздейді.
«Жіңішке және жуан сұрақтар кестесі» стратегиясы
Оқулық

Жіңішке сұрақтарЖуан сұрақтар
Транспирация дегеніміз не?Тарнспирацияға өсімдіктің қай
мүшесі қатысады, неліктен?
Транспирацияға әсер ететінОсы факторлардың ішінде



ішкі факторлар қандай?қатты әсер етеді деген бір факторды атай аласың ба, неге
осындай тұжырым жасадың?


Транспирацияға әсер ететін сыртқы факторлар қандай?Осы фактордың ішінен негізгі факторды атай аласың ба?
Неге?
Лептесік дегеніміз не?Лептесіктердің саны мен
беттік көлемі булануға қалай әсер етеді, мысалмен дәлелде.
Транспирация қайда жүреді?Ылғал жерде, құрғақ жерде өсетін өсімдіктерді қалай
ажырата аласың?
Дескрипторлар:
-   Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды.
-   Транспирация ұғымының мәнін ашады.
-   Транспирацияға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талдайды.
-   Сұрақтарға нақты, дұрыс жауап береді.
ІІ. Жеке жұмыс.
№4 зертханалық жұмыс. «Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу»
№5 зертханалық жұмыс. «Ішкі факторларды зерттеу: буландыратын беттің ауаны және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (сірқабық пен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері».
Жұмыс нұсқауы.
  1. Тұрғыға құтыны жапырақты ішіне алдын ала түтікше тәрізді орап, салуға болатындай етіп орналастырыңдар.
  2. Құтының ішіне әрбір өсімдіктің 1 жапырағын зақымдамай салыңдар.
  3. Құтының аузы мен қалемше арасындағы кеңістікті мақта тығынмен жауып, ермексазбен желімдеңдер немесе әрбір өсімдіктің жапырақ тақтасының астыңғы қабатына мыс сульфатын себіңдер.
  4. Өсімдікті әртүрлі жағдайға: қыздырғыш пен желдеткіш астына, су толтырылған аквариумға салыңдар. Бірақ зерттелетін жапырақты су бетінде; салқындатылған ауасы бар камераға және бір бақылау өсімдігін кәдімгі жағдайда қалдырыңдар.
  5. Бақылап, қорытындысын жазыңдар.
  6. 6 шыны цилиндрге су құйыңдар.
  7. Шыны цилиндрдегі суға қалемшені құмыраға гүл салғандай орналастырыңдар. 6 цилиндрдегі су мөлшері бірдей болу керек.
  8. Шыны цилиндрдің бетіндегі суға май құямыз.
  9. Қалемшелері бар цилиндрлерді әртүрлі жағдайға: қыздырғыш, желдеткіш астына; пульверизатор арқылы ылғалдылығын арттырып, буланбау үшін қақпақпен жауып, аквариумға; салқындатылған ауасы бар камераға; бір бақылау өсімдігін кәдімгі жағдайда қойыңдар.
  10. Бақылау нәтижесін кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
  11. Толтырылатын кесте үлгісі.

ЖағдайларБақылауҚыздыр- ғыш
астында
Желдеткіш астындаСуық камерадаАквариумда
Не бақылай-
мыз?




























Дескрипторлар:
-   Зертханалық жұмыстарды нұсқаулықпен орындайды.
-   Зертханалық жұмыстың қорытындысын шығарады.
-Дәптерге кесте толтырады.
Аяқталу«Шынжыр» стратегиясы.
Мәтіннен түйген ойларын сөзбен жеткізеді. Әр топ оқушысы бір–бір сөйлемнен айтып, қолдарын ұстап шынжыр құрады. Шынжырдың үзілген жерін топ мүшелері жалғайды.
Дескрипторлар:
-Мәтіндегі негізгі ойды түйіндейді.
-Зертханалық жұмыстың қорытынды тұжырымдамасы айтылады.

Қосымша ақпарат
Өсімдіктегі судың булануы екі жолмен:
  1. Тыныс саңылауы (тыныс саңылаулық транспирация).
  2. Кутикула (кутикулалық транспирация) арқылы жүзеге асады.
Тыныс     саңылаулық  транспирация  ашық     жағдайда  су  булануымен     қатар,   көмірқышқыл   газы сіңіріліп, фотосинтез процесі де тиімді жүреді. Оттектің бөлінуіне қолайлы жағдай туады. Бұл кезде кутикулалық транспирацияның үлес салмағы төмен болады да, керісінше, тыныс саңылаулары жабық жағдайда оның шамасы арта түседі. Мұндай жағдай транспирация мен фотосинтез процесінің арасында байланыс бар екенін көрсетеді. Транспирация барысында өсімдікте мүшеаралық байланыс қамтамасыз етіледі, заттардың тасымалы жүзеге асып, жалпы организмдегі температура белгілі деңгейде реттеледі. Транспирация қарқыны тәулік мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Көптеген өсімдіктерде транспирация қарқыны түске дейін артып, шаңқай түс кезінде төмендейді де, кешке қарай қайтадан жоғарылайды. Бұл өсімдіктердің суды тиімді пайдалануы және құрғақшылыққа төтеп беру, яғни қолайсыз ортаға бейімделуі болып табылады.
Транспирация процесін сипаттайтын және оның тіршіліктегі физиологиялық маңызын анықтайтын көрсеткіштерге:
  • Транспирация қарқындылығы.
  • Транспирация өнімділігі.
  • Транспирациялық коэффициент жатады.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Төменде берілген суретті түсіндіріп беріңдер.
Қабілеті жоғары оқушы: Транспирация қызметінің өсімдік үшін маңызына баға беріңдер:
Транспирация – Транспирация – Транспирация – Мысалы:
Транспирация – өсімдікті қызып кетуден сақтайды.
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс













Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?


Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
  1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
  2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау
29 395
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің конфигурациясы
Компьютердің конфигурациясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9. 1. 1. 1. мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Дербес компьютердің түрлері мен негізгі құрылымдарын білу. Оқушылардың басым бөлігі: Дербес
Флоэма бойынша зат тасымалына сыртқы факторлардың әсері
Флоэма бойынша зат тасымалына сыртқы факторлардың әсері
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 9.1.3.4 сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу
Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты
Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты
Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рольі қандай?
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі.
тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау; анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
Математикадан 7 - сыныпқа арналған жылдық тест
Математикадан 7 - сыныпқа арналған жылдық тест
Егер үшбұрыштың бір бұрышы 28°- қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 110 - ға тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×