Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таза заттар және қоспалар

05 желтоқсан 2020, Сенбі
Категориясы: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5. 2А Заттар және материалдар
Мектеп: 
Күні:Мұғалімнің аты - жөні
Сынып: 5
Пән: Жаратылыстану
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны: 
Сабақ тақырыбы
Таза заттар және қоспалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)5. 3. 2. 1 - қоспалар мен таза заттарды ажырату
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар:
  • Таза зат, қоспа ұғымын біледі, түсінеді
Көптеген оқушылар:
  • таза заттар мен қоспаларға мысалдар келтіре алады
Кейбір оқушылар:
. Таза зат пен қоспаны бір - бірінен ажырата алады.
Бағалау критерийлері - Таза зат пен қоспаның анықтамасын және айырмашылықтарын біледі.
- Қоспаның құрамындағы заттарды ажырата алады.
 Тілдік мақсат:Негізгі сөздер мен тіркестер:
элемент, қосылыс, қоспа, атомдар, ажырату, дәлел, араластыру
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Зат - материал - material
Қоспа - смесь - blend
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығына сәйкес оқушыларда білім алу, денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру
Пәнаралық байланысФизика, химия
Алдыңғы оқуЖаратылыстану 4 - сынып
Сабақ барысы 
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3мин
5мин
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу үшін шаттық шеңберіне жиналады. Бір - біріне «Жүректен - жүрекке»әдісі арқылы жылы лебіздерін айтып, сәттілік тілейді.
Топтастыру
Әр түсті жүрек қиықшалары арқылы үш топқа бөлінеді
Қызыл түсті жүрекше - Өте ерекше сұрақты көп қоятын, ойларын еркін айтатын ерекше жандар
Сары түсті жүрекше - Бейбітшілікті жеңуді жақтайтын ақжарқын жандар
Жасыл түсті жүрекше - Қиялға бай шығармашыл, жанашыр жандар
І топ. «Элемент»
ІІ топ. «Таза зат»
ІІІ топ. «Қоспа»
  1. Үй тапсырмасын сұрау. Жеке жұмыс «Қаламсап» әдісі.
1. Құбылыстар химиялық және физикалық болып бөлінеді. (ия )
2. Физикалық құбылыс кезінде жаңа заттар пайда болады.(жоқ)
3. Судың булануы химиялық құбылыс.(жоқ)
4. Химиялық құбылыс дегеніміз – химиялық реакция.(ия)
5. Сүттің ашуы - химиялық құбылыс.(ия)
6. Физикалық құбылыс кезінде дененің пішіні өзгереді.(ия)
7. Тұнбаның түзілуі реакция белгілеріне жатпайды.(жоқ)
8. Химиялық реакциялардың жүру белгілері жаңа заттардың түзілуімен сипатталады.(ия)
9. Күкірттің жануы химиялық құбылыс болып табылады.(ия)
10. Жапырақтың шіруі – физикалық құбылыс.(жоқ)
ҚБ. Смайликтер арқылы
Түрлі түсті қағаздар
Сабақ ортасы
3мин
20 мин
6мин
Жаңа сабақ тәжірибе арқылы ашылады.
 
«Ой қозғау» әдісі.
Таза суға йод тамызсақ не байқаймыз?
1) Мына заттарды атаңдар? (су, йод)
2) Осы екі затты қосқанда не пайда болды? (Қоспа, біртекті, судың түсі боялады).
Топтық жұмыс
1 - тапсырма. «Зерттеу»әдісі арқылы оқушылар өздеріне берілген мәтін бойынша оқып, топта талқылап тәжірибе жасайды
1 - топ: Қоспаға тәжірибе көрсетеді
2 - топБіртекті қоспаға тәжірибе көрсетеді
3 - топ: Әртекті қоспаға тәжірибе көрсетеді.
Дескриптор:- Таза заттар мен қоспаларды анықтайды
- Қоспаның құрамындағы затты анықтайды
- Әртекті және біртекті қоспаны ажыратады
ҚБ. «Қошемет»арқылы
3 - шапалақ - өте жақсы
2 - шапалақ - жақсы
1 - шапалақ - қанағаттанарлық
2 - тапсырма. Жұптық жұмыс. «Мен саған, сен маған»әдісі. Жұптасып орындайды
Қоспа мен таза заттарды ажыратып кестені толтырыңыз:
Майонез, теңіз суы, ауа, сынап, дистилденген су, алтын, бұлақ суы, лимон шырыны, иод тұндырмасы, тұз ерітіндісі
 Таза заттар Қоспалар
Дистилденген су, бұлақ суы, сынап, алтынМайонез, теңіз суы, ауа, лимон шырыны, иод тұндырмасы, тұз ерітіндісі
Дескриптор:- қоспаларды ажыратады
- таза заттарды ажыратады
ҚБ. Фигуралар арқылы
Бекіту тапсырмасы. Жеке ұмыс «Шеңбердегі доп»әдісі
арқылы
Таза зат дегеніміз не?
Қоспа дегеніміз не?
Қоспаға мысал келтіріңдер
Ауа таза зат па әлде қоспа ма?

Сабақтың соңы
3 минут
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. Таза заттар мен қоспаларға үш мысалдан жазып келу
Рефлексия.«Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша кері байланыс жасалады. Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады.
Жақсы түсіндім
Түсіндім
Сұрағым бар
Мүлдем түсінбедім

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсызБағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


 
Барлық оқушылар:
  • Таза зат, қоспа ұғымын біледі, түсінеді
Көптеген оқушылар:
  • таза заттар мен қоспаларға мысалдар келтіре алады
Кейбір оқушылар:
. Таза зат пен қоспаны бір - бірінен ажырата алады.
Смайликтер арқылы
Фигуралар арқылы
.
Сабақ бойынша рефлексия

6 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР химия 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР химия 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 7 - сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын білу;
Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу
Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу
Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу.
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
1 - сабақ: Атом құрамы мен құрылысы 2 - сабақ: Изотоптар
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
XXI ғасыр - химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, химиялық элементтердің адам ағзасында атқаратын ролі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×