Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы.
Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.
Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы туралы білім беру. Оқушыларға будандастыру нәтижелерін арнайы жазу жүйесін (Пеннет торын) пайдалануды үйрету.
Дамытушылығы: оқушыларға биологиялық ғылыми әдістер арқылы организмді будандастыру нәтижесінің мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде болжауға болатындығын түсіндіру. Генетикалық терминдердің мәнін ашу.
Тәрбиелігі: Генетика туралы түсініктерін дамыту. Кесте мен кітаппен жұмыс жасап үйрету.
Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Хабарлама, жаңа білімді қалыптастыру.
Әдістемелік шешім: Сұхбат, әңгіме - сұхбат, кестелер мен суреттерді қолдану, электрондық оқулық арқылы жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Сурет бетшелері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тірек сызба, суреттер, кестелер.
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Моногибридті шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі туралы білімдерін
зерттеу. Есептер шығару.
І есеп. Адамда таскерең ауруы аутосомалы - рецессивті типті тұқым қуалайды. Егер әке - шешесі де осы ауру бойынша гетерезиготалы болған жағдайда осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдылығы қандай?
Шешуі: Есептің шартын кестеге жазамыз

Некеге тұрған ата - ананың генотипі гетерозигота - Аа және Аа. Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата - анадан балалардың өмірге келу ықтималдығы генотипі бойынша мынадай болады: АА - 25%, Аа - 50%, аа - 25% болады.
Жауабы: сау балалардың өмірге келу ықтималдылығы - 75%, ал ауру болуының ықтималдылығы - 25% болады.

ІІ. Жаңа сабақ: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы.
Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.
Мендельдің екінші заңы: Белгілердің ажырау заңы.
Жаңа сабақты ашу үшін Мендельдің бірінші заңы негізінде қандай заңдылықтар ашылды?
Мендель «Бір немесе екі белгісінде айырмашылығы бар дараларды будандастырғанда қандай өзгеріс болады деп еді?»
Екі белгісі (сары тегіс және жасыл бұлдыр) дараларды будандастырғанда дараларды будандастыру қалай аталады?
Бірінші ұрпақтың гетерозиготалы (будандық) дараларын өзара шағылыстырса, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүріп, екі белгі де жарыққа шығады. Ажырау фенотипі бойынша 3: 1, ал генотипі бойынша 1: 2: 1 арақатынасында байқалады, бұл Мендельдің екінші заңы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 825
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
Биологиядан бағдарланған 11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша жылдық жоспар берілген. Бұл оқу бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде
Генетика және селекция негіздері
Генетика және селекция негіздері
«Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша 9 - сынып оқушыларының білімін тексеріп, бағалауға арналған тест тапсырмалары
Дигибридті будандастыру
Дигибридті будандастыру
Генетика ғылымы, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары туралы білімдерін жинақтай отырып, Мендельдің заңдылықтарын ұғындыру. Дамытушылық мақсаты
Генетика тарауын қорытындылау
Генетика тарауын қорытындылау
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусубалина А.Б.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің Биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×