Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гормондар мен бездер

03 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Биология
Биология 8 класс
Сабақтың тақырыбы: Гормондар және бездер (презентациясымен)
Мақсаты: эндокриндік және аралас бездердің орналасуын ажырата және анықтай алады бездердің негізгі қызметтерін түсіндіре алады.
«гомеостаз» түсінігін анықтау және гомеостазға қатысатын гормондарға мысалын келтіру
Пәнге қатысты лексика мен терминология: гормондар, эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездер тер безі, өт, сілекей безі, бүйрек безі, ұйқы безі, өт жолы, ұйқы безінің жолы без, түр, секреция, бөліп шығару, жол, арқылы, тікелей ішінде
Сабақ түрі: зерттеушілік қабілеттерін пайдалану арқылы білімді бекіту

Сабақ барысы
1. Матрица арқылы білімді тексеру. Жеке жұмыстар ұйымдастыру. Матрицалық орны арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру, ұпайлар қойылады.

2. Миға шабуыл
1. И. С. Тургеневтың “Живые мощи” әңгімесінде мынадай аурудың белгілері суреттелген.
Басы солып қалған, біртүсті денесінің әр жерінде дақтар қола түсті пайда болған, мұрыны жіңішкерген пышақтың қырындай, еріні көрінбейді – тек тісі ағарады, көзінің жүдеулігі байқалады. Тірі аруаққа ұқсайды.
Қандай ауру туралы Тургенев суреттеген, бұл аурудың себебі неде? Оқушылар талқылайды, жауаптары тыңдалады.
Жауабы: Адиссон ауру немесе қола ауру деп аталады.
Бүйрекүсті безі сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты адреналин гормонын бөледі, ал сыртқы қабатта гормондар көп болады. Соның бірі кортикоидтер. Кортикоидты гормон жетіспегенде адам Адиссон ауруына шалдығады. Тургеневтің “Тірі аруақтар” әңгімесінде суреттелген адам “қола аурумен ” ауырады.

3. Білімді саралау. Оқушылармен топтық жұмыстар ұйымдастыру. Бездердің атауларын тарату арқылы оқушыларды үш топқа бөлеміз.
1 - топқа тапсырма. Берілген жоспар бойынша ұйқы безінің құрылымын жазыңдар.
1. Ағзадағы орны
2. Құрылысы
3. Ұйқы безінің ішкі секреция безіне жататындығын дәлелдеңдер?

2 топқа тапсырма. Қалқанша безінің құрылысын жоспарға сай жазыңдар:
1. Ағзадағы орналасуы
2. Құрылысы мен формасы
3. Жуықтап алғандағы өлшемі
Қалқанша безінің бөліп шығаратын гормоны қалай аталады. Қалқанша безінің іс - әрекетінің бұзылуымен байланысты ауруларды атаңдар?

3 - топқа тапсырма Суретте берілген гипофиз туралы жоспарға сәйкес мәлімет дайындаңдар.
1. Ағзадағы орны
2. Құрылысы мен формасы
3. Бұл без қызметі бұзылғанда пайда болатын аурулар түрлерін атаңдар.

4. Дигноз қоя білеміз бе?
Топта талқылап, әрбір персонажға сипаттама береді, ауру түрлерін анықтайды Мысалы: «Маша мен аю» мультфильмінде Машаның көзі шектен тыс бақырайған, оған бақшаңкөз ауруы диагнозын қоюға болады.

5. Қалқанша безінің бөлетін гормоны қай ауру адамда көп бөлінеді, қайсысында аз бөлінеді
Бірінші пациент: Ұйқысыздықпен зардап шегеді, ашушаң, өзін өзі ұстай алмайды
Екінші пациент: Әлсіз, енжарлық, тез шаршайды.
Тапсырмаларды талқылап, топтар шешімін айтады.

6. Есепті шешіңдер
19 ғасырдың соңында немесе физиологтары Минковский және Фон Меринг асқорыту жүйесінің қызметін талдаумен айналысты.
Эксперимент барысында иттің ұйқы безі алынып тасталды. Бір күні, қызметші, ота жасалынған иттің кіші дәретіне шыбындардың көп үймелейтінін байқады. Физиологтарға бұл факт қызық әсер қалдырды.
Соңында физиологтар қандай шешімге келді, өз ойларыңды түсіндіріңдер?
Топтар талқылай отырып, жауаптарын айтады.

7. Тақырып меңгерілген соң, оқыту мақсатына сай қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жүргізуге болады.
Сабақ соңында. Рефлексия жасау қажет. Оқушылардың не түсінгенін стикерлерге ойларын жаздыртып білдіруге болады.

Үйге тапсырма: Бездер, гормондар туралы мәліметті қосымша іздеу.
Глоссарий жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ішкі секреция бездері тест тапсырмалары
Ішкі секреция бездері тест тапсырмалары
Ішкі секреция бездері, тест тапсырмалары
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе.
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе.
Эндокриндік жүйе. Гормон, гипофиз, бүйрек үсті безі, қалқанша без, жыныс безі, ұйқы безі.
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы
Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын
Ішкі секреция бездері
Ішкі секреция бездері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе сәулет - құрылыс колледжінің биология пәні мұғалімі Тулеуова Ғазиза Асқарбекқызы
Ас қорыту мүшелерінің құрлысы
Ас қорыту мүшелерінің құрлысы
Өтебалы Камшат Садыққызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің химия - биология пәні мұғалім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×