Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарабоз (қайталау)

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды қайталау. «Дарабоз»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ілгері дамуын анықтауда жобалау және жеке топтық әрекет түрлері, әртүрлі ақпарат пайдалану
арқылы білімдерін бағалау. Дарабозды анықтау.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Барлық оқушыдан тест алу
2. «Бәйге». «Менен сұрақ, сізден жауап»
3. «Полиглот»
4. «Ізден, ойлан, тап!»
5. Суретке сипаттама беру. (Таблица бойынша)
6. «Жорға»

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сайыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызба, кеппешөптер, интерактивті тақта.

1 - кезеңнен жоғары балл жинағандар 2 - кезеңге қатысады.
2 - кезең: «Бәйге». «Менен сұрақ, сізден жауап!»
(Әрбір жауапқа 10 ұпай беріледі)
1. Клетканы зерттейтін ғылым (цитология)
2. Клетканы ашқан ғалым (Р. Гук)
3. Жарық микроскобын ойлап тапқан ғалымдар (әкелі - балалы Янсиндер )
4. Микроскоптың көру түтігінен кейін орналасқан бөлігі (объектив)
5. Жасушаның бөліктерін зақымдаудан қорғайтын бөлігі (қабықша)
6. Сабақтың қай бөлігінде тоз қабаты орналасады? (қабықта)
7. Тін қабаты сабаққа қандай қасиет береді? (мықтылық, беріктік )
8. Бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат қандай сабақты өсімдіктер (қысқарған)
9. Өте әлсіз, жер бауырлап жататын сабақтар (желі немесе жатаған)
10. Қабық пен сүректің арасында орналасады (камбий)

3 - кезең: «Полиглот». Оқушыларға жұмбақтар беріледі. Шешуін орысша, қазақша, ағылшынша айтуы тиіс.
(Толық жауапқа 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі.)
1. Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Тарам - тарам бар ғалам
Айқыш - ұйқыш шырғалаң.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдаған (Жүрек – сердце - heart)
2. Толған ағыс тоқтаса
Жоғалады бірге адам (Қантамыр - кровеносный сосуд - blood)
3. Денсаулық үшін қажетті өмір өзегі (ауа – воздух - air)
4. Күмбір - күмбір қарағаш,
Қартайғанша жарадың ( Құлақ – ухо - ears)
5. Үй ішінде отыз батыр,
Кіргендерді отап, турап жатыр (Тіс – зубы - teeth)

4 - кезең «Ізден, ойлан; тап!»
Ұпайы көп оқушы 1 - ші жауап береді. Адам ағзасының құрылысының
жолын шолу.
20 ( оң) Тұқым қуалау қасиетін сақтайтын жіп таяқша тәрізді түзіліс. (Хромосома)
20 (орта) Бастың жұп сүйектері. (Төбе, самай, бет сүйектері)
20 (сол) Тақ санды бас сүйегі. (Маңдай, шүйде, төменгі жақ, тіл асты)
30 (оң) Бас сүйегі қанша сүйектен құралған. (23)
30 (орта) Ішкі секреция бездері. Адам ылғи шөлдеп жүреді, кіші дәреті бұзылады. Бұл қандай ауру? (Қант диабеті)
30 (сол) Фотосинтез бен тыныс алудың айырмашылығы неде? (Фотосинтезде - бейорганикалық заттардан органикалық зат түзеді,
ал тыныс алуда оттегіні сіңіріп көмірқышқыл газын бөледі)
40 (оң) Сабақтың бөлімдері. (Қабық, камбий, сүрек, өзек)
40 (орта) Қабыршаққа айналған жапырақтар. (Бүршік, тамырсабақ, қабықша)
40 (сол) Күнбағыста, гүлкекіренің гүл шоғырындағы шетіндегі гүлдер неге жеміс бермейді? (Гүлдер жыныссыз болғандықтан)

5 - кезең. Суретке сипаттама беру. (Таблица бойынша)
1. Жүрек
2. Жүйке ұлпасы
3. Бұлшық ет
4. Сүйек
5. Құлақ

6 - кезең. «Жорға»
1 минутта жауап бергенше 10 ұпай қойылады.
1. Жүректің ортаңғы қабаты (миокард)
2. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (иілгіштік, серпімділік)
3. Минералдық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (қаттылық)
4. Адамның жасы ұлғайғанда сүйекте қандай заттар көбейеді? (минералдық)
5. Түтікті сүйектер қайда орналасқан? (аяқ - қол)
6. Қысқа еттерге жататындар (омыртқа, қабырға арасы)
7. Бұлшық еттің қажуын, жиырылу ырғағын зерттеген ғалым (И. М. Сеченов)
8. Теңіздің ең тереңінде болатын балдыр (ламинария)
9. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр (кладафора)
10. Көпжасушалы жіп тәрізді балдыр (улотрикс)
Қорытындылау.
5 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
Жануарларды қорғау
Жануарларды қорғау
Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Фонетика. Нәтиже сабақ «Тағамдар»
Фонетика. Нәтиже сабақ «Тағамдар»
Караганды облысы Абай ауданы, №1 мектеп. Урикбаева Калампыр Калаукызы
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×