Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С дыбысы және әрпі

«С» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Жаңа С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. С дыбысы бар сөздер айтып, талдау.
Білімділік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа және ойын толық жеткізіп айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер,«С» әрпінің баспа түрі, саңырауқұлақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылулық лебізін білдіру.
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
- Балалар өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? «Б» дыбысынан басталатын кім көп сөз айтады?

Жаңа сабақ:
Балалар тақтадағы суретке қарап атайықшы, қандай суреттерді көріп отырсыңдар?
Сүт, сағат, сандық, сабын. Яғни сөздердің басында қандай дыбыс естіледі?
Дұрыс айтасыңдар бүгін біздер С дыбысымен танысамыз. Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Ал бәріміз С дыбысын айтып көрейікші.
«С» дыбысы қалай айтылады? Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі, кедергілер арқылы шуылдап шығады. «С» дыбысы дауыссыз дыбыс, қане бәріміз ауада жазып көрейікші.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығымен суырып,
Әкелді әжем біркүні. \cәбіз\
Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғандығын тапқызу.

Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай - ақ!
Кірпінің тапсырмасы:
«Себетке саңырауқұлақ жинау» ойыны:
Балалар біртіндеп тақтаға шығады. мен тапсырмалар жасырылған, сол тапсырмаларды дұрыс орындап себетке саңырауқұлақ жинайды.
Текшелерге кеспе әріптермен тас, ас, са - на сөздеріне буын құрастыру.

Дәптермен жұмыс:
Балалар әліппе дәптеріміздегі суретке қарайықшы. Суреттегі С дыбысынан басталған сөздерді атап, оған сөйлем ойлап табайық.

Мысалы: Сандық сыртындағы ою өте әдемі. т. б.
«С» дыбысын жаздыру.
Сабақты бекіту:
Сақинаны салғызды,
Сарымсақты сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп?-
Сапсыз орақ тәрізді. / С/
Балалар бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық? Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
6 906
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×