Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көркем әдебиет сабағынан жылдық күнтізбелік және сабақ жоспары

11 қазан 2012, Бейсенбі
Саран қаласы, ОЖББ №4 мектеп
мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Шаймұрат Дәмеш

Көркем әдебиеті.
1. Бірінші қыркүйек білім күні
2. Күз
3. Әзілхан мектепке барады
4. Мектеп
5. Біріншіге барамын
6. Жомарт күз
7. Қазақстан Республикам менің
8. Ана - өмірдің гүлі
9. Түлкі мен қасқыр
10. Отан
11. Нан қайдан шығады?
12. Атасының баласы.
13. Қазақстан жалауы
14. Кел, жаңа жыл
15. Төлдер жыры: лақ, торпақ, қозы, бота
16. Қыс
17. Қыста қызық жұмыс
18. Қасқыр мен ай
19. Қаңтар мен ақпан
20. Не деу керек?
21. Ағаштар неге ашуланды
22. Тату доспыз бәріміз
23. Ана - өмір гүлі
24. Б. Момышұлы «Ақ әже»
25. Аңқау арыстан
26. Наурызым, армысың
27. Тілегіміз - бейбіт күн
28. Әке мен бала
29. Ғарышкер
30. Көрікті көктем
31. Жаз
32. Біз мектепке барамыз.

Сабақ жоспарлары.
№1
Тақырыбы: Білім күні - бірінші қыркүйек.
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 қыркүйек Білім күні екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау. Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған атсалысу керектігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Суреттер: сиқырлы сандық.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, бір - біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіру.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым!
- Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстасып тұрғанда нені сезінеміз?
- ендеше бәріміз орнымызға жайғасамыз.

Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі сабақ "Бейбітшілік сабағы" деп аталады.
- "Бейбітшілік", "Тыныштық", "Ынтымақтастық", "Достық" деп, бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекеттің адамдарын атайды екен.
- Сондықтан бір сыныпта оқитын оқушылар да бір – бірімен тату болуы керек.
- Бүгін білім күні болған соң әр бала мектепке арнап өлең, тақпақтар жаттапты. Қане тыңдап көрейік.

1. Қош келіпсіз бізге бүгін
Папалар мен мамалар
Қош келіпсіз қонақ болып
Ардақты біздің ұстаздар
Құттықтаймыз бәріңізді
Мерекемен бүгінгі

2. Армысыздар, ата – аналар
Болашаққа жол бастар
Балалар кепті ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген

3. Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

4. Өтті қызық көп күндер,
6 – жасқа жеттіңдер.
Келіңдер де мектепке,
Бір - бірлеп өтіңдер.

5. Өсті міне ойларың,
Өсті міне ақыл, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың

6. Мектеп ана болмаса
Бала құшақ жая ма
Оқып сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін
Ол сыйлығың тек сенің
Аяулы алтын мектебім

7. Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды.
Тану үшін ғалымды,
Мектеп керек адамға!

8. Сан жақсылар оқыған
Құтты екенсің мектебім
Оқығанын тоқыған
Құт мекенім мектебім

9. Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді
Қуантуға жүректі
Қуантуға түлекті
Мен мектепке барамын!

10. Таудай биік талабым
Шырқап әнге саламын
Салты менен сәні бар
Мен мектепке барамын!

11. Күн нұрындай білімнің
Күнімен мол білімнің
Құттықтаймын достарым
Құтты болсын ұлы күн
Берем алғаш кезекті
Достарыма әлбетте

Ән: «Сәлем саған мектебім»
Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы
Жасыл бақтың көктемі,
Жастық шақтың жолдасы.
Сеннен біліп шығармын,
Аспан барын, күн барын.
Сен арқылы ұғармын,
Жұмбақ ілем сырларын.

Сергіту сәті.
Сылдыр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың
Сурет салдыру.
"Ашық аспан, жарық күн".

Қорытынды.
Кім кінәлі?
- Кім сызды мына партаны? – деді мұғалім.
- Мен емес, - деді Үсенбек:
- Мен емес, - деді Үміт:
- Мен емес, - деп Күміс айтты:
- Бұған жалғыз кінәлі – Елемес үнсіз тұрып қалды.

Сұрақ – жауап.
- Әңгіме не туралы айтылған?
- Бүгінгі сабақта нені меңгердік?
- Бүгін қандай күн?
- Сендер қайда келдіңдер?
- Мектеп ұнады ма?
- Ендеше осы алтын ұя мектептеріңде сендер 11 жыл бірге оқисыңдар. Ешқашан бір – біріңді ренжітпеңдер. Сабақты жақсы оқыңдар. Аналарың мен әкелеріңді, ата - әжелеріңді тыңдаңдар. Ұқыпты болыңдар. Өйткені оқушының өз затына қарап, таза ұстауы өте маңызды.
Өлеңді жаттау
Қиынға төзуге
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға
Қамқоры ұл, қыздың,
Мұғалім ол біздің.

№2
Тақырыбы: Күз.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту "Күз" өлеңін оқып беру, түсіндіру, жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, жаттау.
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!
Сұрақ жауап.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз.
- Күз мезгілінің қай айы?
- бірінші.
- Жалпы күз мезгілінде неше ай болады?
- Үш.
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Жапырақ сарғаяды, күн суытады, жаңбыр жауып, адамдар қыс мезгіліне дайындық жасайды.
- Құстар не істейді?
- Жылы жаққа ұшып кетеді. Ондай құстарды «Жыл құсы дейміз». Олар өз еліне көктем мезгілінде келеді. Өйткені суық күндерде оларға тамақ тауып жеу қиынға соғады.
- Адамдар қысқа қалай дайындалады?
- Егіндерін жинап, қыс мезгіліне дайындық жасайды. Отын, көмір түсіріп алады.
- Жан – жануарлар күзде не істейді?
- Олар да қысқы азығын өздерінің іні мен апанына жинап ап, ұзақ ұйқыға кетеді екен. Мысалы аю – бал, жапырақ жинап алса, тиін – жаңғақ, саңырауқұлақ, жапырақ жинап алады екен. Ал қоян өзінің түсін екі рет ауыстырады. Ол күзде, көктемде, жазда - қоңыр, ал қыста - ақ болып өзгереді. Себебі ол өте қорқақ жануар. Сондықтан ол жылы кездерде ағаш бұтағы сияқты, суықта қар сияқты бұғып жата қалады екен.

Әңгіме
Жеміс.
Ернұр әкесімен ауыл маңындағы алма бағын аралады. Біреулер піскен жемісті жинап жатыр екен.
Ернұр әкесіне:
- Әке, ағаштар адамға тегін жеміс береді ғой. Ал адамдар неге оны ақшаға сатады? – деді.
Тосын сұраққа әкесі үндемей қалады.

Сұрақ – жауап
- Әңгіме не туралы айтылған?
- Сен алманы не істер едің?
- Неге алманы тегін бере салмаймыз?
- Өте жақсы, алманы өсіру үшін де адам еңбектенеді емес пе? Сондықтан маңдай теріңмен тапқан ақшаның еш ұяты жоқ.

Күз. Абай Құнанбаев.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
- Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
- Күз.
- Абай Құнанбаев кім?
- Ақын, жазушы, драматург.
- Абай атамыздың басқа қыс, жаз, көктем мезгілдеріне арналған өлеңдерін білеміз бе?
Күз мезгіліне байланысты өлеңдер оқу.

Күз I. Жансүгіров
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та, күлелік,
Енді оқуға кірелік.

Күзгі жапырақтар Қ. Жұмағалиев
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.
Күнді көрсе толғанар,
Бұлтты көрсе шамдалар,
Қысты қазір жолатпа,
Тола түссін қамбалар.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Күзгі жапырақтар Қ Шаңғытбаев.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап.
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап,
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

Сергіту минуты.
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!

Дидактикалық ойын.
"Қай мезгіл?"
- Балалар мен қазір сұрақ қоямын, сендер қай мезгіл екенін қол көтеру арқылы айтып бересіңдер.
- Дүниенің бәрі сап – сары түске айналады. Ол қай мезгіл.
- Күз.
- Күн суытып, жер , үйлер ақ көрпе жамылады. Ол қай мезгіл?
- Қыс
- Жан – жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп, жылы жақтан құстар ұшып келеді. Бұл қай мезгіл?
- Көктем.
- Ең жақсы уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз. Ол қай мезгіл?
- Жаз.
Қортындылау.
- Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік, не туралы айттық?
- Күз мезгілі ұнай ма?
- Күзде қандай өзгерістер болады?
- Күз мезгіліне арнап өз ойыңнан өлең шығар.
Жұмбақ:
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
53 263
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік
Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік
1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Білім күні
Білім күні
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×