Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі орманға саяхат

30 қазан 2015, Жұма
Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге бейімделетіндері туралы түсінік беру.
Бақылай білу дағдыларын дамыту.
Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың пайдасын түсіндіру, тілдерін жетілдіру.
Керекті құралдар: Орман келбеті, қоян, жолда кездесетін кедергілер(су, тас, үңгір), гүлдер, кепкен
жапырақтар, желім, қылқалам, шүберек, күй таспа.
Сөздік жұмыс: күз жомарт, алтын күз, қоңырқай күз, жие - кеш, қамқоршы, сұр бұлт.

Сабақтың барысы:
І - бөлім. Ұйымдастыру сәті.
Балалар шеңбер бойына жиналып тұрады.

Тәрбиеші: Қуан шаттан алақай
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн.
Балалар таңертеңгілік бір - бірімізге не деп айту керек?

Балалар: Қайырлы таң!

Тәрбиеші: Ендеше қане бір - бірімізге қайырлы таң айтайық.
Балалар: Қайырлы таң Адия!
Қайырлы таң Тимур!

Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар!

Балалар: Қайырлы таң апай!
Қайырлы таң қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар енді көңіліміз жақсы болу үшін, жақсы тілектер айтып, қолдарыңдағы гүлдерден «тілек шоғын» жасайық.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын!
Денсаулық болсын!
Достық болсын!
Нан көп болсын!
Еліміз тиыш болсын!
Елбасшымыз аман болсын!

Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар қандай жақсы - жақсы тілектер айтылып, қандай әсем «тілек шоғы» пайда болды.

Қызығушылық сәт.

Қоян: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз
Қоян: Балалар мен сендерді күзгі орманға саяхатқа шақыра келдім, барасыңдар ма?
Балалар: Иә, барамыз.
Қоян: Балалар, күзгі орманға жеткенше жолда түрлі кедергілер кездеседі, абай болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа шықпас бұрын сақтайтын ережелері еске түсіріп алайық.
1. Бір - біріміздің қалмаймыз
2. Орманда айғаламаймыз
3. Ағаштың бұтағын сындырмаймыз
4. Құстың ұясын бұзбаймыз
5. Орманды ластамаймыз
6. От жақпаймыз
Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар балалар, енді жолға шығуға болады. Қоян жолда кездесетін кедергілерді атап өтеді

II бөлім:
Балалар жолда түрлі кедергілерден өтеді
- сулардан өту
- көпірден өту
- үңгірден өту
Орманға келеді
Қоян: Балалар, хош келіпсіздер! Міне мынау менің қысқа салып алған үйім. Сендер білесіңдер ме, енді қай мезгіл келе жатқаның
Балалар: Қыс мезгілі
Қоян: Дұрыс, қыста тоңбайын деп мынадай жылы үй салып алдым. Ал қазір қай мезгіл?
Балалар: Күз мезгілі
Қоян: Күз айларын атап беріңдерші.
Тәрбиеші: Қоян мына ағаштарда бірен - саран жапырақтар қалыпты
ғой әлі.
Қоян әр жапырақтың түсін сұрайды, тапсырмаларын
оқып береді.
Тапсырмалар табиғатқа байланысты мақал - мәтелдер,
жаңылтпаштар, жұмбақ, тақпақтар айтып беру.
Бұтақтарда отырған құстарды атату олардың
қыстайтынын немесе жылы жаққа ұшып келетіндердің
анықтау.
Қоян: Балалар, көп тақпақ, мақал - мәтелдер біледі екенсіңдер.
Сондықтан мен сендерге сыйлық дайындап қойдық.
Себет толы шырша тұқымдарын береді
Тәрбиеші: Қоян саған көп рахмет Қазір біздің балалар саған арнап күзгі жапырақтардан кілемше жапсырып береді.

ІІІ бөлім: Қорытынды
1. Табиғат дегеніміз не?
2. Табиғат нешеге бөлінеді және қандай – қандай
3. Өлі табиғатқа не жатады?
4. Табиғатқа байланысты тыйым сөздер айтқызу.
6. Балаларды мадақтау.
7 046
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат аясына саяхат
Табиғат аясына саяхат
Сөздің мағынасын түсіндіріп, ойын жеткізе алуға, ой – өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Күзгі табиғат
Күзгі табиғат
• Күзгі табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқай отырып, артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту; • Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге тәрбиелеу;
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз туралы және табиғаттың күз мезгіліндегі ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелеп, қорытындылау. Балалардың жыл мезгілі «Күз» туралы, күз айлары және оның маусымдық белгілері туралы білімдерін бекітуге жағдай жасау;
Алтын күз сыйы
Алтын күз сыйы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші Жұбатова Күміскүл
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×