Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым

13 қараша 2018, Сейсенбі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым»
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту; зейінін тұрақтандыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстыра сөйлеуін дамыту;
Білімділігі: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын, туған жері туралы білу, құрметтеу
Тәрбиелік: Тілін, дінін, елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу
Көрнекілігі: Оқу іс - әрекетінің презентациясы, мақал - мәтелдер топ ішіндегі «Астанаға саяхат», Бәйтерек, Қазақстан Республикасының рәміздері ту, елтаңба, гимні, Қазақстан картасы,, Алтын адам, т. б.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, саяхат, ойындар

Мотивациялық қозғаушы
Балаларды ұйымдастыру
Жүректен - жүрекке жылы лебіздер.
Н. Жанаевтың өлеңі:
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Көңілсіз еткен күз енеді.
Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Күзгі суреттерді әңгімелейік:
1) Саябақта
2) Егіс алқабында
3) Біздің аулада

Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

Біз қай тілде сөйлейміз, біздің ана тіліміз қандай, ұлтымыз кім?
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ тілінің сақталуына, дамуына, халық арасында қазақ тілінің орын алуына үлкен үлес қосқан ақындарымыздың бірі Қадыр Мырзалиев атамыздың өлеңін еске түсірейік...
«Астанаға саяхат» топ бұрышына саяхат жасау. Ондағы әсем ғимараттармен танысу. Бәйтерек туралы ой қозғау. Астана қаласы туралы өз ойларын

ортаға салу.
Балалар қазақ тілі туралы жыр - шумақтарды еске түсірейік...

Ана тілім, дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Тіліңе берік байланғын,
Тіл айдын, келіп жайланғын.
Аққудай аппақ арымсың,
Ана тіл сенен айналдым.
Саяхаттан оралу.

Тіл туралы мақал - мәтелдерге кезек берейік

Жұмбақ шешейік:
1) Көк лағым көгенде жатып семіреді
2) Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады?

3) Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, «Өркен-2» ясли бақшасы
Тәрбиеші: Жанузакова Саним Жумабаевна
Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым жүктеу
1 649
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Денсаулық еліне саяхат
Денсаулық еліне саяхат
Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Ата заңым-ардағым
Ата заңым-ардағым
Тақырыбы: «Ата заңым – ардағым» Мақсаты: Ата заң туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Қазақстан - біздің үйіміз
Қазақстан - біздің үйіміз
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×