Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділік шуағы

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Галимжанова Роза Давлетовна

Өзін - өзі тану сабағы.
Даярлық тобы.

Тақырыбы: «Мейірімділік шуағы».
Мақсаты: «мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттер: - өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: балапан, аю, екі қонжық, қоян, қыз бала, шар, ағаш - бейнеленген суреттер, «Алтын жүректер» қаланың картасы, үнтаспа, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар, әр балаға қағаздан қиылған жүректер, әдемі бейнеленген конверт.
Сөздік жұмысы: мейірімділік, достық, сыйластық, «Жақсылық жасауда - бақыт»

Сабақтың барысы:
I. Шаттық шеңбері.
Балаларды шеңберге жинап:
- қане, балалар, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
- балалар, шеңбер неге ұқсайды?
- дұрыс айтасыңдар, шеңбер допқа, күнге, айға, жүзікке т. б. дөңгелек заттарға ұқсайды екен. Күн бізге жылу береді, бізде шеңберде дөңгелене тұрып бір - біріміздің бет - жүзімізді аңық көріп, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтамыз. Бәріміз қосылып өлең жолдарын қайталайық:
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
- Балалар, бүгін біз «Алтын жүректер» қаласына мейірімділік жолымен барамыз. Осы қалаға менің сұрағыма жауап бергендер ғана кіре алады. Ал менің сұрағым осындай:
- қандай жүректі біз «алтын» деп айтамыз?
Балалардың жауаптарын тыңдау (таза, ашық, мейірімді, қамқор, сүюші)
- Ал, енді көздеріңді жұмып отырыңдар, мен әдемі әуен қоямын, ал сендер оны тыңдап қандай жақсы амал жасағандарыңды естеріңе түсіріңдер.
Балалар әуенді тыңдап, өз ойларын айтып береді.
- Сендердің араларында қай баланы «алтын жүректі» бала деп айтуға болады? Неліктен олай ойлайсыңдар?
- мінеки, біз «Алтын жүректер» қаласына кірдік, өйткені сендерде барлықтарында ашық, мейірімді, жылы, аялы жүректерін бар.
- Сендердің жауаптарын тыңдап, сендерде шынында алтын жүректерін бар екенін көзім жетті.
- қараңдар, конверт ілулі тұр, кімнен екенін оқып жіберейін. Бұл хат Махаббат перизатынан екен.
(конверттің ішінде сақина және хат ойын шартымен)

- Махаббат перизаты бізге ойын ойнап жіберуге ұсынады, конверттің ішінде Мейірімділік сақинасы бар, кімнің қолына сақина түседі сол Махаббат перизатындай мейірімді, ілтипатты болып қалады екен.
Шеңбер жасап тұрайық, ортаға санамақ арқылы бір баланы шығарамыз, ол Махаббат перизаты болады. Сендер көздеріңді жұмып, қолдарыңды алға созып тұрасыңдар. Махаббат перизаты шеңбермен жүріп сендерге білдіртпей біреулерінің қолына сақинаны салады. Содан соң перизат ортаға тұрып осылай айтады: «кім бәрінен мейірімді тезірек ортаға шық». Кімнің қолында сақина болады сол ортаға шығып Махаббат перизатына жылы сөз айтады да өзі Махаббат перизатқа
айналады.

2. Көңілді әуенмен ойын өткізу.
Мінеки, біздің топта перизаттар көп екен, маған сендердің жылы, мейірімді сөздерін өте ұнады, сол үшін мен сендерге ертегі сыйлағым келеді, орларына отырып мұқият тыңдаңдар.
3. Фланелеграф көмегімен ертегі айтып беру:

Бір кішкентай балапан болыпты. Ол, күнің көзі шуағын сыйлап, оның жүрегін жарықтандырсын деп және айналада барлығы осы балапанда «жүрегі жарық» айтсын деп өте қалапты. Бірақ күнің көзіне қалай жететінін білмепті. Бір күні балапан жолға шығыпты, мүмкін күнге жол көрсететін біреу кездеседі.
Келе жатыр кішкентай балапан, келе жатыр, аюды кездестірді. «Ол үлкен, мүмкін ол күнге қалай жететін біледі»- деп балапан ойлады. Аю оған уайымды көзімен қарады да: менің қонжықтарымды тауып алуға көмектесші,- деді. «менің уақытым болмаса да, мен саған көмек көрсетуге қуаныштымын»,деп балапан іздестіруге асықты. Көп ұзамай ол қонжықтарды шуақты орман алаңқайынан тауып алды. Қуанған қонжықтар аналарын құшағына жүгірді, ал кішкентай балапан жүрегінде нәзкі қытықты сезді. Өте қуанышты және маңыздана әрі қарай жолын жалғастырды.

Аздаған жол жүріп ол, табанына тікен кіргізіп алған, көжекті кездестірді. «Сен білмейсің бе, күннің көзіне қалай жетуге болады?»- деп одан сұрады.»Жоқ, кешір білмеймін - деді көжек,- ал сен менің табаныма кірген тікенді аласың ба?». «Мен асығып тұрмын өйткені күн көрінбей кетеді, бірақ мен қанағатпен саған көмектесемін». Балапан көжектің табанынан тікенді алып шыққанда қайтадан жүрегінде нәзік қытықты сезді, содан соң жолын әрі қарай жалғастырды.

Келе жатып, ағаштың төбесіндегі ілініп қалған шарға қарап тұрған, кішкентай қызды кездестірді. «Айналайын балапан, ағаш басына ұшып, маған шарымды алып берші, өтінемін»- деп, қыз сұрады. «Жарайды, жарайды»- деді балапан. Ағаштан шармен түскенде, қыздың көздері қуанышпен жайнап тұрды. Балапан тағы да жүрегінде нәзік қытықты сезді. Оған қарамастан, балапан көңілсіз күннің батуына қарады. «Неге сен көңілсізсің?»- балапанға қарап қыз сұрады. «Маған, жүрегіме жарық беретін, күннің көзіне жол көрсететін ешкімді кездестірген жоқпын» - деп, балапан жауап берді.

Ақылды қыз балапанның қасына барып, оны құшақтап «ренжіме, айналайын балапан, сенін жүрегін өте жарық, өйткені сен бәріне көмек көрсеттің». «Сен оны қайдан білесің»- деп балапан сұрады.
«Мен өзін-өзі тану сабағына барамын. Онда біз өзін және айналадағы адамдарды түсіну, көмек көрсетуді үйренеміз». Балапан қызға ризалық білдіріп, үйге қайтты. Ол енді біледі, оның жүрегі жарық. Жүрегі балапанды және айналадағының бәрінің жүрегін жылытқанын сезді.

Сұрақ-жауап:- неге балапан жолға аттанды? Балапан кімді кездестірді? Неге ол әр жақсы іс, істеген сайын жүрегінде нәзік қытықты сезді? Қандай жақсы істер жасады? Неге қыз балапанның «жарық жүрегін» көрді? Сендер де осындай балапан болғыларың келе ме?

4. Сергіту сәті. Көңілді әуенмен ырғақты қимыл жасау.
5. Шығармашылық сәті.
- «Жарық жүректі» қалай түсінесіңдер, солай түрлі-түсті қарындаштармен салып беріңдер.

Балалар ақ параққа суреттерін салып тақтаға іледі.
- Қараңдаршы, қандай әдемі, жылы жүректер, суретте. Ал, осындай жүрек адамда болу үшін ол қандай болу керек?
6. Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналады. Балаларға көздерін жұмып, жарық жүректі елестетіп отыруды ұсыну.

7. Қорытындылау. Бүгін біз «жарық жүрек» деген сөздің мағынасын аштық, мейірімділік, қамқорлық, достық не екенін түсіндік, бір-бірімізге жақсылық жасай білуді үйрендік.
8. Жүректен жүрекке. Шеңберге тұрғызып балаларды мадақтап, «алтын жүректер» сыйлау.
19 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Мейірімділік әлеміне саяхат
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Жүрегімде жақсылық
Жүрегімде жақсылық
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа – жай, бөбекжай - балабақшасы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Мейірімділік шуағы
Мейірімділік шуағы
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Қарағанды облысы, Саран қаласы, ОЖББ №4 мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі Шаймұрат Дәмеш
Жетімді жебеп, қолдаған жан
Жетімді жебеп, қолдаған жан
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×