Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су патшалығы

05 ақпан 2013, Сейсенбі
Тақырыбы: «Су патшалығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты :
Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру /түсі мөлдір, түссіз, пішіні жоқ, сұйық зат, буға айналады, қатады/, суды тазарту туралы мәлімет беру.
Дамытушылық мақсаты:
Сабақ тақырыбына байланысты экологиялық ұғымдарын қалыптастыру, баланың танымдық қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ояту және суды үнемдеу, күте білуге үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: тәжірибе сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Су патшалығы кітабы, тарелка, шыныдан жасалған ыдыстар, геометрикалық денелер, фильтр /матадан/, әр балаға май қүйылған су, салфетка, доп, магнитофон.
Әдіс - тәсілдер: дәлелдеу, іздендіру, табу, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелету.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе: « Табиғат дегеніміз не?» /балалармен пікір алысу/
- Ол бізді қоршаған дүние.
- Қандай табиғат болады? /өлі, тірі табиғат/
Магнитофон арқылы судың сарқыраған, толқынның соққан дыбыстарын тыңдату.
- Қандай дыбыстар естідіңдер?
- Су қандай табиғатқа жатады?
- Судың дыбысын қай уақытта естуге болады? /тамшылағанда, сарқырап аққанда, теңіз толқығанда/
Тәрбиеші: Балалар «Су патшасы Сүлеймен» біздерге тамаша кітап беріп жіберіпті/ кітапты көрсету/, бұл кітапты қарап біз су туралы көп нәрсені білеміз, үйренеміз.
Бірінші беті:
«Сиқырлы су»
Тәрбиеші: Судың түсі қандай? Су түссіз, мөлдір./Балаларға оны байқату/
Су сұйық зат дейміз. Қане оны тексеріп көрейік. Менің алдымда көп ыдыстар тұр. Ол қандай ыдыстар? Шыныдан жасалған. Суды тарелкеге құйып көрейік. Не болды?
Су тарелкенің бетіне жайылып кетті. Неге? Су – сұйық.
Алдарыңда геометрикалық денелер жатыр. қандай /шар, цилиндр, куб/ оларды басқа жерге қойсақ олар пішінің өзгерте ме? Жоқ! Олар өзгермейді.
Тағыда суды басқа ыдыстарға құйып көрейік, өзгере ме екен?
Су, құйған ыдыстың пішінің қабылдады.
Сонымен біз не байқадық? Судың өзінің пішіні бар ма екен? Жоқ. Ол құйған ыдыстың пішінің алады.
Су табиғатта 3 түрде кездеседі. 1 түрі - сұйық, 2 қыста қатады, мұзға айналады, 3 түрі - бу күйінде болады.
Д/ойын: «Жақсы - жаман» /екі топқа бөлініп,/
Бірінші топ «Су - жақсы. Неге?»
Екінші топ: «Су - жаман. Неге?» деген сұрақтарға жауап береді
Жақсы - суды ішеміз, жуынамыз, шынығамыз, тамаққа керек, ыдыс, ойыншық,
киімдерді жуамыз, гүлдерге, өсімдіктерге қүйямыз, құстар мекендейді, балықтарға керек....
Жаман: мұздай суды ішсең аурып қаласың, ыссы суға күйіп қаласың, суға тайып құлауға болады, батып кетесің, су тасқыны болады, үйлерді құлатады...

Екінші беті
«Судың ғажайып тұрғындары»
Су патшасы өзінің су асты патшалығымен таныстырғысы келіп отыр.
Суретте нелерді көріп отырсыңдар. Су асты толы тіршілікке. дельфиндер,
шортан, алабұға, жайын, шаяндар, балдырлар.
Теңіз жұлдыздары – тармақтарын қыбырлата баяу жылжып, теңіз түбінен жем іздейді; сегізаяқтар - олардың аяқтары тұп - тура басынан өсіп шығады;
- Бас бітімі ертегіде айтылатын жүйрік аттың басынан аумайтын бір ғажайып балық
бар, ол теңіз атбас балығы.
- Балдырлардың арасында бір жіп - жіңішке, ұзын балық тіршілік етеді. оның тұмсығы
үшкір, құйрығы тіпті жіп - жіңішке, ол инебалық
Балықтар су астында әр түрлі дыбыс шығарады. Міне мынау - теңіз әтеші. Шынына келгенде ол әтеш ше шақыра алмайды, бірақ оның есесіне қатты шырылдайды. Түсі нағыз әтештің түсіндей қызыл ала.
Сұрақ-жауап:
- Аяқтары көп балықты ата?
- Аяқтары нешеу?
- Жіп - жіңішке, ұзын балықты ата?
Қатты шырылдайтын қандай балық?
Сергіту сәті: «Теңіз толқындары»
Теңізбен толқиық бір,
Теңізбен толқиық екі,
Теңізбен толқиық үш,
Шоршып, шоршып алайық
Су түбіне батайық, сол күйіңде қатайық.
Үшінші беті
«Су - тіршілік көзі»
Судың қандай пайдасы бар? Ол неге қажет? Сурет бойынша суды неге пайдаланады, ол неге керектігін әңгімелейді.

Төртінші беті
«Судың да, сұрауы бар»
Тәрбиеші: Біз күнделікті өмірде таза су пайдаланамыз. Алдарыңда ыдысқа құйылған майлы суды ішуге болады ма? Жоқ. Неге? Май иісі шығып тұрады, дәмсіз болады.
- Ол су таза болу үшін не істеуіміз керек? Тазарту керек.
- Оны фильтр арқылы тазартуға болады. Ондай фильтрді жәй әншейін жұмсақ матадан істеуге болады. /көрсету/
Тәжірибе: Балалар орындарында отырып ыдыстағы май құйылған суды фильтрден өткізеді.
Тәрбиеші: Су қандай болып шықты? Май қайда кетті? Ол фильтрде /матаның бетінде/ қалып қойды.
Біздің үйлердегі қүнделікті құбырлармен келіп жатқан сулар, оларда фильтрден өткізілген су. Оны арнайы бақылайтын, өткізетін мекемелер бар. Біздің Ақтөбе қаламызда суды тазартып, әр үйге жіберіп отыратын «Ақбұлақ» мекемесі бар.
Су патшасына да өзінің су патшалығының таза болғаның жақсы көреді, ал кейбір адамдар су жағасында демалып суға қоқыс тастап суды ластайтын көрінеді. Су патшасы сіздерден ластанған суды тазартуға көмекке шақырады.
Ойын: «Экологиялық көмек»
Тапсырма: Суды ластаған артық заттарды сызып таста /сурет бойынша жұмыс/
Қорытынды бөлім
Тәрбиеші: Балалар кітап сендерге ұнады ма?. Ал қазір сабақтың соңында «Не үйрендің, не білдің?» атты ойының ойнайық.
Сабақты пысықтау. Тәрбиеші балаларға допты ортада тұрып лақтырады қағып алған бала «су қандай?» «су неге керек?»деген сұраққа жауап береді.
Мысалы: мөлдір, таза, түссіз, дәмсіз, минералды, иіссіз, пішінсіз.
24 877
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Су мен ауа
Су мен ауа
Балаларды су мен ауаны жан - жақты таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы айтып, түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іскерліктерін дамыту. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×