Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақшамшық ойыны /Сақина тастау/

05 ақпан 2013, Сейсенбі
Білім беру саласы:«Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі:Ұлттық ойын ұшқыны
Тақырыбы:Ақшамшық /Сақина тастау/ ойыны, саусақ сыры.
Мақсаты:Балаларды жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға, зеректікке баулу.
Тақпақтарды, жаңылтпаштарды жатқа айтуға үйрету.
Халық ауыз әдебиетін пайдалана білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойнату, жаттау.
Көрнекіліктер:Сақина, тақпақ, жаңылтпаштар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең.
Денсаулығың мықты болсын!
Өмір жасын ұзақ болсын.
Еліңнің сәні бол!
Ата – анаңның әні бол!
Кел, балалар ойын ойнайық,

Өлең жаттату.
Алақанды беттестіріп, қуыстап,
Отырыңдар құр ауаны уыстап.
Бір – екі рет кідіріп те қалған боп,
Бір жүзікті тегіс жағын салған боп.
Сездірмейді берік болса сырға кім,
Осында бір құпия тұрғанын.
Бақыла да өзінше түр - түсінен,
«Жүзікті бер» деп сұра бір кісіден.

«Ақшамшық» ойынның шартымен таныстыру
Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады.
Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қысырыңқырап, қолдарын алға соза отырады.
Жүргізуші сақинаны салып болған соң, ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан - жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Егер екі жағында отырған адам ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады.
Оыйнды 3 - 4 рет ойнату.

Сабақты қорыту
Нені білді: «Ақшамшық» ойының қалай ойналатынын білді
Қандай түсініктерді игерді:, зеректілікті игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойын кезінде жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға үйренді.
19 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары. Өтпелі тақырып: «Жайдары жаз келді». Апталық тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін».
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Сақина (ертегі)
Сақина (ертегі)
Балалар, біз эпиграфта оқығандай халық мұрасы - ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады екен? Тағы бір нақтылап алайық. Жауап: - Ертегі, аңыз, тұрмыс - салт жырлары, батырлар жыры, лиро - эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ....
С дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
С дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×