Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 саны мен цифры

10 қараша 2019, Жексенбі
Математика
Тақырыбы: 1 саны мен цифры
Мақсаты: а) білімділік: балаларды 1 санымен таныстыру, жазылу цифрын үйрету, мағынасын ұғындыру.
ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілеттерін және тілдерін дамыту.
б) тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: 1 саны баспаша, жазбаша, жүрек, нан, Елбасы, ай, күн суреттері
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару
ә) үш топқа бөлу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
б) "Жылы лебіз"

Төртбұрыш: Күннің көзі ашылып
Көкке шашу шашылып
Қарсыластар сендерге
Тілейтінім сәттілік.

Үшбұрыш: Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ал ендеше достарым
Сабаққа ынта саламыз.

Дөңгелек: Достарым менің жол болсын
Дендеріңіз сау болсын
Жақсы оқып сабақты
Бестіктерің мол болсын.

2. Жаңа сабақ
- Өте тамаша балалар. Біз ешкімнен қысылмай тақпақтар айтып, ашық сабақ өткізіп жатырмыз. Ешкімнен қысылмау үшін адамда не болуы керек?
- Мықты жүрек
- Адамда неше жүрек бар?
- 1
- Жүрек жақсы жұмыс істеп, деніміз сау болуы үшін не істеуіміз керек?
- Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану
- Дұрыс тамақтану үшін дастарханға ең бірінші нені қоямыз?
- Нан
- Біз кеше ғана 1 желтоқсан қандай мерекені атап өттік?
- Президент күні
- Қазақстан республикасының ең бірінші президенті кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз бағанадан бері қай сан жайлы айтып жатырмыз?
- 1 саны
- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз 1 саны жайлы болмақшы
(тук - тук, есік қағылады)
- Ой, балалар біреу есік қағып тұрған сияқты, ашайық(1 санының макеті кіреді)
1 саны: Сәлем балақайлар. Мен сендерге математика патшалығынан келіп тұрмын. Сендерде ашық саба болады деп естідім. Мен нөлден кейін бүкіл сандарды бастап тұратын бірінші санмын.
Мысалы аспанда күн мен ай біреу, адамның басы біреу. Мен сендерге бірнеше тапсырмалар алып келдім.
Жақсы орындасаңдар сыйлық беремін.
- Балалар орындаймыз ба?
- Орындаймыз

1 - тапсырма:
- Балалар 1 санына назар аударайық. Ол бір қысқа және бір ұзын таяқшадан тұрады.
Қанекей ауада жазып көрейік.

2 - тапсырма: "Бірді жаз"
1 санын әртүрлі тәсілмен жазу
1 топ: Сіріңкемен 1 санын жазу
2 топ: Түсті қағаздан 1 санын жазу
3 топ: Ермексаздан 1 санын жазу

3 - тапсырма: "Орнын тап"
1. Құстардың ішінен үй құсын тап
2. Әріптердің арасынан дауысты дыбысты тап
3. Жануарлар арасынан үй жануарын тап

4 - тапсырма:
1 санын дәптерге әдемілеп жазу
5 тапсырма: Сергіту жаттығуы
"Санамақ" әнін орындау

3 Қорытындылау
1) - Біз қандай санмен таныстық?
Ойын "Кім жылдам?" Бір орындық қойылады. әр топтан бір оқушыдан шығып, музыкамен билейді.
Музыка өшкенде орындыққа кім жылдам бірінші отырады.
2) - Кім өз денесімен 1 санын көрсете алады?
- Балалар 1 саны сендерге өте разы болып тұр. Сендерге мына сыйлықтарды беруімді өтінді.
Мадақтау

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің
мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі
Кожекова Ақмарал Жанымхановна
36 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Пирамида құрастыру
Пирамида құрастыру
Балаларға пирамида жайлы түсінік беру, үшбұрышпен таныстыру пішіннен пирамида құрап үйрету. Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?
Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Жазира» балабақшасының І санатты тәрбиешісі Бәшенова Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×