Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баскетбол. Баскетбол ойынының ережелері

27 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақ тақырыбы: Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері.
Сабақтың мақсаты:
I. Оқушыларға баскетбол ойынының элементтерін үйрету.
II. Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, күш және т. б. қасиеттерін дамыту.
III. Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт залы.
Сабақтың көрнекілігі: Баскетбол добы, ысқырғыш, шығыршық, кедергі, суреттер.
Сабақтың мазмұны
Әдістемелік нұсқау
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорт секторынан мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру. Бір қалыпты жәй жүгіру. Бой жазу жаттығулар. Үй тапсырмасын тексеру. Акробатикалық жаттығулар.
Дайындық бөлімі
1. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға екі рет, солға екі рет айналдырамыз.
2. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қолды иыққа қою. Бір, екі иықты алға айналдыру. Үш, төрт артқа айналдыру.
3. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бір, екі алға. Үш, төрт артқа қолды ауыстыра сілтеу.
4. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда сол қол белде. Бір, екі солға иілу.
5. Б. Қ. Қолды белге қойып секірудің әр түрлі әдістерін жасаңыз.
II. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері»
1. Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3. Ойын элементтерін үйрету.
- бір орында тұрып оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршытып жаттығу.
- допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту.
- екі қарама - қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып ыршытып тоқтамай бір - біріне кеуде тұстан лақтырып жаттығу.

Эстафеталық ойындар.
Оқушыларды екі топқа баскетбол элементтері бар эстафеталық ойын ойнату.
- кедергінің арасынан допты соғып алып өту
- допты жоғарыдан беру
- допты төменнен беру
- жерге қатар қойылған 5, 6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіре ыршыту
- бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу.

III. Қорытынды бөлім:
Сыныпты сапқа тұрғызу. Бағалау. Мадақтау.
Үйге тапсырма беру:
Баскетбол добымен жаттығулар орындау.
22 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Баскетбол ойынының жалпы ережелері
Баскетбол ойынының жалпы ережелері
Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет ету әдістерін үйрену. Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын спорттық ойындар арқылы жетілдіру.
Баскетбол
Баскетбол
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 ЖОБМ Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Г.Е.Алепарова
Баскетбол. Акробатикалық жаттығулар
Баскетбол. Акробатикалық жаттығулар
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Баскетбол доп беру әдістері
Баскетбол доп беру әдістері
БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміҚалмияров Жансерік Қайратұлы
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×