Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене тәрбиесі (баяндама)

21 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Жәңгір хан атындағы ЖОББМ
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Рафаэль Идрисұлы Денгизбаев

Дене тәрбиесі пәні мектебімізде барлық оқу - тәрбие түзілімімен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушылардың өмірінде маңызды орын алады. Дәстүрлі емес құрал - жабдықтарды тиімді әрі дұрыс пайдалану – сабақтың жүйелілігін арттырып, жаңа дағдылар мен шеберліктерді игеруді тездетеді, әрі бұрын өткен сабақтарды бекітуге септігін тигізеді. Мектепте жұмысты осылай жүргізудің нәтижесінде оқушылар Президенттік және Ұлттық сынамаларды табысты орындауға қол жеткізіп келеді. Сабақты сауатты ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізу арқылы мектеп оқушыларының дене дайындығы мен дене бітімінің дұрыс дамуына тиісті дәрежеде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды да қосымша жүргізу қажет. Біздің мектепте сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда біз жыл сайын дәстүрлі түрде 8 - 9 және 10 - 11 сынып оқушылары арасында мектепішілік спартакиада өткіземіз. Спартакиада бағдарламасына баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, Президенттік және Ұлттық сынамалардың элементтері кіреді. Біз мектепте өтетін әр спартакиадаға оқушылардың көптеп қатысуына мән береміз. Себебі, спорттың баршаға бірдей болуы – мектепте өткізілетін дене шынықтыру мен сауықтыру шараларының басты мақсаты. Сондықтан әр оқушы осындай шараларға қатысу арқылы өзін танып, өзінің ортақ іске қатысы барлығын сезінуі керек.

Жәңгір хан атындағы орта мектепте волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, жас атқыш спорт секциялары мен үйірмелері жұмыс істейді. Мен баскетбол мен тоғызқұмалақ секцияларын жүргіземін. Енді өзім жүргізетін баскетбол секциясының жұмысына толығырақ тоқталайын. Баскетбол секциясына оқушылар таңдау үшін әр оқу жылының аяғында 7, 8, 9 сынып оқушыларының қыздары арасында баскетболдан жарыс өткіземін. Осы сайыстан соң баскетбол секциясына қатысатын қыздарды іріктеп аламын.

Жаңа оқу жылының басында осы қыздар медициналық байқаудан өтеді. Медициналық байқаудың қорытындысы бойынша дене тәрбиесі пәніне қатысуға рұқсат алған оқушылар бірден жаттығуға кіріседі. Алғашқы сабағымда баскетбол ойынының денсаулықты нығайтуға, дене бітімінің және мүсіндерінің әсем болып қалыптасуына зор ықпал ететіндігін оқушыларға ұғынықты тілмен түсіндіремін. Сондай - ақ баскетболдың бойдың өсуі мен мидың дамуына да зор ықпалы бар екендігін айтып, оқушыларға ойын барысында әуелі ми, содан кейін қол мен аяқ қозғалысқа келу керектігін жеткіземін.

Тәжірибеден байқап жүргенімдей қайсыбір оқушылар ешқандай ойланбастан қажетсіз қимылдар жасап, керексіз бағытқа допты айдайды. Нәтижесінде көп қателіктер жібереді.
Баскетболда ойын барысы жиі өзгеріп, алаңдағы жағдай ойыншыларға беймәлім болады. Сондықтан баскетбол ойынында мидың негізгі қызметі алаңдағы қалыптасқан жағдайға тез баға беріп, қарсы әрекеттің тактикалық шешімін шығару болып табылады. Баскетболда ойыншылардың әдіс - тәсілдерді меңгеруі маңызды роль атқарады. Сондықтан мен осы мәселеге көп көңіл бөлемін. Оқушыларды әзірлеу кезінде мен бірінші орынға допты беру тәсілін қоямын.

Өйткені екі команда болып ойнаған кезде үйренуші оқушылар допты мақсатсыз жүргізіп, қалай - солай лақтырады да допты бір - біріне беру тәсіліне тиісті дәрежеде мән бермейді.
Мен допты берудің негізгі ережелері мен ұстанымдары жөнінде оқушылардың жақсы теориялық білімдерінің болуын және ойын кезінде оларды тиімді пайдалануды талап етемін. Баскетбол ойынындағы ұстанымдардың бірі – бұл доптың өз серігіне қарсылас үшін кенеттен, дер кезінде және дәл берілуі. Ойыншы өз серігіне доп бермес бұрын қарсыласын алдайтын қимыл жасауы тиіс. Негізі баскетбол ойынының маңызды ұстанымдары көп, оларды оқушылар жаттығу барысында игереді.
Екінші менің назар аударатын мәселем – ол допты айдау.

Себебі команданың өзара әрекеттесе қимыл жасауы тап осы әрекетке негізделеді. Допты дұрыс айдау – доп айдаушыға(«дриблерге») немесе оның серіктеріне көп ретте допты торға лақтыруға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Сондай - ақ допты дұрыс алып жүру қарсылас бағушыны (прессингті) жеңуге де жәрдемдеседі. Команда қорғаныстан шабуылға шыққан сайын ойыншылар допты айдауды жүзеге асырады. Сондықтан мен өз секция жұмысымда допты айдауға да ерекше көңіл бөлемін.

Секцияны жүргізу барысында әртүрлі жаттығуларды қолданамын. Атап айтқанда сол қолмен және оң қолмен допты айдау, артқа қарай келе жатып допты бірге жүргізу. Доппен бұрылыс жасап айналу. Артқа қарамай допты арқа тұстан бір жақтан екінші жаққа ауыстыру. Сондай - ақ допты екі аяқтың арасынан өткізу арқылы ойынды жүргізу.

Ойыншылардың қимыл - қозғалыстарының және допты қабылдаулары мен өз серіктеріне берулерінің түпкі мақсаты – торға доп түсіру. Сондықтан торға доп лақтыру әдістерін меңгеруге де көп уақытымызды сарп етеміз. Сондай - ақ бұл бөлімде негізгі назарды допты торға лақтырудың техникасына аударамын. Оқушыларға допты торға лақтырудың негізгі ережелерін түсіндіремін. Допты торға лақтыру сәтінде оң қол шынтақтан түзетіліп, қолдың басын алға созу арқылы «иілу» («кивок») жасалып, орындалады.

Жаттығу кезінде оқушыларға өз тәжірибемнен де мынандай ақыл - кеңестер беремін. Допты торға лақтырған кезде доп саусақтың ұштарынан ажыраған соң да оң қолды артқа тартуға болмайды. Сондай - ақ допты торға лақтырғаннан бастап оның соңына дейін торға қарап тұру керектігін ұғындырамын. Егер осы қарапайым ереже орындалмаса, ойыншы доптың ұшу барысын бағамдай алмай қалады да, доптың торға түсу дәлдігі азаяды.

Толық нұсқасын жүктеу
11 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I - IV сыныпта оқитын 7 - 11 жастағы оқушылар жатады.
Оқушыларға мінездемелер үлгісі
Оқушыларға мінездемелер үлгісі
Сыныпқа мінездеме Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ 9 «Ғ» сыныбында 15 оқушы оқиды. Оның 8 қыз, 7 ұл бала. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде.
Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі - сабақ
Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі - сабақ
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі Ұ. Ж. Мухамеджанова
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×