Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еденнен итерілу, кеудені көтеру

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылы, №4 орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Джарлгаева Алия Манасовна

Сабақтың тақырыбы: Еденнен итерілу, кеудені көтеру.
Сабақтың мақсаты:
Сауықтыру: оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғи күш - қуатын арттыру, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен қимыл - қозғалыс қабілеті мүмкіндіктерін білу;
Білімдік: өзін - өзі үнемі дұрыс ұстап, көңілді жүруге баулу;
Тәрбиелік: денені үйлесімді қалыптастырумен бірге оқушыларды адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесіне баулу.
Керекті құралдар: керме.

Сабақтың барысы:
1. Кіріспе - дайындық бөлімі: 8 - 10 минут.
а) Оқушыларды бастапқы ұйымдастыру сапқа тұру, сабаққа сыныптың дайын екендігі жөнінде рапорт беру, бір орындағы саптық жаттығулар.
ә) Сабақтың міндетін хабарлау.
б) Рухани және жағымды қызуқандылықты қамтамасыз ету (ойын әдістерін пайдалана отырып жаттығу жаппай орындау).
в) Жалпы қыздырыну, дене функцияларын біртіндеп кірістіру және бірқалыпты белсенділікке қол жеткізу (шапшаң меңгеруге келетін, қарапайым дене жаттығуларын және бұрын игерілген жаттығуларды, жүру, жүгірудің әр түрлі байланыстарын, т. б. орындау.)
г) Сабақтың негізгі бөлімнің міндеттерін шешуді қамту.

2. ІІ. Негізгі бөлімі: 25 - 30 минут 30 – 32 минут.
Кермеге тартылу бұлшық еттің дамуына ықпал етеді. Сынақ кермені қолмен түзу ұстап немесе асылып тұрғанда орындалады (аяқ жерге тимеу керек).
Тартылғанда адамның иегі кермеден жоғары көтерілуі тиіс. Кермеде 5 сек.- тан артық асылып тұруға не тербеліп тартылуға рұқсат етілмейді. Нәтиже тартылу саны арқылы есептеледі (10, 15 рет және т. б.)
а) Өз денесінің қимыл қозғалыстарын басқару қабілетін дамыту мақсатында жаттығулар техникасына үйрету.
б) Арнаулы білімдерді қалыптастыру.
г) Адамгершілік, интеллектуалдық және ерік - жігерін қамтамасыз ету.
Биік белтемірде бір аяқты сілтей, екінші аяқпен итеріле, асылып тұрған жағдайдан көтеріліп, аударыла тірелу. Түзу тұрған аяқпен сілтеуді жоғары, артқа қарай орындау керек. Сілтеудің басталуында жамбасты артқа алып кетуге болмайды. Тірелуге көшкенге дейін қол бүгілген жағдайда болады. Аяқты артқа жібергеннен (шалқайғаннан) және иықты алға ұмсындырғаннан кейін қолдар бір мезгілде жазылады.

3. Қорытынды бөлімі: 3 – 5 минут.
а) Физиологиялық қызуды және еттің жеке топтарының артық жиырылуын төмендету;
б) Эмоционалдық жағдайды реттеу (қалыпқа келтіретін қозғалыс ойындары).
в) Бағалау.
г) Үйге тапсырма: пресс жасау.
6 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту
Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту; Дене тәрбиесі білімін меңгеру және оның негізін құрайтын қимыл - қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту
Денсаулықты жан-жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене мүсінін дұрыс қалыптастыру; Қуат-күшін, икемділігін, төзімділігі мен табандылығын арттыруға көңіл бөлу;
100м қашықтыққа жүгіру. Кермеге тартылу. Пресс жасату. Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіру
100м қашықтыққа жүгіру. Кермеге тартылу. Пресс жасату. Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіру
Тақырыптар: 100м қашықтыққа жүгіру Кермеге тартылу. Пресс жасату Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіру
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ Дене шынықтыру мұғалімі Пшанов Буранбай Салкенович
Баскетбол
Баскетбол
ШҚО Аягөз қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбекова Гулжамл Букеевна
«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”
«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қызылқоға ауданы № 9 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×