Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылы, №4 орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Джарлгаева Алия Манасовна

Сабақтың тақырыбы: Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту
Сабақтың мақсаты:
Сауықтыру: оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту;
Білімдік: дене тәрбиесі білімін меңгеру және оның негізін құрайтын қимыл - қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру;
Тәрбиелік: баланың күш қуатын, қимыл үйлесімін, төзімділігін тәрбиелеу;
Көрнекі құрал: Арқан, керме.

Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлімі: 8 минут.
1. Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3. Даярлық жаттығуларды жасату:
- бұлшық етті жетілдіруге арналған барлық жаттығулар.
- иық буындарын қозғалысқа түсіретін қол қимылдары;
- ұсақ тастар мен үйеңкі жаңғақтарын (оң және сол қолмен) қашықтыққа лақтыру не нысанаға көздеу;

II. Негізгі бөлімі: 30 минут.
Арқанмен өрмелегенде қолмен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.
Арқанмен өрмелеудің негізгі екі тәсілі қолданылады. Біріншісі - арқанды орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі - арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.
Негізгі жаттығуды орындамас бұрын мынандай дайындық жаттығулары орындалады:
1. арқанға асылып тұрып тербелу;
2. арқанға асылып тұрып аяқты алдына соза жоғары көтеру;
3. асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын (алдына соза жоғары көтеру) қолға тигізу.
Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.

Кермеде орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолмен асылып тұрып тербелу.
2. Екі аяқтың қылтасымен асылу.
3. Бір аяқты іліп алу арқылы кермеге шығу және екі қолға таянып тұру.
4. Кермеге таянып тұрып, алдына аударылып түсу.
5. Шалқадан жатып, кермеден ұстап тартылу.
6. Күшпен тартылу.

III. Қорытынды бөлімі: 5 минут.
1. Бағалау.
2. Үйге тапсырма: жалпы жаттығуларды орындау.
3. Денеге түскен салмақтың күшін жоюға арналған жаттығуларды жасату.
10 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
Допты екі қолмен кеудеден беру техникасымен таныстыру; допты алып жүру техникасын үйрету; айып добын бір қолмен иықтан тастау техникасын жетілдіру.
Еденнен итерілу, кеудені көтеру
Еденнен итерілу, кеудені көтеру
Оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғи күш - қуатын арттыру, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен қимыл - қозғалыс қабілеті мүмкіндіктерін білу;
100м қашықтыққа жүгіру. Кермеге тартылу. Пресс жасату. Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіру
100м қашықтыққа жүгіру. Кермеге тартылу. Пресс жасату. Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіру
Тақырыптар: 100м қашықтыққа жүгіру Кермеге тартылу. Пресс жасату Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіру
Өрмелеу. Аралас асылумен арқанға үш әдіспен өрмелеу
Өрмелеу. Аралас асылумен арқанға үш әдіспен өрмелеу
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылы А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Тажекенов Азамат Умирбаевич
Гимнастика 10 сынып
Гимнастика 10 сынып
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жолдасов Қайрат Досыбаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×