Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасым – өз үйім дарабоз отбасылық сайысы

21 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Отбасым – өз үйім дарабоз отбасылық сайысы
Мақсаты: Ата - аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға және бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты жақсарту аясында, олардың дене қозғалыстарын жетілдіріп, салауатты өмір салтын берік ұстануға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, ата - аналар және балабақша бүлдіршіндері бүгінгі «Дарабоз» отбасылық эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: «Дарабоз»отбасылық сайысында,
Жеңіс үшін бағын сыңап таласуда.
Сайыста әділ баға беретұғын,
Таныстырып өтелік бір әділқазыны да.
1. Балабақша директоры Абулгартаева С. Т
2. Балабақша әдіскері Акжигитова У. М
3. Жаңашыл педагог Дуймбаева Р. А

Жүргізуші: Әр күнді нұрлы таңмен атырамыз,
Сайыстың әр бөлімін бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын ата - аналарды,
4 топты отамызға шақырамыз.

1. Педагог қызметкерлер командасы
2. Көмекші тәрбиешілер командасы
3. Тәрбиешілер командасы

Ендеше сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

Жүргізуші: Он күндік іс - шарасы «Ақботада»,
Сәті түсіп «Дарабоз» атанғалы.
Шымыр болып шыныққан отбасы да,
«Тез жүгір» қалыспайық бір - бірімізден – деп I - бөліміміз
«Көңілді мәре» бөлімін бастайық.

Ойын шарты: Кедергілер арасымен, шашақты қолға ұстап, жүгіріп қайту.
1 - ші әкесі қолына шашақты ұстап, кедергілер арасымен жүгіріп келіп, шашақты анасына қолына ұстатады. Анасы да осылай жүгіріп, қолындағы шашақты баласына ұстатады. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
(Құралдары: Кеглилер, шашақтар - 4)
Жүргізуші: I бөліміміздің бағаларын берелік.

Жүргізуші: Көңіл қойып қарайық,
«Дарабоз» отбасылық сайысын.
Шынығайық бәріміз,
Эстафеталық сайыстан - деп II - бөліміміз «Жылжымалы шеңбер»

Ойын шарты: Шеңберді алға жылжыту арқылы, межеден айналып кері қайту.
(Құралдары: Кругтар - 8, геометриялық пішіндер.)
Жүргізуші: II - бөліміміздің бағаларын берелік.
Жүргізуші: Біз бақытты жанұя,
Жүгіріп, секіре аламыз.
Көк аспанның астында,
Биікке ұшып самғаймыз дей отыра, III - бөліміміз «Теннисші отбасы» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты домалату арқылы, межеден айнала кері қайту. Ойын әрі қарай осылай жалғаса береді.
(Құралдары: Теннистің таяғы - 4, уақ доп - 4, кедергі - 8)
Жүргізуші: III бөліміміздің бағасын берелік.
Жүргізуші: Ендеше соңғы бөліміміз «Кім шапшаң» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Ата - аналары қолдарын айқастырып, ортасына балаларын отырғызып, межеден айналып жүгіріп қайту.

Жүргізуші: Соңғы бөліміміздің бағаларын берелік.
Әділқазы орнықтырар әділдікті,
Отбасылар мықтылығы анықталды.
«Дарабоз» отбасылық сайысында,
«Спортшы» атанған отбасы нағыз мықты - деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Жарысқа қатысқан отбасыларды мадақтап, марапаттады. Осымен бүгінгі отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
форт - Шевченко қаласы, Баутино ауылы
"Ақбота" балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы А. Е. Ермекбаева
«Ақбота»балабақшасының әдіскері Ұ. М. Акжигитова
5 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық – асыл қазынам
Денсаулық – асыл қазынам
Денсаулық – асыл қазынам. Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері бүгінгі жаздық маусымдық іс - шаралар аясына орай денсаулық күніне байланысты «Денсаулық асыл – қазынам» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру.
Көңілді старт эстафеталық жарыстар
Көңілді старт эстафеталық жарыстар
Спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру
Эстафеталық сайыстар
Эстафеталық сайыстар
Құрметті балабақша ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндер, сіздерді «1 - маусым балаларды қорғау күніне» орай өткізіліп жатқан «Біз шыныққан балдырған» атты балабақшаішілік эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Ендеше эстафеталық сайысымызға қатысатын
Даңқ минуты
Даңқ минуты
«Даңқ минуты» отбасылық сайысы
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×