Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорттық сайыс-дода.

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сайыстың тақырыбы: Спорттық сайыс - дода.
Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Керекті спорттық құрал - жабдықтар: доп, секіргіш, тығыз доп, барьер, шеңбер, арқан, қап т. б.
Сайыстың салтанатты түрде ашылуы.
Ән ұранның орындалуы.
Сайыс түрін хабарлау: 9 кезеңнен тұрады

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Спорт пен жылдамдықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру

І - кезең. Құрамалардың таныстыруы.
Қайталама жүгіріс (жүкпен). Бұйрық бойынша жүкпен жүгіріп отырып белгіленген жерге жетіп қайтып отыру.

ІІ - кезең. Допты алып жүгіру.
Әрбір құрама топтары бойынша допты еденге соғып, алып жүреді, белгіленген жерге жетіп, қайта допты алып келіп келесі топ мүшесіне береді.

ІІІ - кезең. Секіртпемен жүгіру.
Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіркп болғанша жалғастырады.
Алғашқы 3 сайыс қорытындысы, әділ - қазылар алқасында; хабарлау.
Шағын би көрінісі (қыздар тобы).

IV - кезең. Кенгуру.
Допты аяқтың қылтасына қысып алып, екі аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.
V - кезең. Кедергілерден өтіп жүгіру.
Кедергіден жүгіріп өтіп, алға қарай сатыда домалап тұрып, жердегі шеңберді үстіден кигізіп жерге қою, қайтарда тура жүгіріп бару.

VI - кезең. Жұптасып шеңбермен жүгіру.
Әрбір топ мүшелері екіден (жұптасып) шеңбер ішінде адымдап жанымен жүгіреді келесі жұпқа шеңберді береді, олар ары қарай осылайша жүгіреді.
Сөз әділқазылар арқасында.
Құрамалардың ұпай сандарын 6 кезең бойынша айтып өту.

VII - кезең. Капитандар сайысы
Сурет салу гантель көтеру. Сұраққа жауап.
1. ХХХ жазғы олимпиада ойыны қай қалада өтті?
Лондон
2. Ең алғашқы Қазақстан қоржынына алтын медаль алып келген кім?
А. Винокуров
3. ХХХ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан қанша медаль алды?
13 медаль

VIII - кезең. Қаппен секіру.
Екі аяққа қапты киіп алып алға секіру.

IX - кезең. Арқан тартыс.
Екі құрама шығып ортадан арқан тартысады кім ұтады, келесі құрамамен шығады. Сайыс аяқталып ұпай сандары есептеледі. Спорттық биден көрініс.
Марапаттау рәсімі.
37 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Біз бақытты жанұямыз
Біз бақытты жанұямыз
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Қазына аралы
Қазына аралы
Тақырыбы: «Қазына аралы» спорттық ойын - сауық
"Толағай" спорттық - отбасылық сайыс
"Толағай" спорттық - отбасылық сайыс
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×