Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты жанұямыз

19 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыру, ата – анамен жақсы достық қатынасын қолдау. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған «Біз бақытты жанұямыз» атты көңілді сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1. Мектебіміздің директоры:
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі:
3. Кіші кешен меңгерушісі:

Жарысқа 4 топ қатысады. Әр бір сайыстың ең жоғарғы балы 5 – тік жүйемен бағаланады.

Кіріспе бөлім
Топтарды ортаға шақыру.
1 – топ «Тұлпар»
Жеңсек тасымаймыз,
Жеңілсек тасымаймыз.
Бірлігіміз жарасқан,
Тұлпар тобынан жалынды сәлем!

2 – топ «Барыс»
Барыс – топтан қалмай жарыс, Ура!

3 – топ «Сұңқар»
Көк аспанда қалықтап
Сұңқар тобы тек алға.
Шарықтай бер, шарықта!

4 – топ «Қыран»
Қыран құстай самғаймыз,
Топтардан біз қалмаймыз.

Негізгі бөлім

Дене қыздыру жаттығулары «Қара жорға» биімен жасалады.
1) Қаппен секіру
Балалар қаптың ішімен жүріп өтіп, мәредегі қапты барып алып келіп әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп барып, секіріп келіп келесі ойыншыға береді, ойын ары қарай жалғасады. Қай топ бірінші береді, сол жеңімпаз атанады.

2) Ендігі сайыс «Арба сайысы»
Спорттық сақиналармен допты итеріп, арасында тұрған кедергі фишкаларды құлатпай мәреге жетіп қайта спорттық сақинамен допты итеріп қайту керек.

3) Доп безгек қағады,
Секіріп еденге.
Секіру сондай – ақ,
Доппенен оңай – ақ.
«Көңілді доптар» сайысы. Секіргіш доптармен секіріп мәре сызығына жетіп, қайта секіріп қайту.

4) «Ғажайып дорба» ойыншықтарды жинату. Ойыншықты алып, алда жатқан дорбаның ішінен өтіп барып мәре сызығында тұрған ойыншық салғышқа жинау.

5) Егер пингвиндер Антарктидада ғана мекендейді десеңіздер қателесесіздер. Қазір бізде «Үлкен пингвиндер» сайысы. Допты екі аяғының арасына қыстырып, арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей жүгіріп өту.

6) Келесі сайыс «Фудбаскет»
Допты теуіп жүгіріп арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей өту. Келесі шығатын қатысушы допты қолымен жерге ұрып жүгіреді. Одан кейінгі қатысушы допты теуіп өтеді.

7) Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқ та бір, қол да бір – деп спорттық сақинамен жүру. Жүру кезінде
спорттық сақиналарды екі қолымен алмастырып айналдыра отырып мәре сызығына жетіп, қайта қайту керек.

8) Ұлттық ойын «Арқан тартыс» арқанның екі жағынан екі топтан бөлініп тартысады.

Енді әділ қазылар алқасынан сайысқа түскен төрт топтың әділ еншілеген ұпай санын сұрайық. Қорытынды ұпай.

Қорытынды: Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау. Барлық қатысушыларға алғыс айту.
Қош дейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар!
54 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт – сенің серігің жарыс
Спорт – сенің серігің жарыс
Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көңілді мәре
Көңілді мәре
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі дене шынықтыру мұғалімі Нұртазин Болат Нұрахметұлы
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Сайыс сабақ
Сайыс сабақ
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×