Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері

Жоғары сынып оқушылары қатарына 9 - 11 сыныптарда оқитын 16 - 18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан - жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан - жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш - жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т. б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;

- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата - ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
- өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін - өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
- тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін - өзі реттеу негіздеріне үйрету.
3. 2. Жоғары сынып оқушылары дене дамуының ерекшеліктері

Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10 - 12 см биік, салмақтары 5 - 8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ - қолдары ұзын болып келеді.

Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19 - 20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20 - 25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20 - 25 жаста жігіттерде, 17 - 20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18 - 20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14 - 16 жаста, саусақ сүйектері 16 - 18 жаста қатып, аяқталады. Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18 - 20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16 - 18, жігіттерде 19 - 20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16 - 18, жігіттерде 18 - 20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13 - 17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17 - 18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1, 5 - 2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.

Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.

Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10 - 15 %- ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6 - 8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100см аз болып келеді.
15 - 17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл - әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.

Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік - жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады. (5 - кесте).

5 - кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты
Қасиеттері ------------------------Жылдық ------------------орташа дамуы
Жалпы дамуы
------------------------------ жігіттер ---- қыздар ------ жігіттер ----қыздар
Жылдамдық -------------------1, 5 ---------0, 2 ----------3, 1--------- 0, 5
Күш ------------------------------ 14,0----------9, 0 ---------28, 0 ----- 18, 0
Жалпы төзімділік ------------2, 1 ---------0, 7 ----------6, 4 -------- 2, 1
Жылдамдық төзімділігі -----2, 1 ------ - 0, 6 ----------6, 3 ------ - 1, 8
Күш төзімділігі ---------------- 8, 5 ------ - 2, 0 ----------26, 7------ - 6, 0
9 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дененің даму қасиеттерін іс - тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. Қозғалыс қимылдарын дамытып, дене
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I - IV сыныпта оқитын 7 - 11 жастағы оқушылар жатады.
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ Дене шынықтыру мұғалімі Пшанов Буранбай Салкенович
Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі - сабақ
Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі - сабақ
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі Ұ. Ж. Мухамеджанова
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×