Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төменгі сөреден шығу тәсілдері. 100 м-ге жүгіру

18 сәуір 2020, Сенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың бөлімдері Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе бөлімі 10 - 12 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу, кезекші мәліметі, сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын, міндетін түсіндіру.
Назар аударатын зейін жаттығулары.
1. Оң - ға 1 - 2
2. Сол - ға 1 - 2
3. Ай - нал 1 - 2
4. Секіріп айнал
Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.
Жүгіріп жасалатын жаттығулар.
Жалпы дене - қимыл жаттығуларды орында тұрып немесе қозғалыста жүріп орындау.

Спорттық киімге назар аудару.
Бұйрықты бірдей орындау.
Дұрыс бұрылуын қадағалау.
Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аудару.

Негізгі бөлім----------20 - 28 минут
Тақырып: 100м жүгіру тәсілдерін түсіндіру. Орындалуын көрсету.
100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады.
1. Төменгі сөреде тұру.
2. Төменгі сөреден шығу.
3. Ара қашықтық бойы жүгіру.
4. Мәреден өту.

Жүгірер алдында жерге бір тізерлеп екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Осы жағдайды төменгі сөрелік қалып деп атайды.
Дайындал деген бұйрық берілгенде жүгіруші артқы тізесі мен денесін сәл көтеріп, ауыз арқылы тез әрі терең тыныс алады. Осы қалыпта ол жүгірудің соңғы бұйрығын күтіп тұрады.
Сөреден шыққанда денеміз бірте-бірте тіктеледі
Қашықтықтың бастапқы кезінде 15 - 25м жерде аяқты жерге қатты тірей басып жүгіру арқылы орындалады.
Серпілу қуатын арттыру үшін санды шапшаң әрі ілгері көтеру маңызды рөл атқарады.
Өзге қашықтықтарға қарағанда адым кеңірек болады.

Жүгірудің соңында шапшаңдықты төмендетпестен мәреден өту керек.
Қашықтықтың ең соңғы адымдарында қатты ұмтылып жеткен дұрыс.
Жүгіруді тек мәреден өткеннен кейін ғана баяулату керек.
Төменгі сөрелік қалыпта тұруды орындау.
Төменгі сөреден шығу тәсілін орындау.
Екі топқа бөліп екі оқушыдан төменгі сөреден 100 метрге жүгіруді орындау.

Эстафеталық ойындар ж. л. элементтерімен
Оқушылардың мұқият тыңдауына назар аудару.
Күшті деп есептеген аяғын артқа қоюын қадағалау.
Жамбас бастан сәл көтеріліп тұрады.
Салмақ екі қолға түсіп тұрады.
Сөреден дұрыс шығуына назар аудару.
Аяқ тік алға,
Бір бағытта басылуын қадағалау.
Әр оқушы өз жолымен жүгіруін қадағалау.
Аяқтарын алшақ басуын қадағалау.
Оқушылар мәреге жақындағанда секірмеуін қадағалау.

Шапшаңдықты төмендетпеуін қадағалау.
Жүгірудің жеңіл дұрыс орындалуы аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде денені шалқайтпай ұстау тез жүгіру мен төзімділіктің кепілі.
Төменгі сөреде дұрыс орналасуын қадағалау.
Төменгі сөреден дұрыс шығуына назар аудару.

Қауіпсіздікті сақтау.
Ережеге сәйкес екі топқа бөліп, эстафеталық ойындар өткізу.

Қорытынды бөлімі 3 - 5 минут

Жалпы сапқа тұрғызу, ескертулер, бағалау, қорытындылау.
Үйге тапсырма
Тынысты қалыпқа келтіру.
Қатысуына қарай бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма
42 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қауіпсіздік ережесі  Төменгі сөре және сөрелік екпін.
Қауіпсіздік ережесі Төменгі сөре және сөрелік екпін.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.4 Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Оқу мақсаты: 3. 1. 1. 1 дене жаттығуларын орындау кезіндегі негізгі қозғалыс әрекеттерін дамыту. Сабақ мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік техникаларын сақтайды. Қысқа қашықтыққа жүгірудің әдіс тәсілдерін менгере алады.
Шағын допты алысқа лақтыру
Шағын допты алысқа лақтыру
Оқу мақсаты: Өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру Сабақ мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік техникаларын сақтайды. Қысқа қашықтыққа жүгірудің әдіс тәсілдерін меңгере алады.
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар
И Искандеров атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Баситов Халмурат Касимович
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ Дене шынықтыру мұғалімі Пшанов Буранбай Салкенович
Жоғары және төменгі сөре
Жоғары және төменгі сөре
Астана қаласы, №53 мектеп - лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×