Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жауырынға тұру гимнастикалық көпір жасау

04 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сыныптар: 6
Сабақтың тақырыбы: «Жауырынға тұру гимнастикалық көпір жасау»
Мақсаты: Білімділік: Акробатикалық жаттығуларды жасай білуі.
Тәрбиелік: Икемдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қимыл – қозғалыстарын дамыту
Дайындық бөлімі: 15 минут
Сапқа тұрғызу, Рапорт қабылдау, Сәлемдесу, Түгендеу,
Спорт киімдеріне көңіл бөлу.

Саптық жаттығу: оңға, солға айналу. Жүгіру: екі қол жоғарыда аяқ ұшымен жүру. Екі қол желкеде, өкшемен жүру. Екі қол белде, аяқ сыртымен жүру. Жүгіру екі қолды алға айналдыра, оң қапталмен жүгіру, екі қолды артқа айналдыра, сол қапталмен жүгіру.
Екі алақанды, табанға тигізе жүгіру. Екі алақанды, тізеге тигізе жүгіру. Отыра жүгіру, екі қол тізеде, оңға, солға секіру. Тұрып жүріске көшу, терең тыныс алып, дем шығару. Бір орныда саптық жүріс жасау. Жалпы дамыту жаттығуларын жасату. Б. Қ. Аяқ арасы иық көлемінде, екі қол белде 1 - 2 оңнан, солға 3 - 4 солдан оңға басты айналдыру. Б. Қ. Екі қол ұшы иықта 1 - 2 алға, 3 - 4 артқа айналдыру. Б. Қ. Екі қол кеуде тұсында тұрып 1 - 2 жартылай, 3 - 4 толық ашып серпу жаттығу жасау. Б. Қ. екі қолды екі жаққа ұзыннан созып, әуелі екі қол ұзын, 4 сан алға, 4сан білекке 4 сан толық айналдыру. Б. Қ. екі қол белде оңға, солға айналдыру. Орнында тұрып 1 - 4 сан оң аяқ, 1 - 4 сол аяқ, 1 - 4 сан қос аяқ секіру.

Әдістемелік нұсқау:
Бойларымен тұрғызу
Тексеру
Киімдерін тексеру.
Бір - біріне кедергі жасамауын қадағалау.
Саптық жаттығуда дұрыс айналуын қадағалау.
Жеңіл аяқ ұшымен жүру
Иықпен аяқ алшақтығы мөлшерінің дәлелдігін қадағалау.
Бәрі бірдей орындауын қадағалау.
Қолды аяқ ұшына жеткізгенде аяқты бүкпеуін қарау.
Білім беру. Акробатикалық жаттығулар жасау. 25 минут
1. Алға, артқа домалау
2. Алға домалап көпір жасау
3. Төсенішке жатып, жауырынмен тұру.

Әдістемелік нұсқау:
Қауіпсіздік ережесін қадағалау
Төсеніш қасына келіп, босатар кезде оң қолдап көтеру, жаттығуды жасап болғасын тұрып, екі қолдан көтеру қажет
Тест беру
Ер балалар
1. Ер балалар секіргішпен неше рет секіру керек?
А) 42
Б) 48
В) 52
2. Бір аяқпен ер балалар неше рет отырып тұру керек?
А) 18
Б) 20
В) 16
3. Ұзындықтан неше метр секіру керек?
А) 155 м
Б) 100 м
В) 120 м
4. Гимнастикалық көпір жасағанда неше секунд тұру керек?
А) 5 сек
Б) 1 сек
В) 3 сек
5. Жауырынмен тұрғанда неше секунд тұру керек?
А) 5сек
Б) 1 сек
В) 3 сек
Қыз балалар
1. Қыз балалар секіргішпен неше рет секіру керек?
А) 44
Б) 40
В) 36
2. Бір аяқпен қыз балалар неше рет отырып тұру керек?
А) 18
Б) 10
В) 12
3. Ұзындықтан неше метр секіру керек?
А)
Б)
В)
4. Гимнастикалық көпір жасағанда неше секунд тұру керек?
А) 3 сек
Б) 5 сек
В) 1 сек
5. Жауырынмен тұрғанда неше секунд тұру керек?
А) 1сек
Б) 3 сек
В) 5 сек

Қорытынды бөлім 5 минут
Оқушылардың үлгерімін және тәртібіндегі қажеттіліктерін айту.
Тәрбиелеу.
Жалпы сапқа тұрғызу
Кеткен қателерін айту
Үйге тапсырма беру
Қоштасу
13 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Қол добы ойын техникасы
Қол добы ойын техникасы
Оқушыларды қол добы ойынының техникасын үйрету, жетілдіру. Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, дамыту.
Тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар
Тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар
Тепе - теңдік сақтайтын жаттығулардың түрлерін біледі және әдістерін ұқыпты орындауға тырысады Жеке, жұптық, топтық жаттығулар
Саптық жаттығулар
Саптық жаттығулар
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абишева Дамеш Арыстанбековна
Гимнастика
Гимнастика
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Имашева Нуржамал Таласбаевна
Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×