Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шөл зонасы 8-класс

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Шөлге біткен қара су,
шекер емей немене?
Халық даналығы.
Сабақтың тақырыбы Шөл зонасы 8 - класс.
Мақсаты
Білімділік шөл зонасының географиялық орны, климаттық жағдайы, органикалық дүниесі туралы, шөлдің түрлеріне сипаттама беру, аймақтың көкейкесті мәселелерін айқындау, оны игеру және табиғатын қорғау туралы қағидаларды қамтитын географиялық білім негіздерін меңгерту.
Дамытушылық көргенді, естігенді, оқығанды зердеге түю арқылы, ойды жүйелеуге, шешімге келуге дағдылану.
Тәрбиелік қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, қорғау білуге ниеттену, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі жаңа сабақ
Әдісі: электронды оқулық мәліметтерін пайдалану, интерактивті, бейнефильм үзіндісі, сөйлеу, эвристикалық, тұжырымдама жазу.
Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, компьютер, эпиграф жазылған плакат, бейнефильм.
Күтілетін нәтижелер
- Оқушылар шөл зонасы туралы жалпылама түсінік бере алады.
- Қазақстанның физикалық картасынан шөлдің аумағын, түрлерін көрсете алады.
- Шөлдердің түрлерінің қалай пайда болғаны туралы мысалдар келтіріп, дәлелдейді.
- Өсімдік пен жануарлар дүниесінің шөлге бейімделудегі заңдылықтарын ашады.
- Шөлдегі дәрілік өсімдіктер жайлы біледі.
- Климатының ерекшелігіне әсер етуші факторларды айқындайды.
- Құмды шөлдер табиғатына талдау жасай алады.
- Шөл зонасындағы көкейкесті мәселелерді көре біледі, шешу жолдарын іздейді.
- Шөлді аймақты игеру және қорғау туралы тұжырымдама жасай алады.

Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту
1. Сабақ интерактивті тақтада алдын - ала жазылған С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқудан басталады.
2. Ой қозғау негізінде «шөл» сөзінен топтастыру жүргізіледі.

3. Мұғалім «Шөл зонасы» деген тақырыпты хабарлап, бүгінгі сабақтың барысы мен мақсатын айқындайды.
4. Оқушылар Қазақстанның физикалық картасына шөл зонасының аумағын, ірі шөлдерін көрсетеді.
5. Интерактивті тақтадан шөлдің түрлері жануарлары мен өсімдіктерінің слайдтары көрсетіледіІІ. Мағынаны тану
1. Электронды оқулықтан тақырып мазмұны тақтаға көрсетіп, оқушылар төмендегідей мәліметтерді дәптерге жазып алады.

2. Шөл зонасы ауданы 117 млн га, республика аумағының 44%- і
климаты континентті, құрғақ.
Қысқы орта температурасы - 5ºС, - 15ºС (- 40ºС)
Жазғы температурасы +24ºС, +30ºС (+70ºС).
Жауын - шашын 100 - 200мм.
Қар қалыңдығы 10 - 15 см.
Бүгінгі тақырыптың мазмұнын өз бетімен игеру мақсатында тақтадағы немесе кітаптағы мәтінді оқып шығаруға алты минут уақыт беріледі.
Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында төмендегі сұрақтар оқылып, жауап беріледі, талданады.
Сұрақтардың мазмұны
1. Шөл зонасының географиялық орнының ерекшелігі қандай, түрлерін ата.
2. Климатының континенті және құрғақ болуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Топырақтың қандай түрлері бар, қара шіріндісінің мөдшері?
4. Ақтөбе облысындағы құмды шөлдерді атап, картадан көрсет.
5. Құмды шөлдер қалай пайда болған?
6. Сазды шөлдердің өсімдігінің түрлері
7. Құмды шөлдердің табиғатының ерекшелігі.
8. Эфемерлер мен эфемероидтар деген не?
9. Шөлде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы не білесіз?
10. Шөл зонасының өсімдіктері мен жануарлары климатының қатаңдығына қалай бейімделген?
11. Табиғатын қорғау мақсатындағы іс - шаралар туралы не білеміз?
ІІІ. Мағынаны дамыту.
Мазмұнды толықтыру, ғылыми қағидалары дамыту үшін шөлдегі көкейкеті мәселелерді айқындау және оның шешу жолдарын қарастыру жөнінде оқушылардың ой - пікірлері, ұсыныстары тыңдалады.

ІҮ. Жаңа тақырыптан алған білімді жұйелеу бағытында, тұжырымдама жасауға дайындау үшін төмендегі қосымша мәліметтер беріледі.
1. Сабақтың эпиграфы оқылады, талданады.
2. «На зов поющего бархана» бейнефильмінен үзінді беріледі.
Ү. Ой - толғаныс
3. Алған білімнің ұзақтығы, біртұтастығы және өміршеңдігін көздейтін «Шөлді мекенді игеру және қорғау» тақырыбында оқушылар шағын тұжырымдама жазып, оқиды.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма. «Шөл зонасы» тақырыбын оқу, «Шөлдегі тіршілік» тақырыбына эссе жазу.
8 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары
Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары
Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, оқыту барысында интербелсенді әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Қазақстанның табиғат зоналары
Қазақстанның табиғат зоналары
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль Кыдырбаевна
Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау
Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Жұбан Молдағалиев атындағы МДШО орта мектебінің география пәнінің мұғалімі: Дандыбаев Ерлан Жолдыбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×