Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфералық жауын - шашын

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Атмосфералық жауын - шашын
Мақсат - міндеттер:
Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, «Тұман және бұлт» тақырыбын қорытындылау негізінде білімді қалыптастыру, оқушыларға атмосфералық жауын - шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: интерактивтік тақта, тест, кестелер
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Оқыту әдістері: Сұрақ - жауап
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІІ кезең – өткен тақырыпты сұрау (19 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты түсіндіру, білім мен икемділіктерін бекіту (20 мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин) V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім - жоғын сынып әкіміне сабақ соңында параққа түсіріп жазып беруін сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Ең алдымен мұғалім оқулықпен жұмыс істеу тәртібімен таныстырады. Содан кейін үй тапсырмасын сұрайды. Үй тапсырмасы сұрақ - жауап түрінде болады.
Миға шабуыл стратегиясы.

Үй тапсырмасын тексеру
1. Тұман дегеніміз не? Олар қалай пайда болады?
2.. Бұлт қандай түрлерге бөлінеді?
3. Будақ бұлт жайлы мәлімет
4. Қабат бұлт қандай болады?
5. Шарбы бұлт қандай болады?
6. Күн мен Ай қандай жағдайда қораланады?
7. Бұлттылық деген не?
8. Бұлттылық неше баллмен өлшенеді?
9. Біздің жерімізде бұлттың қандай түрі болады?

Тамшылар бір - біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды,
яғни ЖАҢБЫР жауады
Жаңбыр бұлты жоғары өрлеген жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде
жерге БҰРШАҚ жауады.
Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір - бірімен жабысып ҚАРҒА айналады
Күзде, қыста және көктемде жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен жанасқанда бойындағы су тамшылары мұз қатып, шөп, бұта т. б. байланысқанда ҚЫРАУ пайда болады
Қалың тұманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып, ұсақ қиыршық мұз сымғағ ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны ҚЫЛАУ деп атайды.
Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен ауаға су булары көп жинақталады. Жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т. б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни ШЫҚ түседі

Кестені толтыр
Жауын - шашын түрлері
Жаңбыр
Қар
Бұршақ
Қандай ауа - райында түседі?
Жылдың қандай мезгілінде түседі?
Қандай бұлттардан түседі?

ТЕСТ

1. Өте биікте, жауын - шашын жаумайтын бұлт:
A) Будақ
B) Қабат
C) Шарбы
2. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
А) Ауа температурасы.
В) Атмосфералық жауын - шашын.
С) Атмосфералық қысым.
3. Атмосфераның төменгі қабаты
А) Тропосфера.
В) Стратосфера.
С) Мезосфера.
4. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық
А) Тәуліктік орташа температура.
В) Температураның тәуліктік амплитудасы.
С) Ауа-райыныз өзгерісі.
5. Ауаның құрамындағы ең көп кездесетін газ.:
A) оттегі
B) азот
C) көмір қышқыл газ.
6. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:
A) Ылғадылық
B) Конденсация
C) Амплитуда

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 026
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту.
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстанда жауын-шашынның таралуының әркелкілігін картамен жұмыс жасау. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымын қалыптастырып, географиялық есеп шығарту;
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×