Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үнді мұхиты, Тынық мұхиты

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: География
Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үнді мұхиты, Тынық мұхиты
Сабақтың мақсаты:
1. Үнді және Тынық мұхиттарының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, өсімдіктері мен жануарлары жайлы білім беру.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту.
3. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға баулу
Сабақ нәтижесі: Үнді және Тынық мұхиттар жайлы мәліметтер бере алады.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: «Топтастыру», «Қызығушылықты ояту», «Миға шабуыл», «Ментальді карта», «Венн диаграммасы», «Ас картасы», «Бір айналым сұхбат», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек», т. б.
Сабақтың тәсілдері: Топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық презентация және бейне ролик, интерактивті тақта, карта, дидактикалық материалдар, «Тұлғалар» буклеті.
Пәнаралық байланыс: Информатика, Сурет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топтастыру (Геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа топтастырамын. Әр геометриялық фигурада географиялық суреттер бейнеленген).
Төртбұрыш -«Карта» тобы
Дөңгелек -«Глобус» тобы
Үшбұрыш – «Білім» тобы

ІІ. Үйге берілген тапсырманы анықтау.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, «Қазақстан - Үнді мұхиты - Тынық мұхиты» бағытындағы саяхат сабағы. Барлығымыз бірге саяхатқа шығайық.
«Қазақстан - Үнді мұхиты - Тынық мұхиты» бағытындағы пойызға билет алу ережесі:
Оқушылар (жолаушылар) берілген тапсырмаларды орындап, жетон алады. Жетонды кассаға барып пойыз билетіне ауыстырады.
1 тапсырманы орындаса 2 жетон
2 тапсырманы орындаса 4 жетон беріледі.
Пойызға отырғызу ережесі:
Қолында 3 - 4 жетоны бар топ «Купеге» билет алады.
Екі жетоны бар топ «Плацкартқа» билет алады.
Берілген тапсырманы орындау кезінде қиындыққа тап болсаң, «Анықтама бюросынан» көмек сұрауыңа болады.

«Анықтама бюросының» ережесі:
1. «Анықтама бюросы» көмекті ақылы түрде жүргізеді.
2. 1 тапсырмаға көмек берсе, 1 жетонды тастайсың.
3. 2 тапсырмаға көмек берсе, 2 жетонды тастайсың.
Пойызға міну үшін біз тапсырмаларды тиянақты орындауымыз қажет. Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақстан - Үнді мұхиты - Тынық мұхиты» бағытындағы пойызға отырғызу жүргізілуде. Құрметті жолаушы топтар қандай сезімдесіздер.
(Ақ параққа жабыстыру)
Тапсырмалар:
№1 Атлант мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхиттардың құжаттарын толтырғандарын тексеру.
№2 «Миға шабуыл»
1. Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит (Атлант мұхиты)
2. Атлант мұхиты атауын Африканың солтүстік - батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған кімдер? (Ежелгі гректер)
3. Ең терең шұңғымасы 8742м (Пуэрто - Рико шұңғымасы)
4. Атлант мұхитында негізінен қандай балдырлар өседі? (жасыл, қызыл қоңыр балдырлар)
5. Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхитты ата (Солтүстік Мұзды мұхит)
6. Солтүстік Мұзды мұхиты қай полюске жақын орналасқан? (Солтүстік полюске)
Топтағы оқушылардың жетондарын санап, кассаға барып билетке ауыстырып, пойызға отырғызу

ІҮ. Сабақтың мақсатын қою.
Оқушылардың назарын бүгінгі сабақтың негізгі танымдық мақсатына аудару.
Қызығушылықты ояту
Солтүстігінде Еуразиямен шектеседі. Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары бар. Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Бұл қандай мұхит? (Үнді мұхиты)
Ең терең жері Мариан шұңғымасы деп аталатын мұхит қалай аталады? (Тынық)
Жарайсыздар, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Үнді мұхиты және тынық мұхиты»
Біз енді саяхатымызды пойыздан түсіп ары қарай кемемен жалғастырамыз.
Кемеге міну үшін төмендегі тапсырманы орындауымыз қажет.
«Ментальді карта» әдісі бойынша топтарға плакат таратылады. Оған жаңа тақырып бойынша не білетіндіктерін жазады.
Топтардың плакаттарынан қорытынды шығару.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.
Үлкен кемемен біз қай мұхитта жүзіп келеміз? (Үнді)
Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі. Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 - 1499 жж) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 512
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәні мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих-география пәні мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С. Сейфуллин атындағы №165 мектептің география пәнінің мұғалімі Жабагиева Гульсара Жұбаназарқызы
Мұхиттар
Мұхиттар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің география пәні мұғалімі Тілеп Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×