Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батыс Европа

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Батыс Европа.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты: 90 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге дүние жүзінің аймақтарына сипаттама беруді, әр елдің орнын, аумағын, шекарасын, халқының санын орналасуын, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын оқыту.
Дамытушылық: Есте сақтау мен қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Төзімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Бағдарламалап оқыту;
Бақылау және бағалау;
Ынталандыру;
Бағыт - бағдар беру.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
1. Аралас және ауызша сұрау.
2. Картамен жұмыс.
3. Өзін - өзі бағалау.
4. Іздену.
5. Бақылау арқылы мадақтау әдістері.
• Пәнішілік байланыс: Дүние жүзі тарих, Этнология, Физикалық география


Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
Дүние жүзі тарихы - Шетелдік Европаның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи даму ерекшеліктері.
Этнология - Халықтың қоныстануын, көшіп - қонуы
Физикалық география - жер бедерін, пайдалы қазбаларын, климаты, табиғат зоналары.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар: Дүние жүзі саяси картасы
Үлестірме материалдар: тесттер, тарқатпалар
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта
Сабақ барысында қолданылатын оқу - әдістемелік құралдар:
Негізгі: География В. П Максаковский. А. 2007ж
Қосымша: 1 География «Шың»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Студенттерді түгелдеп сабаққа әзірлеу.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
1. Батыс Европаның аумағы, шекарасы, орны.
2. Экономикалық жағдайының ерекшеліктері.
3. Табиғат жағдайлары мен байлықтары.
4. Батыс Европаның халқы.
5. Батыс Европаның өнеркәсібі.
6. Европаның ауыл шаруашылығы.
7. Европаның дамыған елдері.
3. Үй жұмысын тексеру және студенттердің білімін бақылау (15 мин):
тест, тірек схемалар, карточкалар мен жұмыс, ауызша сұрау.
1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар
2. Дүниежүзілік сауда.
3. Экономикасы ашық елдер.
4. Халықаралық несие - қаржы қатынастары.
5. Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері.

4. Баға қою және түсінік беру (5 мин)
Студенттерді бағалау параметрі:
5. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (35 минут)
Батыс Европа.
Шетелдік Европаның ауданы - 10 млн шаршы шақырым.
ШЕ солтүстіктен оңтүстікке (Шпицберген аралынан Крит аралына дейін) қарай 5 мың км - ге, батыстан шығысқа қарай 3 мың км - ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Шағын мемлекеттерді қосқанда, экономикалық және мәдени қатынасымен өзара байланысқан 42 шақты егеменді мемлекеттерден құралып отыр.
Шетелдік Европа 4 ірі аймаққа бөлінеді:
1) Шығыс Европа (1, 2 млн км²)
2) Орта Европа (1, 5 млн км²)
3) Солтүстік Европа (1, 3 млн км²)
4) Оңтүстік Европа (1, 1 млн км²)

Экономикалық жағдайының ерекшеліктері.
Көрші мемлекеттермен тікелей шектесуі және теңіз маңында орналасуы. Саяси картасы 3 рет өзгерістен өткен: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс, ШЕ елдерінің құрылысының өзгеруі. Аймақтың саяси бірігулері: Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым (ОБСЕ), Европа кеңесі (ЕК), НАТО.

Табиғат жағдайлары мен байлықтары.
- Европаның өнеркәсіптеріне қажетті шикізаттардың (пайдалы қазбалар) шоғырлануы өте маңызды.
- Европадағы тас көмір алаптары: Германиядағы «Рур», Польшадағы «Жоғары Силезия», Ұлыбританиядағы «Уэльс», Йоркшир т. б.
- Мұнай - газ - Солтүстік теңіз алабы: (Нидерланды)
- Темір кен орындары: Кируна (Швеция), Лотарингия (Франция)
- Европаның ірі қара металлургия орталықтары: Германия, Ұлыбритания, Франция, Украина, Ресей, Шығыс Европа елдері (Польша, Чехия).
- Мыс кен орны: «Төменгі Силезия»(Польша)
- Орман ресурстары: Швеция, Финляндия.
- Суармалы жерлер: Испания, Италия.

Батыс Европаның халқы.
Шетелдік Европаның халқының саны – 730 млн адам.
- Шетелдік Европа - дүние жүзіндегі халық неғұрлым жиі орналасқан аймақтың бірі (1 шаршы шақырымға - 100 адамнан келеді).
- демографиялық жағдай күрт төмендеп кетті, себебі халықтың ұдайы өсуі теңеліп, жас құрамы өзгеруде, егде адамдар үлесі артып отыр.
- иммиграция басым.
- Шетелдік Европа ХІХ - ғасырдағы эмиграция ошағы.
- Шетелдік Европа халқы үнді - европалық тіл әулетіне жатады.
- Шетелдік Европаның діні - христиан діні.
Урбанизация деңгейі жоғары. Қала халқы басым 90% дейін шоғырланған.
- Ірі агломерациялары: лондон, Париж, Рейн - Рур, Мәскеу
- Европадағы «Үлкен жетілікке» кіретін елдер: Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия.

Батыс Европаның өнеркәсібі.
Европадағы өнеркәсіптің негізгі саласы - машина жасау. Өндірілетін барлық өнімнің 1/3 - і және экспорттың 2/3 - сі үлесіне тиеді. Жетекші автомобиль өнеркәсіптері:
«Мерседес», «ВМW»Германия, «Рено», «Пежо»Франция, «Татра», «Шкода»Чехия, «Фиат» Италия, «Вольво»Швеция.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар
ОҚО, Түркістан қаласы, "Түркістан" көпсалалы медицина колледжі тарих география пәндерінің оқытушысы Аймбетова Лаззат Музафарқызы
Солтүстік және Батыс Европа елдері
Солтүстік және Батыс Европа елдері
Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×