Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 мин

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге 1920 жылдардағы дүние жүзінің халықаралық жағдайына және халықаралық қатынастардағы Ресей мәселесіне, екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында халықаралық қатынастарға сипаттама беру.
Дамытушылық: Есте сақтау мен ойлау өрісін дамыту, оқиғаны баяндау қабілетін, тыңдау қабілетін қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, дүниежүзі халқына құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
▪ Бақылау және бағалау
▪ Ынталандыру
▪ Бағыт - бағдар беру.

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
▪ Аралас және ауызша сұрау
▪ Картамен жұмыс
▪ Өзін - өзі бағалау
▪ Іздену
▪ Бақылау арқылы мадақтау әдістері

Пәнішілік байланыс: ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы Еуропа және АҚШ елдері, Екі
соғыс аралығындағы Шығыс елдері, Латын Америка елдері.
Пән аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
География, Саясаттану, Мәдениеттану, Әлеуметтану
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: «Дүние жүзінің саяси картасы», слайдтар.
Үлестірме материалдар: қима қағаз, тест.
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, сд, дvд.

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін
тексеріп, журнал толтыру.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
Сабақ тақырыбының мотивациясына тоқталып, студенттерден Латын Америка елдеріндегі өнеркәсіп орындарының дамуын, ұсақ буржуазиялық демократтардың күресінің белең алуын, мемлекеттердің дамуы қиын кезеңдерден тұрғанын сұрау.

4 Үй тапсырмасын пысықтау: (20 минут)
Төменде көрсетілген кестені толтырыңыз:

5. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру:
Студенттерге Еуропада ХХ ғасырдың - 20 жылдарындағы «Пацифизм дәуірі» деп аталуын, дағдарыс жылдарында Версаль - Вашингтон жүйесінің күйреу себебін, ұжымдық қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі және басшыларды татуластыру саясатына сипаттама беру.

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар
20 — 30 - жылдардағы халықаралық қатынастар. Соғыстар аралығындағы халықаралық қатынастарды 20 - жылдардағы және 30 - жылдардағы деп eкi кезеңге бөлуге болады.
Алғашқы кезде соғыста жеңіске жеткен елдер мен жеңілген елдердің арасында өзара келісімшарттар жасалды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан зардап көрген халықтар бейбітшілікті жақтап, соғысқа қарсы тұру көзқарасы қалыптасты. Сондықтан 20 - жылдар пацифизм дәуірі аталып, мемлекет басшылары елдер арасындағы қайшылықтарды бейбіт түрде шешуге көшті.
Версаль - Вашингтон жүйесінің күйреyi. Халықаралық қатынастарда шиеленістер бірінен соң бipi туындап отырды. Солардың біріне соғыстан кейін төлемдерге қатысты "Рур дағдарысы" жатады.
Жеңілген Германия 132 млрд марка деп есептелген соғыс шығынын өтеуге мәжбүр болды. Соғыстан кейін әскери күшке сүйенген Франция өз үстемдігінен Еуропаға орнатпақ болып, басқалармен санаспай қоқан - лоқылыққа салды. 1923 жылы Германия жағы соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, Франция және Бельгия немістердің Рур облысына әскерлерін енгізді.

Бұл дағдарысты реттеуге Англия, АҚШ, т. б. елдер атсалысып, 1924 жылы халықаралық капитал ұсынған "Дауэс жоспары" қабылданды. (Дауэс — неміс банктерімен және кәсіпорындарымен тығыз байланыста болған Американың Морган тобының өкілі). Ол жоспар Германия төлем ақысын жыл сайын 1 млрд маркамен есептеп, елдің жағдайы жөнделе бастағанда 3 млрд маркаға дейін жеткізуді белгіледі. Соғыс шығындарын өтеу мәселесі неміс халқының наразылығын тудырып, барған сайын қарсыласуды ұлғайтты.

Мұндай әрекетке жол бермеу үшін, сондай - ақ Францияны сабасына түсіру үшін Ұлыбритания мен Италия ұсынысы бойынша 1925 жылы Локарно қаласында (Швейцария) сыртқы icтep министрлері кездесті. Кездесуге олардан басқа Франция, Бельгия, Германия мемлекеттері шақырылды. Соның нәтижесінде Рейн кепілдік пактісіне қол қойылып, ол Еуропада қалыптасқан шекаралардың бұзылмайтындығын мәлімдейді. Польшаға, Чехословакияға шарттық кепілдік берілді. Олар Германияның батыс шекараларына ешкім тиіспейді деп шешеді. Сөйтіп, шиеленіс бәсеңдеп, Германияның Еуропа елдерімен саяси теңдігі мойындатылды. Бірақ Локарнодағы келісімде Герма¬нияның Шығыстағы шекаралары келешекте қарастырылуы мүмкін делінген болатын. Сөйтіп, неміс: халқының бөлінгендігі және олардың кейін бip - бірімен қосылуы туралы пікір туа бастады. Бұл Версаль жүйесінің әділетсіздігін делелдегендей болды. Соны кейін неміс дипломатиясы алға тартып, Судет пен Австрияны Германияға қосу
мәселесін көтерді.

"Дауэс жоспары" Германия шаруашылығының тез жетілуіне жәрдемдесті. Немістер соғыс шығындарын өтеуді жеңілдетуде, керек болса жоюды көздеді. 1929 жылы тамызда Гаагада өткен халықаралық конференция жаңа "Юнг жоспарын" бекітіп, Германияның жылдық төлемін 2 млрд. маркага дейін азайтты.
Ұлттар Лигасының дәрменсіздігі. Келесі дау қарусыздандыру мәселесіне байланысты болды. Батыс елдері оған КСРО - ны да қатыстыруға тырысты. Бірақ ол көп уақыт бойы ешқандай нәтиже бермеді. 1927 жылы теңіздегі әскери күштерді шектеу туралы келіссөздер жеміссіз аяқталды. Ipi елдердің бip - бipінe сенімсіздікпен қарауы ұлғая берді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 677
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
Соғыстың аяқталуы мен нәтижесін баяндау арқылы бейбітшілік өмірді бағалай білуге; бейбітшілікті ту еткен БҰҰ құрылуы туралы түсіндіру арқылы достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Батыс Европа
Батыс Европа
ОҚО, Түркістан қаласы, "Түркістан" көпсалалы медицина колледжі тарих география пәндерінің оқытушысы Аймбетова Лаззат Музафарқызы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М. Әуезов атындағы орта мектебі"КММ мұғалім Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы
Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шакирова Жанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×