Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

07 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің таралу аймақтарын сипаттау. Өсімдік пен жануарлар дүниесінің зона бойынша таралу себептерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапсырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту. «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тоқталу.
Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағыттау арқылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, Ес картасы
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстанның физикалық картасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне арналған бейне айдар, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, тарих
I. Ұйымдастыру
а. амандасу
б. түгендеу
с. сабаққа көңіл аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сабаққа деген ынтасын арттыру, жігерлендіру мақсатында ұрандарын айту.

Міне, міне тірі гүлдер, тірі гүлдер тұр өсіп,
Бұл далада бақыт шақтың баяны үшін күресіп...
Өткен күндер дауылымен құмдар толқып шайқалған,
Сол бір дауыл талай ізді кетті - ау көміп, майталман!
О, ғажайып, жаңа гүлдер ескі жұртта тұр өсіп,
Бұл даланың рухы үшін мәңгі - бақи күресіп.
Сол гүлдерді иіскеп, сүйіп жүрсе біреу далада
Ұқсайды ол өз баласын жетектеген анаға.
Қара топырақты зона
1. Қара топырақты зона Қазақстанның қай аймағына тән? /Солтүстік, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан/
2. Қара топырақтың 3 түрін атап көрсет? /гумустылығы шамалы, жай гумысты қара, қуаң даланың қара топырағы /
Қара қоңыр топырақты зона
1. Бұл топырақ қай жерлерде кездеседі? /Орт. Қаз., ШҚО жазық жерлерінде/
2. Қара қоңыр топыраққа тән сипат және бұл қай зонаға тән? /тым құрғақ, шөлейтті аймаққа тән/
Қоңыр және сұр қоңыр топырақты зонасы
1. Бұл топырақ түрі қай өңірде көп таралған? /Оңтүстік Қазақстанды түгел қамтыған/
2. Қоңыр және сұр қоңыр топырақтың құрамы? /гумусы аз, сондықтан мал шаруашылығына, суармалы егіншілікке тиімді/

3. Қазіргі таңда топырақ қалай ластанып жатыр? Өз өңіріңнің эрозияға ұшыраған топырағына қандай шара қолданар едің?
(Оқушылар өз ойларын дәптерге түсіру)
Кескін картамен жұмыс

2. Тапқыр болсаң шешіп көр......(жұмбақтар шешу)
1. Топырақтың кемітетін құнарлығын
Атаңдаршы табиғаттың бір апатын /топырақ эрозиясы/

2. Жеріміздің көп бөлігі жазықтықтан,
Және де күшті желден жиі соққан
Тың және тыңайған жерлеріміз,
Егістікке жарамай істен шыққан.
Эрозияның қай түрі топырақты,
Осындай жағдайларға ұшыратқан?. /жел эрозиясы/

3. 1955 - 58 жылдар аралығында
805 мың гектар жер ұшырады эрозияға,
Бұл жағдай Павлодардан орын алса,
Кездесті тағы қай облыс ауданында /Қостанай облысы, Әулиекөл/

4. Топырақ қабаты болуы үшін қайта жаңа,
Құрылу үрдісі созылған қанша сан мың жылға /1400 - 7000/

5. Басында ұсақ жыралар пайда болған,
Суарған сайын ойылып сайға айналған.
Сай – саламен жыралардың көбеюі,
Адамдардың тиімсіз жағдайынан,
Эрозияның қай түріне жатады бұл?
Шайылып кеткен топырақ аққан судан. /су эрозиясы/

III. Жаңа сабақ.
Барысы: Кіріспе сөз.
Оқушылар жұмбағымызды шешіп болсақ, қолдарыңыздағы жетондарыңыздың сыртқы бетіндегі суретке назар аударыңыздар. Не бейнеленген, қалай ойлайсыздар?

Қазақстан өсімдіктерінің қалыптасуына өте көп уақыт кетті. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты 2 - ге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер дамыған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты орман өсіп тұрған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 986
0
  • 20
3 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қазақстан өсімдіктері су басып жатқан кезен, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Қазақстанның топырақ жамылғысы (географиядан күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның топырақ жамылғысы (географиядан күнделікті сабақ жоспары)
Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×