Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер құрылысының жалпы сипаты

24 қараша 2012, Сенбі
Категориясы: География
Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жер құрылысының жалпы сипаты
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: Картадан материктерді, мұхиттарды, теңіздерді, көрсете білу және сипаттай алу. Тақырыптағы өзекті мәселе жердің әрбір қабығы өзіне тән заттардан тұратындығы. Олардың үнемі қозғалыста болуы, ондағы болатын құбылыстардың ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
Білімділігі: Оқушыларға «Пангея», «Панталасса», «Гондвана», «Лавразия» ұғымдары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: СТО, баяндау, сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, сабақта АКТ-ны пайдалану, семантикалық карта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
ІІ. Үйге берілген тапсырма. §13 Ай-Жердің серігі
Аспан денелерінің арасындағы Жерге ең жақыны не?
Жер мен Айдың ара қашықтығы неше?
Айдың диаметрі Жерден неше еседей аз?
Ай Жерді қанша тәулікте айналып өтеді?
Күн жүйесіндегі қай ғаламшарлардың серігі жоқ?
Ай бетіндегі ғарышкерлердің іздері не себепті ғасырлар бойына сақталған?
Толысу дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Біздің ғаламшарымыз ортасындағы ядросынан бастап атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірнеше қабаттардан тұрады (атлас 1-бет) Литосфераның жоғарғы қабаты (жер құртысы) жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз.

Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғат кешендері-материктер мен мұхиттар қалыптасты. Дүние жүзінде алты материк немесе алты құрлық бар. Еуразия, Африка, солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Ал, мұхиттардың саны төртеу. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны мен пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз қалған Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақытта болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке ажыраған. Олардың арасында Тетис теңізі (мұхиты) пайда болған. Кейіннен ірі материктердің одан әрі бөлінуінен Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхит пайда болды. Ал Тынық мұхит ежелгі Панталассаның қалдығы. Қазіргі таңда материктер біртіндеп Тынық мұхитқа қарай жылжуда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту.
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы Тақырып: Атмосфера-Жердің ауа қабаты. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×