Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа райы

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Атырау обылысы,
Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылы
Ганюшкин мектебинде география пәні мұғалімі
Рахимова Бекзада

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Ауа массаларының түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой – өрісін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру. Әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Слайд, стикер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
Ассоцияық сөйлем арқылы топқа бөлу. Үй тапсырмасы бойынша сөйлем беріледі. Сол сөйлем арқылы 3 топқа бөлінеміз.
1 - топ. Желдің пайда болуы
2 - топ. Желдің жылдамдығы мен бағыты
3 - топ. Бриз және муссон желдері.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақты қағып ал» әдісі.
Допты бір - біріне лақтыру арқылы бір біріне сұрақтар қойылады.
1. Жел дегеніміз не?
2. Жел қалай пайда болады?
3. Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құрал?
4. Желдің түрлерін ата?
5. Жыл ішінде бағытын ауыстыратын жел?
6. Французша «жеңіл жел” деген мағына береді
7. Желдің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
8. Жел өрнегі қалай жасалады?
9. Бриз бен муссонның қандай ұқсастығы бар? Айырмашылығы неде?
10. Желдің жылдамдығын өлшейтін өлшем бірлігі?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
1. Ауа райы дегеніміз не?
2. Ауа райының элементтері мен құбылыстары
3. Ауа массалары
4. Ауа - райын болжау
5. Климат, климат қалыптастырушы факторлар
«Ауа - райы» дегеніміз - тропосфера қабатының белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы ауаның жай - күйі.
Ауа - райын анықтау үшін оның негізгі элементтері - температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым олардың күйіне қарай бір - бірімен тығыз байланыста.
Осы элементтерге жеке - жеке тоқталамыз.
Ауа райының құбылыстарына жауын - шашын, жел, тұман, бұлт жатады.
Ауа - райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады. Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады.
Тропосфераның бір - бірінен қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөлігі ауа массалары деп аталады. Әрбір ауа массасы мыңдаған, тіпті миллиондаған шаршы шақырым жерді алып жатады.
Ауа массаларының қасиеті ең алдымен олардың белдеулік орнына байланысты. Пайда болатын ендіктеріне қарай әр жарты шарда 4 түрлі негізгі ауа массасы ажыратылады.

1. Экваторлық ауа: ыстық, ылғалды
2. Тропиктік ауа: ыстық, құрғақ
3. Қоңыржай ауа: жылы, ылғалды
4. Арктикалық немесе антарктикалық ауа: салқын, құрғақ
Түрі бойынша:
Теңіздік Континеттік
Жаз Қыс Жаз Қыс
Ылғалды Жылымық Жылы Аязды
Бұлтты Қар Бұлтсыз Құрғақ
Жаңбырлы Құрғақ

Ауа райын зерттеу әдістері:
 Бақылау
 Метеорологиялық Жер серіктері
 Жергілікті белгілер

Метеорология - атмосфералық құбылыстар мен ауа райы картасын жасаумен айналысатын ғылым.
Ауа райы картасында шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай - күйі көрсетіледі. Картаға ауа массалары, атмосфера қысымы облыстары, жауын – шашын және басқалары түсіріледі.
Ауа райы болжамы радио, теледидар, газеттер арқылы көпшілікке хабарланады. Қауіпті құбылыстар жайындағы арнаулы хабарлар (үсік, боран, қалың тұман, дауыл) түрлі мекемелерге телеграфпен дер кезінде жеткізілуі тиіс.
Таяудағы ауа райын жергілікті белгілерге қарап шамамен болжауға да болады.
Климат дегеніміз – ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай – күйі. (Климат - грек сөзі, “еңкіш” деген мағына береді.) Белгілі бір жердің климаты көпжылдық ауа райына бақылау жүргізу барысында сипатталады. Жер бетінің климаты алуан түрлі. Климаттың алуан түрлілігіне күн сәулесінің түсу бұрышының ендікке байланыстылығы, мұхиттар мен теңіздерге алыс – жақындығы, жер бедері, адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді.
Климат қалыптастырушы факторлар: географиялық ендік, жылу белдеуі, мұхитқа жақындығы, теңіз ағыстары, жер бедері әсер етеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
1. Ротация әдісі.
Оқушыларға плакат беріледі.
1 - топ. Ауа райы элементтері
2 - топ. Ауа массасы
3 - топ. Ауа райын болжау
Оқушылар толтырады.

2. Топтық жұмыс
1 - топ. Сәйкестендіру
2 - топ. Ата - бабамыз ауа райын қалай болжаған. Өз ойларын жазу.
3 - топ. Ауа райының шартты белгілері. Шартты белгілерін плакатқа жабыстыру

Тест жұмысы
1. Тропосфераның белгілі жердегі белгілі уақыттағы жай күйі:
А. Ауа райы В. Ауа температурасы С. Ауа қысымы Д. Ауаның құрамы

2. Қасиеттері жөнінен бір – бірінен айырмашылық жасайтын тропосфераның көлемді бөлігі:
А. Жел В. Ауа массалары С. Газдар қоспасы Д. Бұлттылық

3. Еңкіш деген мағынадағы грек сөзі:
А. Климат В. Бриз С. Муссон Д. Ауа райы

4. Атмосфералық қысым, температура, жауын - шашын, ылғалдылық:
А. Климат түрлері В. Ауа райының өзгеруі С. Климат элементтері
Д. Климат құбылыстары

5. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болуымен ерекшеленетін ауа массасы:
А. Экваторлық В. Тропиктік С. Қоңыржай Д. Арктикалық

6. Жер шарында қанша мыңнан астам метеорологиялық станса бар:
А. 20 мың В: 15 мың С. 10 мың Д. 5 мың

7. Теңіз үстінде қалыптасатын ауа:
А. Арктикалық В. Континеттік С. Тропиктік Д. Теңіздік

8. Климат дегеніміз:
А. Жаңбырдың жаууы
В. Ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай - күйі
С. Желдің соғуы Д. Күннің суынуы

9. Атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым:
А. Метеорология В. Гидрология С. Сейсмология Д. География

10. Жер шарында кездесетін ауа массалары:
А. Суық, жылы В. Ылғал, құрғақ С. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық Д. Солтүстік, оңтүстік

Жауаптары
1 – А, 2 – В, 3 – С, 4 – С, 5 – А, 6 – С, 7 – Д, 8 – В, 9 – А, 10 – С.

Бағалау
1 – 6 « 3»; 7 – 8 «4»; 9 – 10 «5»
Рефлекция.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
1 - тапсырма. Өзінің тұрғылықты жерінің алдағы 2 күн ішіндегі ауа райын бақылап келу.
2 – тапсырма. Ауа райы тақырыбын оқу мазмұндау
11 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту.
Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Күнделікті сабақ жоспары, Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Күнделікті сабақ жоспары, Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Ауа-райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу.
Жел (6-сынып)
Жел (6-сынып)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің география пәні мұғалімі Тлеумуханова Гулсим Тулегеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×