Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азияның саяси картасы мен аймақтары

03 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: География
Азияның саяси картасы мен аймақтары (11 сынып)
Мақсаттары: 1. Азияның саяси картасының қалыптасуы мен тарихи географиялық аймақтарын, мемлекеттік құрылымы жайлы білім беру.
2. Оқушылардың шығармашылық белсенді ұстанымын қалыптастыру; қосымша дерек көздерін, интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып өздігінен жұмыс жасау, өз ойын жүйелі еркін айту, өзінше баға беру, басты мәселені айырып көрсете білу, алған ақпаратты әр қырынан қарастыру сияқты дағдыларын одан әрі дамыту.
3. Сабақ кезінде ізгілікті, өркениетті, демократиялық қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: Слайдтар, карточка бойынша деңгейлік тапсырмалар, Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, оқулық.
Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы.
Сабақ өткізу әдісі: шағын дәріс, сұрақ - жауап, картамен жұмыс, өздік жұмыс, топтық жұмыс.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы Шығыс Еуропа елдері бойынша географиялық диктант алу.
Еуропаның ең орталығында орналасқан ел (Чехия)
Оңтүстік елдер тобы (Румыния, Болгария, Албания, СловакияХорватия т. б.)
«Кох - и - нор» кәсіпорнының шығаратын өнімі (қарындаш)
Дизельді пойыздар мен икарус шығаратын ел (Венгрия)
Аймақ халқының көпшілігі ұстанатын дін (католик)
1991 жылы ыдыраған ел (Югославия)
Шығыс Еуропа жерінің климаты (қоңыржай континентті)
Тас көмір қоры шоғырланған елдер (Польша мен Чехия)

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Азия туралы жалпы мәлімет.
2. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері.
3. Тарихи - географиялық аймақтар, сол бойынша оқушылардың слайдтары
4. Қорытынды, бекіту.

Жаңа сабақ.
Бүгін біз Шетелдік Азияның саяси картасына шолу жасап, оның құрамындағы мемлекеттер жайлы білетін боламыз. Біз Азия жайлы не білеміз? Тақырыптың басында берілген қайталау сұрақтары арқылы оқушылардан 7 сыныпта өткен Азия жайлы не білетіндері жауаптарын тыңдау. Карта бойынша көрсету; Азияның шекарасын, табиғат ерекшеліктерін, зерттеген саяхатшылар Ш. Уалиханов, П. П. Семенов, Л. Берг, Марко Поло т. б. зерттеген жерлерін көрсету.
Дәптерге күнді, жаңа тақырыпты жазған соң, Азия жайлы мәліметтерді оқулық мәтінін пайдалана отырып жазу; Аумағы - 44 млн. км; 40 - қа жуық ел бар; Халқы 3, 6 млрд. астам.
Тақтада берілген кесте бойынша Азияның ежелгі дүниеден бері қалыптасу кезеңдері жайлы түсіндіру.

АЗИЯ
Ежелгі «өзендік өркениет»пайда болған. Осыдан 4 мың ж. бұрын Месопатамияда алғашқы қалалар болған.
Ежелгі өркениетті мемлекеттер Византия, Араб халифаты, Осман империясы т. б.
«Көшпенді өркениет» бесігі. Қара теңіз бен Сары теңіз арасында Ежелгі Ғұн мемлекеті қалыптасқан.

Өздік жұмыс: «Сандар сөйлейді»; Тақтада берілген жылдар мен ғасырлар бойынша Азияның саяси картасының қалыптасу кезеңінде орта ғасырлардан қазіргі кезге дейінгі өзгерістерді оқулық мәтіні мен хрестоматия бойынша тауып жазу.
А/ ХХ ғасырдың басы -
Ә/ ІІ Д. Ж. соғыстан соң -
Б/ ХХ ғасырдың ортасы -
В/ 1515 жылы -
Г/ ХV ғасыр -
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, ХХ ғасырдың басындағы отарлау туралы оқулықтағы 10 - сызбамен танысып, сол кездегі ең отары көп ел Ұлыбритания, одан кейін Ирландия, Франция, Португалия екенін біліп, картадан көрсету.
Тарихи - географиялық аймақтар.
Тақтада көрсетілген Азияның төрт аймағын атап оларды оқушылар картадан табады: 1/Оңтүстік - Батыс Азия, 2/Оңт. Азия, 3/Оңт.- Шығыс Азия, 4/ Орталық және Шығыс Азия.

Топпен жұмыс: Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топқа Азияның 4аймағынан 1 аймақ беріледі. Тапсырма: Аймаққа кіретін елдерді оқулық соңындағы қосымша 1кестені пайдаланып және картадан тауып, белгілеу, оқулық мәтінінен ерекшеліктері мен мемлекеттік құрылыстарын анықтау. Үйге алдын ала берілген 2 - 3 оқушының дайындап келген слайдтарын қорғау.

І топ: Оңтүстік Батыс Азия құрамына 17ел кіреді; Түркия, Сирия, Иран, Ирак, Йемен, Ауғанстан, Израиль, Кипр, Ливия - республикалар, Сауд Арабиясы – теократиялық монархия, БАӘ, Катар, Оман, Бахрейн, Кувейт - абсолютті монархия, Иордания - конституциялық монархия т. б. Ерекшелігі - үш дүние бөлігінің тоғысқан жерінде, аса маңызды халықаралық су жолдардың тоғысында жатыр, көпшілігі мұнай қорына бай. Мысалы; Сауд Арабиясы - 35, 4млрд. т. Иран - 17, 2 млрд, т. ХХ ғасырдың ІІ жартысында бұл аймақта ішкі ұлт араздығынан бірнеше соғыс өртін туғызды.

ІІ топ: Оңтүстік Азия - Гималай тауынан оңтүстікке қарай 7 ел орналасқан. Жер шарының 1, 7 млрд, қа жуық халқы тұрады. аймақтың құрамы: Бутан - конст. монархия, П әкстан, Үндістан - федерациялық республика, Бангладеш, Мальдив, Непал, Шри - Ланка - республикалар. Үнді мұхиты жағалауында мемлекетаралық с ауда жақсы дамыған т. с. с.

ІІІ топ. Оңтүстік Азия - Үндіқытай түбегі мен Малай архипелагындағы 11 ел кіреді. Вьетнам, Индонезия, Лаос, Мьянма, Сингапур, Филиппин, Шығыс Тимор - республикалар, Бруней - абсолюттік, Малайзия, Таиланд, Камбоджа конст. монархиялар. Бұл аймақтың елдерін отарлау Ұлы географиялық ашылулар заманынан басталды. Тек ІІ Д. Ж. соғыстан соң ғана тәуелсіздікке қол жеткізген. Аса маңызды теңіз жолдары тоғысатын алапта орналасқан.

ІV топ: Орталық және Шығыс Азия. Аймақтың құрамы және мемлекетті басқару формалары; Жапония - конституциялық монархия, КХДР, Корея республикасы, Қытай, Моңғолия - республикалар. Сондай - ақ Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары - Гонконг мен Аомынь (Макао) орналасқан. Аймақ елдері ұзақ уақыт сырқы отарлаушылар мен Жапония мемлекетінің езгісінде болды. Тек ІІ дүниежүзілік соғыстан соң тәуелсіздіктерін алды.
Топтардың жауаптарын тыңдап, әр топтың бағасын беру.
Азия елдері бойынша қызықты деректер келтіру:(мұғалімнің сөзі)
Индонезия - Архипелаг ел, ол 13660 аралдардан тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі мұсылман елі болып табылады ( 175млн. )
Бангладеш - халқы ең тығыз орналасқан ел. 1 км. шаршы жерге 1054 адамнан келеді.
Корея - 1948 жылы екіге бөлініп, 38 градус с. е. бойымен екі ел шекарасы демаркацияланған.
Палестина мен Израиль елдері 1948жылдан бері шекаралары дұрыс бекітілмегендіктен, бірнеше рет соғыс болған, шиеленіскен аймақ.

Қорытынды: Азияның саяси картасы қазіргі кезде ұдайы өзгерістерге түсуде. Аймақ халқының ұлттық, діни құрамының күрделілігі, елдердің шекаралық мәселесінің түбегейлі шешілме уі, әлеуметтік - экономикалық дамуындағы алшақтық бұл үрдіске өзіндік ықпал етуде.

ІV. Сабақты бекіту
1. Тақтада сұрақтар: «Дұрыс жауапты табыңыз»деп аталатын тапсырма бойынша бүгінгі сабақта алған білімдерін оқушылар қайсысы дұрыс не қате екенін табу арқылы анықтайды:
- Азия - ең үлкен дүние бөлігі. (дұрыс)
- Азияны отарлау ХХғ. П. П. Семеновтың саяхатынан басталды. (қате, жауабы - ХV ғ. Васко да Гама)
- Жапония, Корея - Оңт. Шығыс Азия елдері. (жауабы: Орталық және Шығыс Азия елдері)
- Бахрейн, Катар, Кувейт - абсолютті монархиялы елдер. (дұрыс)
- Вьетнам, Лаос, Мьянма - монархиялы елдер (қате, жауабы - республикалық)
- Қазақстанмен шығыста шекаралас ел - Ауғанстан (қате, жауабы - Қытай)

2. «Сандар сөйлейді»: 44, 40, 1511, ХV, 1948, 7, 17, 1993. Осы сандар бойынша оқушылар жауаптарын тыңдай отырып сабақты бекіту.
Сандардың жауаптары; Азия дүние бөлігінің ауданы - 44 млн. км²; Азияда 40 - қа жуық мемлекет орналасқан; 1511 ж. Португалдар Малакка түбегін басып алды; ХVғасырда Васко да Гама Үндістанға баратын жолды ашты; 1948 ж. БҰҰ - ның шешімімен Израиль мемлекеті құрылды; Оңтүстік Азияға Гималай тауынан оңтүстікке қарай орналасқан 7 ел кіреді.; 1993ж. Камбоджа мемлекеті монархиялық билік жүйесіне көшті.

V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, кескін картаға аймақтар мен елдерді белгілеу. Азияның табиғат жағдайлары жайлы қосымша деректер дайындап келу

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
География пәні мұғалімі Тұрарова Назгүл Сайлаубековна
12 265
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Азия елдері. 1 – тақырып. ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ. §1. Азияның саяси картасы мен аймақтары
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропаның жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру.
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна
Дүние жүзінің аймақтары
Дүние жүзінің аймақтары
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Дүние жүзінің саяси картасы
Дүние жүзінің саяси картасы
Семей қаласы, Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп география пәні мұғалімі Ожанова Құралай Болатқызы
Дүниежүзіне аймақтық шолу
Дүниежүзіне аймақтық шолу
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×