Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниежүзіне аймақтық шолу

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Кіріспе. І-бөлім. Дүниежүзіне аймақтық шолу.
І-тарау. Еуропа елдері. Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дүние жүзінің жеке аймақтары туралы жалпы шолу жасап, қазіргі саяси картаны талдау. Еуропа елдеріне жеке тоқталып, ЭГЖ, табиғат ресурстары, табиғат жағдайлары, жалпы орналасу ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, карталарды пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: дүние жүзінің жеке аймақтарын жеке-жеке қарастыра отырып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
(10 мин) Өткен 10 сыныптың материалдарын еске түсіруге арналған сұрақтар:
• Дүние жүзінде неше материк бар?
• Неше мемлекет бар?
• Ең үлкен мемлекетті атап, картадан көрсет?
• Жер шарындағы мемлекеттерді қалай топтастыруға болады? Себебін түсіндір?
• Еуропа аймағы несімен ерекше немесе мәлім?
• Еуропаның орналасуында қандай қолайлы және қолайсыз жағдайларды көріп тұрсыздар? Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

3. Жаңа материалды меңгерту кезеңі.
(15 мин) Дүниежүзінің аймақтың шолу географиясының қазіргі кезде пайдалануды негізгі себептерінің бірі ол:
• 20 ғ. ІІ жартысынан бастап дүниежүзінің көптеген елдерде табиғат ресурстарының шаруашылық мақсатта шамадан тыс пайдалануы салдарынан табиғи орта үлкен өзгеріске ұшырады;
• Жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.
Еуропа аймағында 41 мемлекет бар, 4 дамыған, қалғаны дамушы. Жер көлемі, мемлекеттік құрылымына тоқталу, мұхитқа тікелей шығу жолдары бар. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді.

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі (9 мин)
Төмендегі кестені толтыр:
ЭГЖ
Жер көлемі
Мемлекеттік құрылымы
Жер бедері
Пайдалы қазбалары
Климаты
Жер ресурстары
Гидро ресурстар
Экологиялық жағдайы
(Оқушылар тапсырманы орындайды).

5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. Еуропада неше ел бар? Оларды топтастыр.
2. Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері қандай?
3. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?
4. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?
5. Қазіргі экологиялық жағдайын сипаттап, мысалдар келтіріңдер. Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 балдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(2 мин) 1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
8 855
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Дүние жүзінің аймақтары
Дүние жүзінің аймақтары
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Еуропаның халқы, еңбек ресурстары
Еуропаның халқы, еңбек ресурстары
ШҚО,Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі Құмаш Табысбек Пәні: география Сыныбы: 11 Тақырыбы: Еуропаның халқы, еңбек ресурстары.
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×