Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африка

09 қаңтар 2017, Дүйсенбі
Категориясы: География
Африка
Нені білу керек: Африканың табиғатына физикалық - географиялық орнының әсерін, картадан Гибралтар бұғазының, Суэц каналының, Гвинея шығанағының, Сомали түбегінің, Мадагаскар аралының орналасуын материктің жер бедерінің ерекшелігін, климаттық белдеулерінің, өзендерінің орналасуын, табиғат зоналарының өзгеруін картадағы ірі мемлекеттердің орналасуын.
Нені меңгеру керек: Картадан географиялық объектілерді көрсете алу, мемлекеттерді астанасымен көрсету.
Кіріспе бөлім 1 - сабақ
Африка

Пайдалы қазбалары
Географиялық орны
Халқы
Климаты, ішкі сулары

Табиғат зоналары
Географиялық орны: Материктің жер көлемі 30 млн. км². Шеткі нүктелері солтүстігінде Бен - секка мүйісі, оңтүстігінде Игольный мүйісі, батысы Альмади мүйісі, шығысы Рас - Хафун. Экватор оны ортасынан кесіп өтеді. Екі мұхит жағасын шайып жатыр.
Жер бедері, пайдалы қазбалары: Материк ежелгі платформаның үстінде, биік таулар жоқ. Солтүстігінде жас тау - Атлас тауы. Материктің ең биік нүктесі - Килиманджаро жанартауы(5895м), ең төмен жатқан жер Ассаль көлі (- 153м). Ежелгі қатпарлы аймақтарда қара, түсті металдар кезігеді. Тас көмір, мұнай, газ.
Климаты: Африка - жер шарындағы ең ыстық материк. Орташа температура +8˚с. Ең жоғарғы температура +58˚с. Жауын - шашын шөлдерде 0мм - ден 2000мм, экваторлық аймақта 10000мм жауын - шашын түседі.
Ішкі сулары: Ең ұзын өзен Ніл (Кагера саласымен 6671км) суы мол өзен – Конго. Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасы.
Табиғат зоналары:
Мәңгі жасыл экваторлық ормандар зонасы.
Ауыспалы - ылғалды орман.
Шөлейт - шөл зонасы.
Саванна және сирек орман
Субтропиктік қылқан жапырақты орман
Биіктік белдеулер зонасы
Халқы: Материкте еуропалық нәсілдер (Солтүстік және Оңтүстік Африкада) экваторлық нәсілдер тутси, пигмейлер

Өздік жұмыс тапсырмалары
1. Африканың негізгі құрылысын атаңдар
2. Климатының ерекшелігі
3. Африканың негізгі өзен жүйелері. Олар қандай алапқа жатады?
4. Африкадағы табиғат зоналары.
5. Неге табиғат зоналары өзгерді.
6. Қандай аудандарға бөлінеді.
Жауап:
1. Африка ежелгі платформада жатыр.
2. Климаты өте ыстық, дүние жүзіндегі ең ірі шөл Сахара шөлі жатыр және жердің орта бөлігінде жатыр.
3. Конго, Ніл, Нигерөзендері Атлант, Үнді, мұхит алаптарына жатады.
4. африкада саванна сирек орман, экваторлық мәңгі жасыл орман, шөл, шөлейт, қылқан жапырақты ормандар зонасы.
5. Табиғат зоналарының өзгеруі, антропогендік табиғат комплекстерінің және шөлдің ұлғаюы әсер етті.
6. Африка батыс, орталық, шығыс, оңтүстік аудандарға бөлінеді.
Сөйлесу бөлімі: 2 - сабақ
Сарамандық жұмыстың тапсырмасы:
1. Градус торындағы материктің орналасуы.
2. Материктің басқа объектілерге қатысы.
Жауабы:
1. Экватор Африканы ортасынан кесіп өтеді. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарда орналасқан. Бастапқы меридиан Африканы батысынан кесіп өтеді, көп бөлігі шығыс жарты шарда орналасқан. Африка 37˚с. е пен 35˚ о. е солтүстік және оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді. Ең шеткі нүктелері солтүстігінде – Бен - Секка мүйісі (37˚с. е), оңтүстігінде - Игольный мүйісі 35˚о. е африка17˚б. б пен 51˚ш. б орналасқан. Батысында Альмади 17˚б. б шығысында Рас - Хафун 51˚ш. б. африка Еуразияға өте жақын орналасқан. Суэц каналы арқылы бөлінеді. Солтүстігінде Жерорта теңізі арқылы Еуропадан өте тар бұғаз арқылы Гибралтармен, батысында Атлант мұхитымен шығысында Үнді мұхитының сулары және Қызыл теңізбен шектеседі. Жағалауы аз тілімденген. Қорыту. үйге§20, 24 оқу.

3 - сабақ Кескін картамен жұмыс
Кескін картаға шеткі нүктелерін түсіріп, географиялық координаталарын анықтау. Жер бедерін, пайдалы қазбаларын түсіру.
Деңгейлік тапсырмалар:
III деңгей
1. Қандай жер қыртысы түрлері болады?
Жауабы:
Тігінен, көлденең түрлері
II деңгей
1. Африкада жер бедерінің қандай түрлерін кезіктіруге болады?
Жауабы: Жер бедері жазық, биік таулар жоқ.
I деңгей
Африка платформасында егер шығысында қозғалыс болса, қандай өзгерістер болар еді, өз ойыңды айт
Жауабы:
Мұхиттық платформалар иініне кіреді.
III деңгей
Экваторлық климаттық белдеуге мына жоспар бойынша сипаттама бер
1. Орналасуы
2. Ауа массалары
3. Температурасы
4. Жауын - шашын
Жауабы:
1. Орталық бөлігінде орналасқан.
2. Экваторлық - теңіздік ауа массалары
3. Жыл бойы температура бірдей
4. Жауын - шашын 10000мм
II деңгей
Африканың климаттық картасынан мына жоспар бойынша сипаттама бер.
А) территориясының аумағы
Б) масштабы
В) не көрсетілген
Г) ең жоғарғы температура, ең төменгі температура қай жерде?
Д) жауын - шашын ең көп, ең аз жауатын жер
Жауабы:
А) материктің орталығында
Б) 1: 35000000
В) температура, жауын - шашын, жел бағыты
Г) Ассаль көлі +58˚с,- 9˚с Ганзи
Д) экватор бойында 10000мм, сахарада 1мм кем

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
География пәні мұғалімі
Хамзина Бакытгуль Амангелдиновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Австралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы түсінік беру;
Африка материгін қайталау
Африка материгін қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Пеньково орта мектебінің тарих, география пәні мұғалімі Ирикбаева Рахима Сабетханқызы «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша
Африканың табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Сабақтың тақырыбы: Африканың табиғат зоналары Мақсаты: Білімділігі: Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін түсіну, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді картадан таба білу.
Африкаға саяхат
Африкаға саяхат
ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы №1 Теректі орта мектебі география пәні мұғалімі Құмаш Табысбек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×