Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи қоршаған орта

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: География
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы.
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп.
География пәні мұғалімі. Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы

Сабақтың тақырыбы: Табиғи қоршаған орта

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ғаламшарымыздағы табиғи орта мен ондағы ағзалардың бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүруін, таралуын түсіндіру;
Тәрбиелік: Тіршілік ортасы туралы түсінік бере отырып, табиғи ортаның алуан түрлілігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру әдісі,
Б.Ү.Ү әдісі, " Мұратқа жету " әдісі.
Көрнекілігі: Оқулық, ДЖ картасы,, сызбалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география, экология, биология, сурет, өзін-өзі тану т.б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Тапсырмалар орындау
V. Бекіту сұрақтары
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIIІ. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын түгендеп алу.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Үй тапсырмасы бойынша §52 Жасанды бірлестік тақырыбына түсінік айту.
2. Венн диаграммасы

III. Жаңа сабақ
Тіршілік ортасы дегеніміз – тірі ағзалардың бір-бірімен байланысып өмір сүретін табиғаттың бір бөлігі.

Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар 4 түрлі тіршілік ортасына бейімделген.
Олар: 1. сулы орта
2. жер беті
3. ауа ортасы
4. тірі ағзалардың өзі паразиттер жайлаған дүние
Бәсекелестік жағдайда тіршілік етіп, ол жердің табиғат жағдайына және ортасына бейімделуін адаптация дейміз.

IV.Тапсырмалар
I деңгей. ”Топтастыру” әдісі бойынша

IІ деңгей. “Географиялық диктант” жазу
Барлық тіршілік иесі үшін - …, …, …, … маңызды рөл атқарады.
Ғаламшарымыздағы … … алуан түрлілігі тірі ағзалардың көп түрлілігінен кем түспейді.
Сүт қоректілердің ыстық ауа мен күресуде … ерекше рөл атқарады.

III деңгей. “Мұратқа жету” әдісі
Бәрекелді!
Мұратыңа жет!
Қызыға біл!
Ұмтылыс жаса!
Ниет қыл!
Құштар бол!

1) Күн суытқанда ұйқыға кететін жануар?
2) Күн суытқанда жылы жаққа ұшып кететін құстар?
3) Күндіз ұйықтап, түнде жортуылға шығатын құстар ?
4) Қай жануарлар түрінің ыстық ауамен күресуде құлағы ерекше рөл атқарады?
5) Қай жануарлардың қорегін тауып жеуі үшін сыртқы пішіні өзгерген?

IV деңгей. Ой толғаныс
Тірі ағзалардағы паразиттерді көз алдымызға елестете отырып, суретін салу.

V деңгей. Бекіту сұрақтары. БҮҮ әдісі
Білгенім
Үйренгенім
Білгім келеді
Таң қалғаным

Тест жұмысы
1. Тірі ағзаларды тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты неше топқа бөлеміз?
а) 2
ә) 4
б) 6
в) 3

2. Тіршілік иесі үшін ненің маңызы зор?
а) температура, су, ауа
ә) топырақ, жылу, күн
б) ылғал, ауа, өсімдік
в) температура, жарық, ылғал

3. Тау жыныстарының бұзылуына, топырақтың қалыптасуына ... маңызы зор?
а) температураның
ә) бірлестіктің
б) тірі ағзалар
в) топырақ

4. Адаптация дегеніміз?
а) тірі ағзалардың жауынан қорғауы
ә) табиғаттың құрамдас бөлігі
б) табиғат жағдайына және ортасына бейімделіп өмір сүруін
в) ағзаларды қалыптастырушы тіршілік ортасы

5. Тірі ағзалардың өзі -...
а) паразиттер жайлаған дүние
ә) өсімдіктің тіршілік ортасы
б) флора
в) фауна

VІ Үйге тапсырма
1 §53 Табиғи қоршаған орта тақырыбына түсінік айту.
2 129 беттегі емен жібек көбелегінің қуыршағының суретін салу.
VІІ Бағалау
VІІІ Қорытындылау
24 412
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
«Табиғат қорғау» таңдаулы курсының бағдарламасы
«Табиғат қорғау» таңдаулы курсының бағдарламасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі мектебінде география пәні мұғалімі Қалуова Венера Асқарқызы
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгүл
Қорықтар
Қорықтар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Табиғат кешендерін қорғау
Табиғат кешендерін қорғау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы. Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп. География пәні мұғалімі. Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×