Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның іс әрекетінен туындаған Биосферадағы жаһандық өзгерістер

23 мам 2019, Бейсенбі
Категориясы: География
9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның іс әрекетінен туындаған Биосферадағы жаһандық өзгерістер
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тіршілік қабығы биосфера туралы, Вернадский ілімі туралы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау шеберліктерін қалыптастырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, ұтымды пайдалануға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Плакат, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Экология, География

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V Қорытынды
I. Ұйымдастыру
1. Амандасу
2. Түгендеу, белгілеу
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. I. деңгейлік тапсырма. Ауызша сабақ сұра
2. II. деңгейлік тапсырма. Семантикалық карта
3. III. деңгейлік тапсырма. Топтастыру стратегиясын қолдану.

III. Жаңа сабақ
Жоспар
1. В. Вернадский ілімі.
2. Биосфера құрылымы және атқаратын қызметі туралы.
3. Атмосфера. Гидросфера. Литосфера.
4. Тірі ағзалар.
Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В. И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.
В. И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.
Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады — озон газының 16 - 20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10 - 11 км - ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3 - 7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.

Биосфера – грекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан - жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %- дан – 50 % - ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера - Жер бетіндегі тіршілік қабаты болып саналады. Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысының жоғарғы бөліктерін қамтиды.
Адамның іс әрекетінен туындаған Биосферадағы жаһандық өзгерістер жүктеу
2 165
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.
Дінтану негіздеріне қысқа мерзімді жоспар (9 сынып)
Дінтану негіздеріне қысқа мерзімді жоспар (9 сынып)
Оқушыларға буддизм ілімі, буддизмнің негізгі тармақтары, буддизм ілімінің пайда болуы туралы түсіндіру. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ой - өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Биосфера - тіршілік ортасы. Ғаламшардағы тіршілік
Биосфера - тіршілік ортасы. Ғаламшардағы тіршілік
Ғаламшардың тіршілік ортасы «биосфера» қабатында таралған. Яғни, биосфераны тіршілік қабаты дейді. Бұл сөз грек тіліне шыққан (биос - тіршілік, сфера - шар) Жер қабығы, бұл ұғым биология ұғымында ХІХ ғасырда ене бастады. Биосфера құрлықтағы,
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×