Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: География
Мақсаты
елдің шаруашылығына жан - жақты сипаттама беру, отын - энергетика салалары туралы мәліметтер алу арқылы білім негіздерін меңгеру
мұнай, газ, көмір, энергетикалық ресурстар қорының игерілуі мен кәсіптік маңызына сипаттама беру.
көріп, естіп, білгенді санада іріктеп, біліктілікті дамыту, интернет ресурстарын пайдалану
қоршаған орта мен адамдар арасындағы сәйкестікті, үйлесімділікті сезіну,
сақтауға тәрбиелену.
Түрі жаңа сабақ
Технологиясы СТО, жобалап оқыту.
Көрнекілігі интерактивті тақта, бейнефильм, суреттер, сызбалар, дүние
жүзінің саяси картасы, плакаттар.

Кіріспе бөлімі
1. Саяси картадан Ресейдің шектесетін елдерін көрсету.
2. Тақтаға « шаруашылық» сөзіне класстер жазу.
3. Өндірістік, өндірістік емес сфера сөзіне ассоциация құру
Негізгі бөлімі
Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты оқып шығуға бес минут уақыт беріледі. Оқып болған соң, тақырып мазмұны төмендегі кубизм стратегиясы бойынша ашылады. Оқушылар слайдтармен, интерактивті тақтадағы кестелер, сызбалар мен карталарды пайдаланады.

Кубизм стратегиясы
1. Шаруашылық салалары - зерттеу
2. Отын - энергетика - сипаттау
3. Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі - талдау
4. Электр энергетикасы - салыстыру

1. Шаруашылық салаларына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау жатады. Шаруашылық белгілі бір өнім түрін өндіретін өндірістік және өнім өндірмегенімен қоғам үшін пайдалы болып табылатын өндірістік емес сфераларға бөлінеді.

2. Отын - энергетика кешені - отын өндіру, оны өңдеу, электр энергиясын алу, тасымалдау, энергияны таратудың барлық процестерін қамтиды.
Ресей жер шарындағы барлық энергетикалық ресурстардың 25 %, газдың 45 %, мұнайдың 13%, уран 14% ие болып отыр.

3. Ресей табиғи газ қоры әлемдік қордың 40%, өндірудің 35%- ын алса, өңдеуден дүние жүзі бойынша бірінші орында, көмір қоры жөнінен бірінші орында, өндіру жөнінен бесінші орында. Мұнайдың 70% Батыс Сібірде өндіріледі.

4. Ресейде 11 АЭС жұмыс жасайды. Олар Курск, Смоленск, Ростов, Тверь, Белояр, Кола. Аса ірі СЭС Енисей, Ангара өзендерінде салынған.
ЖЭС – ның аса ірілері - Сургут, Кострома, Рефтинск.

Мағынаны дамыту
1. Оқушылар өткен сабақта берілген тапсырмалар бойынша интернеттен алынған көмір, мұнай, газ, электр энергетикалық ресурстар туралы қосымша мәліметтерден ақпараттар оқиды.
2. Бүгінгі сабақтан алған білімді тексеру үшін берілетін жуан және жіңішке сұрақтар интерактивті тақтада жазылған. Кезек оқып, оқушылар жауап береді. Мазмұны төмендегідей.
1. Ресей елінің шаруашылығының жіктелуі.
2. Ел жалпы ішкі өнім өндіруден дүние жүзінде нешінші орында.
3. Шаруашылық салаларындағы жетекші орындағы өнеркәсіпті атаңдар.
5. Отын - энергетика кешені қандай процестерді қамтиды.
6. Елдің отын балансының құрылымы қандай.
7. Мұнай өнеркәсібінің негізгі базалары, мұнайдың әлемдік қордағы үлесі.
8. Елдегі мұнайдың неше проценті экспортталады?
9. Негізгі көмір базаларын атаңдар, қоры жөнінен нешінші орында?
10. Су электр станциялары қандай өзендерде салынған, энергияның неше процентін құрайды.
11. Елдегі газ қандай елдерге шығарылады, өндіру базаларын картадан көрсетіңдер?
12. Қазақстан көршілес Ресей елінен қандай тауарлар сатып алады?
3. Дәптерге оқушылар бүгінгі сабақтан алған ойларын ықшамдау үшін бес сөйлем негізінде тұжырымдама жазып, оқиды.

Қорытынды бөлімі
Ой - толғаныс
Интерактивті тақтадан Ресейдің ірі кәсіпорындары туралы бейнефильм көрсетіледі, бұл жазатын жобаға көмекші құрал ретінде керек болады.
Тақырыбы; Отын өнеркәсібі және қоршаған орта (шағын жоба қорғау)
Үйге тапсырма, мазмұнды оқу, жобаны аяқтап келу.
Бағалау.
14 482
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Отын түрлерін және электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Отын өнеркәсібі
Отын өнеркәсібі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі Мәліков Қуаныш Мнажұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×