Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отын өнеркәсібі

10 қыркүйек 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Сыныбы: 9
География
Сабақтың тақырыбы: «Отын өнеркәсібі»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға отын - энергетика кешені және оның салалары туралы, отын өндіретін аудандар, отын өнеркәсібінің өзіндік құны және негізгі факторлары жайлы ұғымды қалыптастыру;
б) Дамытушылық: Карта, атластар бойынша оқушылардың отын өнеркәсібінің дамуын, халық шаруашылығын өркендетудегі маңызын талдау, анықтау, отынның жеке сипаты бойынша орнын анықтау, картамен жұмыс істей білу қабілетін дамыту;
в) Тәрбиелік: Отын өнеркәсібі саласындағы жетістіктер ел экономикасын дамытудағы рөлін, маңызын түсіндіру арқылы оқушының патриоттық сезімін ояту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және отын өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап
Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: Экономика, Тарих
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Дүние жүзі жарты шарлар картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта мүмкіндіктері.

Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Оқушылардың оқу - құралдарын тексеру
- Назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын орындау барысында оқушылардың: Терминдік сөздіктерді игерген, мысалы; шаруашылық, өндіріс сала, өндірістік емес сала деген сөздерге анықтама бере білуіне баса назар аудару. ҒТР дәуірінде өнеркәсіпті дамытуда әсер ететін негізгі факторды айқындау: Шоғырландыру, құрамдастыру, мамандандыру және кооперативтендіру туралы ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру, Картадан аса ірі өндірістік қалаларды тауып көрсету қабілетін бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға жаңа сабақ түсіндіруді оқулықты 2 - бөліміндегі жоспар, сызбаны пайдалана отырып шаруашылық салаларының бір - бірімен байланысын мысалдар келтіре отырып баяндаймын. Өндіру мен Өңдеу деген ұғымға анықтама беремін, салалық құрылымындағы ерекшеліктерге тоқталамын және Қазақстанның отын өнеркәсібінің қалыптасу тарихына да шолу жасаймын.

Каспий қайраңында мұнайдың қоры шоғырланған. Онда болжам бойынша жалпы геологиялық қоры - 4, 5 млрд. Тонна екендігі анықталады. Газ конценданты бойынша 1, 6 млрд. Тонна және табиғи газдың жалпы қоры 5, 9 трлн м. Каспий қайраңындағы мұнай алабының кендері: Құрманғазы, Ақтоты, Қашаған, Қайран. Осы аймақтағы мұнай қоры болашақта Ресейдің Батыс Сібір, Мексика және Парсы шығанағы сияқты әлемге танымал мұнай өндірудің ірі аймақтарымен қатар тұратын алқапқа айналатындығы туралы болжам айтылады. Газ өнеркәсібі Қазақстандағы отын өнеркәсібінің ең жас саласы. Өндірістік мақсатта 1960 жылдан бастап Маңғыстау мұнай - газ алабын игеруден басталады. Газдың жалпы геологиялық қоры 6 трлн. М3. Қоры жөнінен әлемде 12 - орынды алады. Ал ТМД аймағы бойынша Ресейден кейінгі 2 - орнында.
Ірі кен орнындары:<< Қарашығанақ>> - Имаш, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен, Құмкөл және шу - Сарысу газ алаптарының Қазақстан экономикасын өркендетуде қосатын үлесі мол.

Көмір өндіру саласы.
Көмір өндіру саласы Қазақстан Республикасының ертеден қалыптасқан отын өнеркәсібінің дәстүрлі саласы. 1831 жылы Қарағанды аймағында алғаш бақташы бала Аппақ Байжанов ашқаннан бастап өндіріле бастады. Қазақстандағы Көмірдің жалпы геологиялық қоры 162 млрд тонна, оның жүзден астам кен ор ындары ашылып, соның 40 - тан астам жан - жақты зерттелді. Қазіргі кезде республикада 15 - тен астам көмір кен орны мен алаптары игерілуде.

Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 51 млрд. тонна, көмір алабының ауданы 3 мың шаршы шақырым, тереңдігі 50 - 300 метр. Көмір қабатының қалыңдығы 1, 5 - 15 метр. Республикамыздағы өндірілетін көмірдің 45 % осы алаптың кен орны ретінде бағаланады. Өндірілу технологиясы шахта әдісімен өндірілетіндіктен өзіндік құны жоғары.
Кен орындары: Абай, Шахта, Шахан, т. б.

Екібастұз көмір алабы маңызы жағынан республикамызда 2 - дәрежелі кен алабы болып есептелінеді. Көмірді 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашық. Жалпы геология қоры 12 млрд. тонна. Көмірдің жер бетіне жақын орналасуы оны ашқан әдіспен өндіруге мүмкіндік береді және өзіндік құны ең арзан көмір болып саналады. Көмір қабатының қалыңдығы 100 - 120 метр. Күлі көп, сапасы төмен. Екібастұз әлемдегі ең қуатты «Богатырь» кен орны жылына 50 млн. Тонна көмір өндіреді. Осы жерде сағатына 5 мың тонна көмір қазатын бірнеше алып экскаваторлар жұмыс істейді.

Кен орындары «Богатырь», «Центральный», «Восточный», «Северный» және «Степной». Екібастұз көмір алабының көмір сапасы төмен болғандықтан алысқа тасымалдау тиімсіз. Сондықтан жергілікті жерде энергетикалық көмір ретінде жылу және элетр энергиясын алу үшін пайдалануға болады. Экономикалық талдаулар Екібастұз көмір алабы аймағында қуаты 20 - 25 млн кВт жылу электростанцияларды салудың тиімді екендігі анықталады.

ІҮ. Оқушылармен жұмыс
1 тапсырма. Кескін картамен жұмыс
Отын өнеркәсібі салаларының басты алабын түсіріп белгіле. Негізгі мұнай - газ кен орындарын анықта. Республиканың маңызды көмір алабтарын кескін картаға белгіле.

II тапсырма. Кескін картадан құбыр жолдарын көрсет

ІІІ тапсырма. Кестені толтыр
Мұнай Газ
Игерудегі шетелдік компаниялар
Өңдеу өнеркәсіп орындары

Ү. Бекіту
Электронды оқулықпен жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты бекіту

ҮІ. Бағалау
Сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үй тапсырмасы
6 тақырыпшаны оқу, кескін картаға мұнай, газ, көмір кен орындарын түсіріп келу
16 002
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Отын түрлерін және электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
Отын - энергетикалық кешен
Отын - энергетикалық кешен
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібінің маңызы, шаруашылықтағы рөлі және тау-кен өнеркәсібі мен оларды орналастырудың негізгі принциптерін түсіндіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×