Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
«Жанартау», «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуы мен байланыстылығын және жанартау әрекетінің литосфераға, гидросфераға және атмосфераның қалыптасуына әсері туралы білім беру. Жанартаудың табиғи апат екені жайында экологиялық білім беру.
Сабақтың дамытушылығы:
Оқушылардың ойлау қабілетіне, жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру, білімін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
Оқушылардың өздігінен білім ізденуге, әрекеттерін тудыру және ойлау, сөйлеу, қабылдауға байланыстыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, жанартаудың құрылысы, компьютер, графопроектор, слайд арқылы жасалған суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: Әдебиет, тарих, бейнелеу.
Сабақтың әдісі:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
§20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.

1) Ой шақыру стратегиясы.
Оқушыларға 2 минут уақыт беріледі. Дәптерлеріне өздері білетін сөздіктер жазады.
2) Топтастыру стратегиясы.
Сыныпты топқа бөлу мақсатында Эпицентр, ошақ, сейсмограф парақшаларын тарқатамын. Сыныптағы оқушылар өздеріне берілген парақшалардағы аттар бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ өздерінің ішінен топ басшыларын сайлайды.
3) Қызығушылықты ояту.
а) Топ басшыларына берілген қалалардың координаталарын анықтау тапсырмасы беріледі.
1. Рим 420 с. е. 120 ш. б.
2. Токио 360 с. е. 1390 ш. б
3. Анкара 400 с. е. 340 ш. б.
ә) Әр топтан бір оқушыдан шығып топтың атын қорғау жұмысы жүргізіледі.
4) Зерделеу стратегиясы.
Көрсетілген суреттердегі сұрақтарға жауап беру.
1. Жер шарының ішкі құрылысын ата?
2. Мантияның қалыңдығы қаншаға жуық?
3. Ядро неден тұрады?
4. Жер қыртысын түзетін тау жыныстарын ата?
5. Жердің сілкіну күші немен өлшенеді?
6. Жер шарында қандай жер сілкіну белдеулері бар?

5) Еске түсіру стратегиясы.
Бұл тапсырмада көрсетілген жылдарда болған оқиғаларды анықтап, картадан көрсетеді. Табиғи апат жайында атап өтеді.
1. 1908 жылы -
2. 1911 жылы -
3. 1923 жылы -
4. 1948 жылы -
5. 1988 жылы -
6. 1991 жылы -
7. 1999 жылы -

ІІІ Жаңа сабақ: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
6) Ой толғаныс стратегиясы.
а) «Жанартау», «гейзер» деген сөздерден кейін оқушылардың ойын тыңдау.
ә) Оқушылардың толғанысын ояту мақсатында «Жанартау», «гейзерлер» суреттерін көрсету. Суреттен кейін оқушылардың ойын тыңдау.
7) Мағынаны тану стратегиясы.
а) «Жанартау, гейзерлердің» суреттері арқылы құрылысын таныстыру.
ә) Жанартау, гейзерлер туралы жазылған мәліметтерді, таратып 5 минут оқуға беру.

8) Еркін жазу стратегиясы.
Өздері тыңдаған, көрген және айтқан мәліметтерден
кейінгі ойларын дәптерге жазу.
1 - 2 оқушының жазғанын оқыту.
9) Қорытындылау стратегиясы.
Мұғалімнің жаңа сабақты қорытындылау түсіндірмесі. Жанартауды не үшін зерттеу қажет екендігі жайында түсіндіру. Жанартаулардан келетін табиғи апаттар жайында мәлімет беру. Картадан жанартауды белгілеудің шартымен таныстырып, жанартауларды көрсетеді.

Үйге: §21
Кракатау, Ключи шоқысы жанартауларының координаталарын анықтау.
Бағалау.
Жауап берген оқушыларға таратылған парақшалар арқылы бағалау. Жалпы парақшаларды санау арқылы топтардың орнын анықтау.
Сабақты бекіту.
1) Сөздікпен жұмыс жасау.
Грекше кратер - тостаған
Исландша гейзер - лақ ете түсу.
2) Кескін картаға жанартауларды белгілеу екендігін түсіндіріп өту.
Мысалы: Котопахи, Ключи шоқысы, Кракатау, Везувий, Климанджаро, т. б.
12 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.
Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.
Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарымен таныстырып, физикалық карталар бойынша басым биіктіктерін және биік шыңдарды анықтау тәсілдерін үйрете отырып оқушыларға аласа, орташа және биік таулар
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Өздігінен жұмыс істеуді үйрету.
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Ырғыз орыс орта мектебінің География пәні мұғалімі Жакупова Шара Байденқызы
Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы, Т.Әубәкіроа атындағы жалпы негізгі білім беретің мектебінің география пәні мұғалімі Искаков Нұрлыбек Нұржанұлы
Таулар, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Таулар, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Молдабаева Мархабат Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×