Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африканың физикалық – географиялық орны

07 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: География
7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Африканың физикалық – географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері.
Сілтеме: Материктер мен мұхиттар географиясы 7 - сынып 167 - 171 беттер, 7сыныпқа арналған атлас картасы. т. б. интернет көздері.

Жалпы мақсаты: Африканың физикалық – географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, Жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсерін оқушылармен біріге отырып талдау. Сынып оқушыларын топқа бөле отырып топтастыру. Әр топтың атын тақырыпқа байланыстыра отырып қою.
Мысалы: Д/ж ең ұзын өзен Ніл тобы
Д/ж ең үлкен шөл Сахара тобы
Африкадағы ең үлкен арал Мадагаскар тобы
Африкадағы ең суы мол өзен Конго тобы
Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып тақырыпты меңгерту.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
Оқушыларды топқа бөлу арқылы әр топта жауапкершілікті сезіндіру
Берілген тапсырманы бірі - бірімен ақылдаса отырып талдау
Берілген мамандықтарына байланысты ізденісін арттыру
Оқушыларды барынша тақырыпқа кіргізу. бірін - бірі бақылау арқылы, сұрақтар қойып ойын жан - жақты өрбіту.
Топ ішінен белсенді және белсенді емес оқушыларды бір – бірімен жұптастыру арқылы белсенділігі төмен оқушыны ынталандыру.

Сабақта туындаған негізгі идеялар: Мамандық иелерін тағайындау арқылы оқушыларды рольде ойнату. мысалы: Географиялық орнын зерттеушілер; Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін зерттеушілер, Атлант мұхитын зерттеушілер; Үнді мұхитын зерттеушілер:
Әр топқа әр кескін карта беру арқылы, материктің ерекшеліктерін, географиялық орнын түсіру

3. Африканың құжаттарын толтыру
Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер Материктер мен мұхиттар географиясы 7 - сынып 167 - 171 беттер, 7сыныпқа арналған атлас картасы. т. б. интернет көздері.
1. Үйге берілген сабақты еске түсіру. қайталау сұрақтарын еске түсіру.
Оқушылардың арасынан лидерлерді дайындау арқылы әр топ бір – бірінің картасын тексеру және Оңтүстік Американы қайталауға арналған сұрақтар қояды. (яғни әр топ бір - бірін мұқият тыңдау арқылы жауабын береді және тағы да естерінде сақтайды.)
2. Мәтінмен жұмыс және еске түсіруге арналған сұрақтар.
Әр топ өздеріне берілген атауды қорғап шығу үшін, әр маман иесі мәтінге өз зерттеуін жүргізеді. Географиялық орнын зерттеушілер; Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін зерттеушілер, Атлант мұзитын зерттеушілер; Үнді мұхитын зерттеушілер:

Африканың физикалық – географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері.

Африка - Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы - 30, 3 млн. км2, аралдарсыз - 29, 2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль - Абьяд мүйісі (37˚20' с. е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с. е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км - ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас - Нгема - Бииого, Принсипи, Сан - Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы негізінен тропиктік - экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географиялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай бірін - бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

3. тапсырма
Мамандық иелерін тағайындау арқылы оқушыларды рольде ойнату. әр топ зерттеген аймақтарын топ ішінде талқылап оқушылармен бірге тақырыпты ашу.
Географиялық орнын зерттеушілер;
Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін зерттеушілер,
Атлант мұзитын зерттеушілер;
Үнді мұхитын зерттеушілер:

4 тапсырма.
Әр топқа материктің кескін картасын беру арқылы, материктің ерекшеліктерін, географиялық орнын түсіру.
5. тапсырма.
Африканың құжаттарын толтыру
МАТЕРИКТІҢ ҚҰЖАТЫ:.........................., S= …………….〖км〗^2
Географиялық орны:
Экваторға қатысты(атауы мен координаты) Солтүстік шеткі нүктесі ..................................
Оңтүстік шеткі нүктес...........
Бастапқы меридианға қатысты(атауы мен координаты) Батыс шеткі нүктесі .................................................
Шығыс шеткі нүктесі................................................
Басқа материктерге қатысты (дүние бөліктері бойынша).....................
Мұхиттар және теңіздерге қатысты (дүние бөліктері бойынша)......................................... климаттық белдеулерде жатыр.

Сабақ бойынша жазбалары: Сабақ соңында әр топ бірін - бірі бағалайды және әр каналдан келген журналистер де өз бағасын береді. Сонымен қатар әр топтағы мамандарды да мадақтау керек. Оқушылар $44 тапсырманы қайталап картамен жұмыстарын аяқтайды.
16 779
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Африка материгінің ашылуы және зерттелу тарихы.
Африка материгінің ашылуы және зерттелу тарихы.
Африк материгін зерттеу тарихындағы финикиялықтар мен гректердің ұғымы, сол сияқты португалдықтардың ашқан жерлері мен Д. Ливингстон және В.Юнкердің зерттеулеріне тоқтала отырып әрбір топпен бірге материкке қайта экспедицияға шығу.
Африка халқы және  саяси картасы
Африка халқы және саяси картасы
Астана қаласы, №68 орта мектептің география пәні мұғалімі: Сеил Кәмшат Елтайқызы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі Мәліков Қуаныш Мнажұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×