Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте

08 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: География
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
8 сынып
Мақсаттары:
Білімділік. Жердің даму кезеңдері, тау жыныстарының жасын анықтау туралы білім беру. Геохронологиялық кестесімен таныстыру.
Дамытушылық. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, жер бедерінің дамуы туралы ғылыми дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетімен білім алуға, бірлесіп топпен жұмыс істеуге, өзара көмекке, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу. және өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық, жұптық, жекелей
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, сұхбат құру, тапсырмалармен жұмыс істеу, ой тұжырымдау.
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар.
Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі, эффузиялық, интрузиялық т. б.
Номенклатура: Гехронологиялық кесте

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Картамен жұмыс
1. Жер бедері деген не?
2. Қ. жер бедері қандай?
3. Қандай жер бедері басым?
4. Ойпаттарды картадан анықтаймыз
5. Жазықтарын, үстірттерін қыраттарын анықтаймыз
6. Аласа тауларды картадан көрсетеміз
7. Биік тауларды картадан көрсетеміз
8. Ең төмен және ең биік жатқан жерін көрсетеміз
9. Жер бедерінің басты ерекшеліктері

ІІІ Жаңа сабақ
Жердің және жер қыртысының жасын, олардың даму кезеңіндегі ірі оқиғалардың уақытын анықтай білудің маңызы зор.
Қазіргі кезде жердің даму тарихы ғаламшарлық (планеталық) даму кезеңі және геологиялық даму кезеңі болып екіге бөлінеді.

Жердің ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш ғаламшар болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа ғаламшарлардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасқан. Жер Күн жүйесіне енетін 9 ғаламшардың бірі екенін сендер 6 - сыныптан білесіңдер. Ол бұдан 4, 5 – 4, 6 млрд. жыл бұрын пайда болды. Жерді құрайтын алғашқы заттар есебінен литосфера, гидросфера және атмосфера қабаттарының (шамамен 3, 7 – 3, 8 млрд. жыл бұрын) қалыптаса бастау мерзімімен бұл кезең аяқталды.

Жер қыртысының алғашқы нышандары пайда бола бастағаннан жердің геологиялық даму кезеңі басталды. Жердің геологиялық даму кезеңі – Жер қыртысының алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта әр түрлі тау жыныстары түзіледі. Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет күшті қозғалыстарға ұшырап отырған. Бұл қозғалыстар жер қыртысының күрделі тау жыныстарының түзілуіне ықпал еткен. Екінші жағынан, тау жыныстары сыртқы күштер әсерінен ұдайы үгіліп отырған. Үгілген борпылдақ жыныстар бір орыннан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде шөгінді жыныстарының жаңа қабаттары қалыптасқан. Жердің терең қабаттарында пайда болған өте жоғарғы температурада жер бетіне жарықтарды бойлай көтерілуі нәтижесінде жанартаулар пайда болған. Оның сыртқа төгілген лава жыныстары біршама жерге таралған. Мұны эффузиялық тау жыныстары дейді.

Магманың жер бетіне шықпай қалған бөліктері жер астында бірте - бірте сыбағалы салмағына қарай суынып қатайған, сөйтіп олардың есебінен интрузиялық магмалық тау жыныстары қалыптасқан. Осылайша, Жер қыртысының алғашқы құрамы біртіндеп күрделене түседі. Бұл үрдіс тұрақты түрде байқалады. Материктердегі ойыстар мен теңіздер түбіндегі шөгінді жыныс қабаттарында әр түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тасқа айналған қалдықтары ұшырасады. Бұл әрбір геологиялық дәуірдің тек өздеріне ғана тән органикалық әлемі болғандығын көрсетеді.

Тау жыныстарының жасын анықтау. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу (геохронология) әдістерін пайдаланады.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Бұл заңдылық дәлелдеуді қажет етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та түзіле алмайтыны түсінікті.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ежелгі геологиялық дәуірлерде өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын зерттеудің маңызы зор. Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында ең қарапайым түрлерден басталып, ең күрделі түрлерге дейін дамып жетілген. Сөйтіп, ғалымдар Жер бетінде өмір сүрген органикалық дүниенің қазба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен құрылысын зерттеу негізінде Жердің даму тарихын бір жүйеге келтірді. Геохронологиялық жержылнамалық кесте жасалды. Ол 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Бұл кесте ғылымның дамуымен ұдайы жетілдіріліп отырылады.
Жер қыртысының даму тарихындағы ұзақ кезеңдерге топтастырылған эралар. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең алғашқы тіршілік бастамасы – Жердің көне тарихына байланысты. Бұл уақыт архей (грекше «археос» – көне тіршілік деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой (грекше «протерос» – алғашқы), палеозой (грекше «палеос» – ескі), мезозой (грекше «мезос» – орта), кайнозой (грекше «кайнос» – жаңа) болып бөлінеді.

Геохронологиялық жержылнамалық кестедегі кезеңдердің атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті жер атауларына (кембрий, девон, пермь, юра) немесе халықтардың атына (ордовик, силур), жыныстардың құрамына (тас көмір, бор) байланысты аталады. Хронологиялық кестенің жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карталарда индекстері (белгілері), оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, архей – AR), кезеңдердің индекстері оның латынша атының бірінші әріптерімен белгіленеді (мысалы, пермь – Р).

Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар ХХ ғасырдың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ қашан да тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Ыдырау жылдамдығы Жер жаралғаннан бері өзгермейді деп саналады.

Радиоактивті ыдыраудың нәтижесінде уақыт өткен сайын радиоактивті алғашқы элементтердің атомдары азайып, әрі қарай ыдырамайтын тұрақты атомдар мөлшері көбейе береді. Мысалы, уран (торий) ыдыраған кезде қорғасын атомдары түзіледі. Уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады, 100 грамм ураннан 74 млн жылда 1 грамм қорғасын бөлінеді.
Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды.
Салыстырмалы және абсолютті жыл санау әдістері негізінде жасалған геологиялық уақыт шкаласы геохронологиялық жер жылнамалық кестені құрастыруға мүмкіндік берген.
І
V Сабақты бекіту
1 - тапсырма Ұяшықтар арқылы әр топқа сұрақ қою
2 - тапсырма венн диаграммасын салыстыру

Салыстырмалы есептеу мен абсолютті есептеуді Венн диаграммасы бойынша
Айырмашылығы
Ұқсастығы
Айырмашылығы

Салыстырмалы есептеу Абсалютті есептеу

V Қорытындылау
VІ Оқушыларды бағалау
VІІ Үйге тапсырма
1. Жұмыс дәптерді толтыру
2. Геохронологиялық кестені жаттау

Алматы қаласы, Алмалы ауданы6
№147 гимназиясының география пәні мұғалімі
Керимшеева Береке Рысказиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 366
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Биік таулы өлкелер
Биік таулы өлкелер
Қазақстан биік таулы өлкелері туралы, биіктік белдеулер және табиғат ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Жердің даму кезеңдері, тау жыныстарының жасын анықтау туралы білім беру. Геохронологиялық кестемен таныстыру.
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ - нің география пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×