Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқшы ата - киелілер ордасы

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Оқшы ата - киелілер ордасы
Қойнауы құпияға толы Сыр өңірінде көненің көзі де, бүгіннің өзі де бар. Қасиетті Сыр топырағы бүкіләлемдік тарихта өзіндік орны бар өлке. Ата - бабамыздың ежелден кіндік қаны тамып, ұрпағын өрбіткен киелі мекенінде бүгінгі кезеңде жадыңнан өшпейтін асылдың сынағындай небір мұраларымыз бар. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи мұраларды қорғау - халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз.

Осы бағытта тарихи - археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай - ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде біршама іс - шаралар жүргізіліп отыр. Міне, осындай мұрағаттардың бірі - Оқшы Ата мазары, ал тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол оғыз - қыпшақ заманының жәдігері болып табылады. Кезінде ұланғайыр іс тындырып, тіршілікке тұтқа бола біліп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі еткен ұлы бабалардың аманатына адалдықты сақтау адамдық та, азаматтық та асыл парызымыз.

Шиелі жерінде Жөлектен 7 шақырымдай жерде тұрған ескерткіш - Оқшы Ата. Сыр бойы халқы Оқшы Атаны әулие санайды. Бұл оны Ысқақ бабтың баласы деп танығандықтан туған ұғым болуға тиіс. Оқшы түркі тайпаларының арасына ислам дінін таратқан әулие болып шығады. Оқшы батырдың шын аты Көген түп екен. Елден қыз қоймай қалмақ батыры оның қарындасына да қол салмақ болады, сонда Оқшы Ата арпаның қылтығымен атып, қалмақ батырын өлтіріпті. Содан Оқшы батыр атаныпты.
Оқшы Ата ескерткіші көп зерттеуді қажет етеді. Ол туралы тарихи мәліметтер өте аз, ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Бірақ Оқшы Ата қала орнының көне дәуірлерден болғандығы даусыз. Олай болса, сыр қалаларын IX - XI ғасырлардағы оғыз - қыпшақ тайпаларының мәдениетімен сабақтастыра зерттеу қажет.
Кейбір әңгімелерде бұл мазарды қалмақтарды салғаны туралы айтылады. Бірақ бұл жаңсақ пікір. Тарихи айғақтарға жүгінер болсақ, Оқша Ата қорымында аты шулы Асан қайғы, XIX ғасырда. ғұмыр кешкен Досбол датқалардың сүйектері жатыр. Оқшы бабамыз X - XI ғасырларда оғыз ұлысы немесе Қазан Салардың хандығы кезінде өмір сүрсе, онда мазарда жатқан сол ұлы бабамыздың бейіті XI - XII ғасырдың ескерткіші деп айтқан дұрыс.
Оқшы Ата әулиелер мазарының тарихы сонау арыдан басталады. Кейбір ғылыми деректерге ден қойсақ, осы қасиетті мекеннің бұдан мың, мың жарым жыл бұрын - ақ бабаларымыздың жамбасы тиген жер екені байқалады.
Ғұлама ғалым Әуелбек Қоңыратбаев атап көрсеткендей, ХІҮ ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқты кесенесін Ақсақ Темір салғанға дейін осы Оқшы Ата жері ежелгі Тұран, Оғыздар мен Түркі - қыпшақтарының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешендерін жерлеген қорымы болған екен. Оқшы Ата, Есабыз, Асан Ата, Ғайып Ата, Қыш Ата, Досбол би - сияқты ұлылар - халық зердесінде қалып отыр.
Сыр бойы халықтарының тарихы, біздің ата - бабаларымыздың тарихы. Оқшы Ата бабамыз ғұлама ғалым Ә. Қоңыратбаевтың дәлелдеуі бойынша XI ғасырда өмір сүріп, осы өңірді жаудан қорғаған батыр болған. Халық қамы, халық болашағы үшін арпалысып өткен ұлы тарихи тұлға.
Ә. Қоңыратбаев: «Оқшы - Оғыз - қыпшақтың ұлы ханы Қазан Салардың батыры, әрі қару - жарақ соғатын ұстасы, шебері еді» - дейді. Ғалым бұған қоса Оқшы Ата 1043 жылы қайтыс болып, қазіргі өз атымен аталатын «Оқшы Ата» мазаратында жерленген деген тұжырым жасайды.
Әуекең айтқандай Оқшы атаның ұстаханасы болған Бестам қазіргі «Жиделі» өндірістік кооперативінің теріскей жағасындағы мәдениеті өркендеген сол кездегі ұлы Жібек жолы бойына орналасқан қалашық Бестам – Бастам аталған. Мұның өзі Оқшы қыпшақ кезінде басты елді мекен болғанын бірден аңғартып тұр.
Қандай болған күнде бұлтартпайтын шындық сол, Оқшы бабамызды аса киелі, әруақты адам екендігі, ондаған ғасыр бойы қасиетті мекеннің «Оқшы Ата» аталып, халық әруағына бас иіп, табынып, осынау құрмет
ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, киелі орынға айналып келуі тегін емес.
Қазақ ауыз әдебиетінің аса білгірі, профессор Әуелбек Қоңыратбаев Оқшы атаны оғыздар дәуірінің ұрпағы санайтын. Ал халық нақылында бұл кезең қазақты қансыратқан Сыр бойындағы қалмақ хандығының тұсы деп айтылады Ол қазақтың малға да, жанға да ие бола алмаған кезі еді. Қалмақ ханы қазақтардан күніне бір екі мал, өрімдей жас қызын алдырып отырады екен. Өзі бір ұсқынсыз, бақаның денесіндей беті бұжыр – бұжыр болыпты. Онысын өзіне білдірейін деп ауыл адамдары асқа шақырып, шарайна алдырып бір – бірінің келбетін көрісіп ханға қарай ысырыпты. Кезегі келген хан айнаға қарамастан ажарлылар ажар базарына кеткенде, мен бақ базарына кеткенім деп айнаны өзінен өткізіп жіберіпті. Сірә, бұл сөзіне қарап, қалмақ халқының ақылсыз еместігін тануға да болады. Қалмақ халқының жер қайысқан қолы болған. Хан хақарлы болған соң тәртіп те күшті екен.
Сол ғасырда бір қария қызына серік қылып Көгентүп есімді жетім баланы асырап алады. Көгентүп өзге балалардай емес, зерек бірақ тұйық болған екен. Кейін өсе келе Түркістан маңынан, арпа орып алып келіп жүреді. Бір күні таңертең шал Көгентүпке:
- Шырағым, сен кетіп бара жатырсың, кезек біздің қызға да жақындап қалды. Қалмақ ханы сен кеткен соң жалғыз қызымызды алып кетсе не істейміз?- дейді.
Сонда әлі балаңдау Көгентүп тұрып:
- Нақ солай қарындасымды алып кетіп жатса, менің есімімді үш қайтара атаңыздар, бір амалын істермін, - деп арпа алып келуге жол тартып кетіпті.
Бірер күн өткен соң Қалмақ ханы шал мен кемпірдің қызын алып келуге бұйырады. Ханның шабармандары кемпір шалды шулатып қызды алып кетеді. Қыздан айырылған қариялар жылап отырып, Көгентүпті еске алады, баланың айтқаны бойынша, Көгентүп есімін үш рет қайталайды. Осынау көш жердегі қариялардың жан айқайы Түркістанда арпа орып жүрген Көгентүптің құлағына шалынады. “ Не де болса зәбір қалмақ ханынан келді – ау” деп ойлаған Көгентүп өсіп тұрған арпаның қылтығын алақанына салып құран оқып, жебе етіп, “Құдайдың оғы болып атыл” деп үрлеп жіберген екен. Сонан қалмақтың ханы өліп, басшысыз қалады. Басшысыз қалған қалмақ әскерлерінің абдыраған сәтін пайдаланып, қазақ батырлары мен сарбаздары жау әскерлерін тықсыра қуады, ойсырата жеңеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 868
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіреді, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіре отырып, зерттейді.
Асан қайғы - дала данышпаны
Асан қайғы - дала данышпаны
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 1 орта мектебі ММ Мұражай жетекшісі: Кенесова Гулмира Кистаубаевна
Бекет ата "Аңыз бен ақиқат"
Бекет ата "Аңыз бен ақиқат"
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі Орындаған: Есжанов Жарылқасын Кенжебайұлы 10 сынып оқушысы Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
М.Әуезов "Абай жолы" романындағы әйелдер образы
М.Әуезов "Абай жолы" романындағы әйелдер образы
Арыс қалалық білім бөліміне қарасты М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әмірхан Құрманай Темірханқызының «М.О.Әуезов «Абай жолы» романындағы әйелдер образы» атты ғылыми ізденіс жұмысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×