Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқу орындарына Wi-Fi керек пе?

22 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырып: Оқу орындарына Wi-Fi керек пе?
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми - техникалық әлеумет және оның өзін - өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің» белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты.

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, ғаламтор желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез - келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Зерттеудің жұмысының мақсаты: бұл жоба оқу орындарындағы білім алушылар Wi - Fi – дың пайдасы мен зияндылығын анықтау.

«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Сонымен қатар бүкiләлемдiк желiнi пайдалануа Wi - Fi желісі ақпарат жеткізуде көп пайда кiргiзіп, кең таралуда. Осы технологияның арқасында ғаламторға жылдам кіріп қолдануға болады. Wi - Fi – дың ерекшелігі бір - бірімен сымсыз байланыса отырып, оқу орындарында мобильді құрылғылары және планшет, ноутбук бар, білім алушылардың барлығы қолданады. Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.

Зерттеудің міндеті:
4. Оқу орындарында Wi - Fi - дың тиімділігін анықтау
5. Wi - Fi - дың адам денсаулығына әсері.
6. Адамға Wi - Fi - дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау тал жапырақтары әдеттегіден түсін өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.
Осы тақырыпқа байланысты көптеген баяндамалар қарастырылған, ғалымдардың тұжырымдауынша Wi - Fi жилігінің зияндылығын ғана емес, онымен қоса GSM стандартты желісінде дәлелдеді.

Бірақ оқу орындарына Wi - Fi керек пе? Оны қолдану қауіпсіз ба? Қауіпті аймақта
кімдер болады? Оның зиянды сәулелерінен қалай қорғануға болады?
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз.

Осы мәселені жан - жақты зерттеу үшін, сауалнама, сұрақ - жауап, теориялық сараптама, математикалық және статистикалық әдістерін қолдандым.
Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды.
Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Негізі бөлім
2. 1. Wi - Fi деген не? Wi - Fi – дың адамдарға қандай әсері бар.
XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Визуалдық ақпараттар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік, техникалық жабдықтардың дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер.

Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, бірақ солардың ішіндегі ең танымалы - Wi - Fi технологиясы.
1991 жылы Wi - Fi - ды В. Хейздер Нидерландыда ойлап тапты. Бұл сауда - саттық салаларын қамту үшін әзірледі. Wi - Fi өзінің жылдам таралуының арқасында әуежайларға, кеңселерге, мемлекеттік орындарға, кафе - балаларға және қонақ үйлерге тез енді. Бұл құрылғы төмен жиіліктегі 2, 4 Гц - ке толқынды шығарады.

Wi - Fi ағылшынның Wireless Fidelity - сымсыз дәлдiк) сандық деректерді беру форматы болып табылады. Өзге тілде айтқанда - бұл қарапайым және сымдар, розеткалар, қалалық телефондар және осыған ұқсас ескірген құрылғыларды қолданбай, ноутбукпен (Wi - Fi байланысымен жабдықталған басқа құрылғылар) бүкіләлемдік ғаламтор желісіне қол жетімді әдіспен байланыс орнату болып табылады.

Ал Wi - Fi аймағында қалай жұмыс істеуге болады? Wi - Fi - шағын қашықтықтарға арналған және жылдамдығы жоғары технология. Wi - Fi желісі қосылу нүктелерінен құралады. Әрбір анықталған орында «кіру нүктесі» (Access Point) орнатып нүктенің төңірегінде, 50 - 100 метрдей радиуста хот - спот немесе Wi - Fi аумағы деп аталатын аумақтар құрылады. Ғаламторға кіру үшін осы нүктелердің радиусына кірсеңіз болды, ғаламтор баптаулары автоматты түрде жасалған. Бірақ та, Wi - Fi нүктелері құпиясөзбен қорғалған болса, интернетке шығу үшін Сіз ол құпиясөзді білуіңіз керек.

Wi - Fi белгісін сымсыз желілер қойылған орындарында табуға болады. Бұл барлық дамыған мемлекеттерде қабылданған бүкіләлемдік стандарт. Қазіргі уақытта көптеген ноутбуктар қалта компьютерлері, смартфондар, коммуникаторлар және басқа да шығарылып жатқан портативті құрылғылар Wi - Fi мен қамтылған. Атап айтатын болсақ барлық үйде, оқу орындары мен дәмханаларда, қонақ үйлер мен саябақтарда, вокзалдар мен әуежайларда Wi - Fi аумақтары жұмыс істейді. Заманымыздың ағымына ілескен әрбір азаматқа мобильді девайс және ғаламтор арқылы әңгімелесетін досы болса, жетіп жатыр.
Егер сіздің электронды досыңызда осындай тиімді функция болса, әлдеқайда ыңғайлы. Егер ноутбукта Intel® CentrinoTM логотипі болса немесе құрылғының техникалық жазбаларында IEEE 802. 11, стандартын көтере алады делінген болса, онда бұл компьютерде тұрақты Wi - Fi бар және қосымша құрылғылар қажет емес деген сөз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 291
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Жиенбаева Айгүл Елеуқызы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №55С. Қожанов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі І - санатты мұғалім
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы №98 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садықова Сабира Елбосынқызы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×