Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесі

15 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
«Айтып берсең, ұмытып қалармын,
көрсетіп берсең, есте сақтармын,
өзіме жасатсаң, үйреніп алармын.»
Шығыс нақылы.

Қазіргі таңда білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. ХХІ - ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалім - тек пән мұғалімі ғана емес, ол қоғам айнасы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесі - білімді терең меңгертуге кепілдік бермей отыр, сондықтан жаңаша ақпараттық технология қажеттілігі туындап отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ақпараттық технология – бұл нысандар мен үрдістерді дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, сурет бейне, графика, айналма, дыбыс, яғни бүгінгі күні бәрімізге таныс формаларды беру. Бұл жағдайда біз екі негізгі - сапалық және сандық басымдылыққа ие боламыз. Егер сөзбен сипаттауды аудио визуалдық ұсыныммен салыстырсақ, сапалық артықшылыққа бірден көреміз. Сандық басымдылық ақпараттық тығыздығының жоғары екендігін көрсетеді.

Ақпараттық технологияны қолдану әдістемесі:
1. Оқытудың басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады. Оқудың мотивациясын күшейтеді.
2. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады.
3. компьютер тек ойын құралы емес, басқа да мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді.

Ақпараттық технологияны пайдаланған сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы білімге деген, оның ішінде пәнге деген ынтасын арттыру;
- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс – тәсіл деп қарауға болады. Ақпараттық бағдарлама ақпаратты әр түрлі формада ұсынады, сондықтан оқыту үрдісін ізгілендіре түседі. Сабақта ақпараттық технологияны қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін.

Бұл жағдайда мотивациялау кезеңі арта түседі және танымдық жүктеме береді. Бұл оқушылардың шығармашылық іс әрекетін, білімінің кем тұсын толықтыруға қызығушылықтарын арттыратын оқытудың қажетті жағдайы.

Гипермәтіндік айналма қолдану арқылы жасалатын презентациялар аналитикалық, жүйелік ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар презентацияның көмегімен фронтальды, топтық, жеке сияқты әр түрлі танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру формаларын қолдануға болады. Сондықтан презентация сабақтың үш дидактикалық мақсатына сай келеді:

Білімділік сипаты: Оқушылардың оқу материалын қабылдауы, нысандардың байланысы мен қарым - қатынасын зерделеу.
Дамытушылық сипаты: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін арттыру.
Тәрбиелік сипаты: Ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, жолдастық сезімге, өзара көмек беруге тәрбиелеу.
Артықшылығы: Презентациялық сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта сабақ үстінде оқушыларын өз ойын ашық айта алады, тапсырманы ынтамен орындайды, қосымша керек материалдарды пайдалана алады, басқа да пәндермен байланыса алады.
Ерекшеліктері: 1. Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі - түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер тез арада жөнделеді, сабақтың өнімділігі артады, пән аралық байланыс орнайды.

2. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарап презентацияда гиперсілтеме қолдана отырып, бір материалды толығымен де және тек негізгі сұрақтары бойынша ғана түсіндіруге болады.
3. Ақпараттық технологияны қолданушы логикаға көп жүгінеді, бұл оқушыға оң әсер береді.
4. Компьютерге оқушының қызығушылығы артады, ол адамзат барлық салада қолдана алатын әмбебап құрал ретінде қабылдай бастайды.

Қорыта айтқанда, Оқушылар өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын мүмкіндік ашылады. Оқушыларға ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Алған білімдерін іс жүзіне қалай қолдану керектігін тереңірек түсінеді, белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс жасау сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.
3 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру
Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі Баяндамашы: Информатика пәнінің мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна
ІТ – технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары
ІТ – технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары
Т. Рысқұлов ауданы, М. Горький атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Сейтниязова Венера Азизуллаевна
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы №98 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садықова Сабира Елбосынқызы
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×