Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоғамға керек мамандық

29 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қоғамға керек мамандық

Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан - жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар, жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік, діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс.

Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын.

Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазақстанда «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.),, Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті (Түркістан қ.), «Нұр» Египет Ислам мәдениеті университеті (Алматы қ.) ғана мамандар даярлауда.
Дінтану мамандарын даярлау бойынша «дінтану пәнінің оқытушысы», «ислам теологиясы бойынша сарапшы», «христиан теологиясы бойынша сарапшы», «жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы», «мемлекеттік дін қатынастары бойынша сарапшы» секілді бейіндік бағыттары қалыптасқан.
Аталған мамандану бейіндері әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде толығымен қамтылған. ҚазҰУ - де сонымен қатар дінтану магистранттары болашақта өндіріске жіберілетін бейіндік бағыт, ғылыми қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми - педагогикалық бағыт бойынша да даярланады. Қазіргі таңда Республика бойынша білімі жоғарғы дәрежелі университеттердің бірі – әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Философия және саясаттану факультеті,
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Майданов Санжар
Ғылыми жетекші: Борбасова Қарлығаш
2 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық- Дінтану мамандығы. Бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес. Бесінші пән ретінде
Дінтану мамандығы
Дінтану мамандығы
Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни
Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор
Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор
Дінтанудың дамуындағы маңызды кезең діни жүйенің өзі болып саналды. Полемикалық діни ілімнің дамуы христиан және ислам дін ілімдері аясында ауқымды база қалыптастырды. Дінтану ғылымы әрбір діни жүйенің зерттеуге күрделі феномен екендігін мойындауы
Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық
Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық
Дінтану – діндердің пайда болуын, дамуын, қызмет ету заңдылығын, оның құрылымы мен түрлі компоненттерін, көпқырлы феномендерін, қоғамдағы орнын, діндер мен мәдениеттің салаларымен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін зерттейтін мамандық.
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде Елімізде дінаралық келісімділік пен сұхбатты үйлесімді дамыту үшін елімізде білімді де білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туындады. Міне осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 1999 жылы ҚазҰУ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×