Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор

20 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор
Дінтанудың дамуындағы маңызды кезең діни жүйенің өзі болып саналды. Полемикалық діни ілімнің дамуы христиан және ислам дін ілімдері аясында ауқымды база қалыптастырды. Дінтану ғылымы әрбір діни жүйенің зерттеуге күрделі феномен екендігін мойындауы қажет. Бұл әлеуметтік өмірдің ғылыми объективтілігін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ, дінтану ғылымы зерттеу тақырыбын тарихи - мәдени тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік беретін қолжазба, кітап, мәтін түріндегі нақты материалдарды қолданудың маңыздылығын назарға алуды талап етеді.

Дінтану ғылымы қоғам мен мемлекеттің дүниетанымдық сұраныстары нәижесінде қалыптасты. Мысал ретінде кейбір елдерде ғылыми - философиялық әдістердің орнына саяси секуляризм феномені қолданылғанын айтуға болады. Бұл дінтану ғылымын субъективті көзқарастармен шектей тұрғанымен, оның дамуына да белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Қазақстанда қалыптасқан ғылыми дәстүр ерекшеліктері дінтану пәнінің дамуына өзіндік ықпалын тигізіп отыр. Еліміздегі дінтану ғылымы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті қабырғасында «Дін және еркін ойлау» мамандығы ашылған 1992 жылдан бастау алады. Қазақстанда дінтану бакалавры мен магистранттарын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Нұр - Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті мен Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дайындайды. Ал Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті әзірге бакалавр мамандар даярлаумен шектелуде. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Нұр - Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеттерінде дінтанудың PhD докторын дайындау бағдарламасы іске қосылған. Өзара пікірлесу және ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасу алаңына айналған «Дінтанушылар форумы» негізінде жүргізілетін жұмыс та маңызды болып табылады. 2011 жылдан бері Қазақстандағы діндерді зерттеу саласындағы өзекті проблемаларға өзіндік ықпалын тигізген осындай төрт форум өткізілді. Қазіргі кезеңдегі отандық дінтануды зерттеудің ерекшелігі XVIII ғасырдан тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдегі діни дәстүрлер феноменін ұғынумен байланысты дамуда. Діндерді рухани мәдениет феномені ретінде қарастыру, діни қауымдардың өзара толерантты қарым - қатынастарын және Қазақстандағы дінтанулық білімді дамыту бағыттары ғылыми зерттеу тұрғысынан танымалдыққа ие болып отыр. Дінтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасқанына 145 жыл толған бүгінгі кезеңінде дінтану ғылымы ой еркіндігі, ғылыми әдеп және зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылғаны жөн деген пікірдеміз.

Бүгінде ҚазҰУ тек қана республикалық емес, Орталық Азия аймағында халықаралық білім беру орталығы және әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты бағыт - бағдары, ұстанымы бар жоғары оқу орны. Мұнда дінтану және мәдениеттану кафедрасы. Кафедра тарихы 1949 жылы философия және экономика факультетнің ашылуымен басталған. Кафедрамызда дінтану мен мәдениеттану мамандықтары бойынша бакалавр, магистратура және докторантура оқуларын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік бар. Өмірдегі ең жауапты істердің бірі – болашақ мамандығыңды таңдау. Осыған орай мен сіздерді әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығына оқуға түсуге шақырамын. Дінтану – елімізде жаңадан ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген. Мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады: – Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында; – ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері; – Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни - философиялық мәселелері бойынша ғылыми - зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер; – Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары; – Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т. б.) қатыса алады.

Бакалаврлар дінтанудың төмендегідей бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтеді: Дін тарихы, Ислам теологиясы, Христиан теологиясы, Құран және Құран ілімі, Дін философиясы, Дін әлеуметтануы, Дін психологиясы, Дін антропологиясы, Дін этика мен аксиологиясы, Дін және өнер, Дін және мәдениет, Еркін ой және дін, Дәстүрлі емес культтер мен эзотериялық ілімдер, Қазақстандағы дін мен мемлекет арақатынасы, Қазақстандағы ислам, Қазақстандағы православие.

Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни - мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.

ҚазҰУ 4 курс студенті
Алпысбай М. А.
Ғылыми жетекші:
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі,
профессор Құрманалиева А. Д.

Дінтану мамандығы – қоғамның тыныштығын орнатушы фактор. жүктеу
Бізге қоғамның тыныштығы маңызды. жүктеу
2 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық!
Мен таңдаған мамандық- Дінтану мамандығы. Бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес. Бесінші пән ретінде
Қоғамға керек мамандық
Қоғамға керек мамандық
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл -
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе? Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км
Дінтану мамандығы
Дінтану мамандығы
Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни
Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық
Дінтану - зерттеушілік ізденіске негізделе дамытылған мамандық
Дінтану – діндердің пайда болуын, дамуын, қызмет ету заңдылығын, оның құрылымы мен түрлі компоненттерін, көпқырлы феномендерін, қоғамдағы орнын, діндер мен мәдениеттің салаларымен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін зерттейтін мамандық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×